Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жоспарлы тексеру - кемінде бір жылда бір рет, ал шағын кәсіпкерлік субъектісіне - кемінде үш жылда бір рет жүргізілуі мүмкін.
Мемлекеттік орган жоспарлы тексеру белгілеген кезде, тексерілетін субъектіге тиісті тексеру туралы екі аптадан кешіктірмей хабарлауға міндетті.
Жеке немесе заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының міндетті талаптарын бұзғандығы туралы шағым жасағанда, сондай-ақ құжаттармен және осындай бұзушылықтардың белгілері бар екенін куәландыратын өзге де дәлелдемелермен расталған өзге ақпарат алынған жағдайларда жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Иесі бүркемеленген өтініштер жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз бола алмайды.
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъект Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда, уәкілетті орган:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге бұзушылықтарды жою туралы орындалуға міндетті ұйғарымды жібереді;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектіні (оның лауазымды адамдарын) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту үшін қажетті шараларды қолданады.
4. Мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.
21-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев | |
Астана, Ақорда, 2008 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 114-ІV ҚРЗ