2. Ғылыми зерттеулер нәтижесiнде әзiрленген немесе жетiлдiрiлген ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн анықтау мақсатымен олар байқаудан өткiзiлуге тиiс.
3. Микроорганизмдердiң Қазақстан Республикасында бар, сондай-ақ ғылыми зерттеулер нәтижесiнде, жануарлар ауруларының диагностикасы кезiнде алынған штаммдары ветеринарияда пайдаланылатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясында сақталуға тиiс.
34-бап. Ветеринария мамандарын даярлау және
олардың біліктiлiгiн арттыру
Ветеринария мамандарының біліктiлiгiн арттыру жөніндегі бағдарламалар ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен мiндеттi түрде келісілуге тиiс.
6-тарау. Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария туралы
заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
35-бап. Ветеринарияны қаржыландыру көздерi
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Мыналарды қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады:
1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстауға арналған шығыстар;
2) мемлекеттік ветеринариялық мекемелердi ұстауға арналған шығыстар;
3) ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлiмшелерiн ұстауға арналған шығыстар;
4) мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялауды және ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
5) жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн алып қойылған жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты жою;
6) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың иелерiне олардың құнын өтеу;
7) ветеринарияда пайдаланылатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекцияларын сақтауға арналған шығыстар;
8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерi иелерiнiң есебiнен мынадай ветеринариялық iс-шаралар орындалады:
1) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды байқаудан өткізу, серияларын бақылау және оларға тiркеу сынағын жүргiзу;
2) ауыл шаруашылық жануарларын, базарларды, ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарды бiрдейлендiру рәсiмi;
3) базарлардағы ветеринариялық-санитариялық сараптама;
4) дегельминтизация, дезинсекция, деразитация, дезинфекция (мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі дезинфекцияны қоспағанда);
5) жануарлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген аса қауiптi ауруларын қоспағанда, жануарлар ауруларын емдеу, олардың профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) түceтін қаражатты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бюджеттiң кiрiсi есебiне аудара отырып, ветеринариялық-санитариялық қорытынды мен ветеринариялық куәлiктiң бланкiлерiн беру.
36-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы
заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
2. Айыппұлдар салу не өзге де жаза қолдану кiнәлi тұлғаларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен залалды өтеуден босатпайды.
37-бап. Осы заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мал дәрiгерлiгi туралы" 1995 жылғы 25 шiлдедегi № 2376 заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 14, 94-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 24, 443-құжат; № 23, 931-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының