Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1077 және 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1203 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 730 Қаулысы
(2010.14.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1170 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2010.14.04. № 302 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1203 қаулысына (2009 жылғы 31 қаңтардағы № 38-41 (25438) «Егемен Қазақстан»):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында;
«Ағымдағы жағдайды талдау» деген 3-бөлімде:
«Азаматтар мен ұйымдарды ақпараттық-коммуникациялық технологияларды күнделікті тұрмыста кеңінен пайдалануға көшіру» стратегиялық бағыты бойынша» деген 3.3-кіші бөлімде:
«өткізілетін іс-шараларда» 2), 3), 6) тармақшалар алынып тасталсын;
«Халыққа және ұйымдарға мемлекеттік электрондық қызмет көрсетулерді ұсыну» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінде айқындылықты сапалылықты және тиімділікті жоғарылату» деген 1-мақсатта:
«2009 жыл» деген бағанда «10» деген сандар «2» деген санмен ауыстырылсын;
«міндеттерде» және «көрсеткіштерде»;
«Азаматтарға, ұйымдарға мемлекеттік электрондық қызмет көрсетуді әзірлеу» деген 2-жолда «бірыңғай ақпараттық жүйеде «электрондық үкімет» шлюзімен интеграциялау есебінен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік электрондық қызмет көрсетудің тиімділігін қамтамасыз ету (2009 - 2010 жылдар);» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік саны 4, 5 және 6-жолдар алынып тасталсын;
«Халықты және ұйымдарды қол жетімді және сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету» деген 2-стратегиялық бағытта:
«Халық және бизнес үшін телекоммуникациялық және почта байланысы қызметтеріне қол жетімділікті арттыру» деген 1 -мақсатта:
«Почта байланысының типтік бөлімшелерінің санын ұлғайту» деген 5-жолдың «2009 жыл» деген бағанында «88» деген сандар алынып тасталсын;
«Азаматтар мен ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды күнделікті тұрмыста кеңінен пайдалануға көшуі» деген 3-стратегиялық бағытта:
«Халықтың компьютерлік сауаты мен ІТ-мамандарының даярлық деңгейін арттыру» деген 2-мақсатта:
«Халықтың жалпы санынан 20%-ға дейін компьютерді пайдалану дағдысы барлардың санын қамтамасыз ету» «4,3%» «5,7%» «5,7%»« - » « - » деген жол алынып тасталсын;
«міндеттерде» және «көрсөткіштерде»:
«Халықтың компьютерлік сауатын ашуға оқытуды үйлестіру және оларды сертификаттау» «Оқыту және сертификаттау (мемлекеттік қызметкерлер, балалар үйінің қызметкерлерімен тәрбиеленушілері, мектеп, колледж, ЖОО түлектері, ұлттық компаниялар қызметкерлері мен халықтың өзге де санаты)» «853 864 адам (5, 7 %)»« -»« -» деген 1-жол алынып тасталсын;
«Агенттіктің функционалдық мүмкіндіктері мен ықтимал тәуекелдері» деген 5-бөлім мынадай мазмұндағы 8), 9), 10), 11), 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) ХҚКО ШАЖ құру, «электронды-үкіметтің» веб-порталы мен шлюзін құру және ЖАО АЖ-ның «электронды үкіметтің» веб-порталымен бірігуі жобалары бойынша қаржыландырудың болмауы;
9) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне аудит жүргізуге қаржыландырудың болмауы;
10) Деректерді өңдеу орталықтарын құруға қаржыландырудың болмауы;
11) Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасын қаржыландырудың болмауы;
12) IТ-университетін құру жөніндегі іс-шаралардың ішінара қаржыландырылуы.»;
«Бюджеттік бағдарламалардың тізбесі» деген 6-бөлімде:
«е-әкімдіктер мен е-үкімет инфрақұрылымының интеграциясы жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу» деген 019-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |