6. Аталған ұйымның қызметіне басшылықты мүліктік құқықтары басқарылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелері жүзеге асырады. Сыйақының мөлшеріне және пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу ережесіне, жиналған сыйақыны бөлу және төлеу тәсіліне және мұндай ұйым қызметінің өзге де принципті мәселелеріне қатысты шешімдер қабылдауды тек қана авторлық және сабақтас құқықтар иелері жалпы жиналыста алқалы түрде жүзеге асырады.»;
10) 44-баптың 2-тармағының екінші сөйлемі алып тасталсын;
11) 45-бапта:
4) тармақшадағы «3-тармағында» деген сөздер «3) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «4-тармағына» деген сөздер «4) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«46-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың міндеттері
1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның қызметі мұндай ұйым өкілі болатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің мүддесіне сай жүзеге асырылады. Бұл мақсатта ұйым:
1) авторлық және сабақтас құқықтардың иелеріне сыйақы төлеумен бірге олардың құқықтарын пайдаланғаны туралы, оның ішінде жиналған сыйақы мөлшері туралы және одан ұсталған сомалар туралы мәліметі бар есептер беріп тұруға;
2) осы Заңның 45-бабы 4) тармақшасының ережелеріне сәйкес жиналған сыйақыны авторлық және сабақтас құқықтардың иелеріне бөлу және төлеу үшін пайдалануға міндетті. Бұл ретте ұйым жиналған сыйақыдан өзінің мұндай сыйақыны жинауға, бөлуге және төлеуге кеткен нақты шығынын өтеуге қажетті соманы, сондай-ақ өзі өкілі болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің келісімімен және солардың мүддесіне сай сол ұйым құрған арнайы қорларға жіберілетін соманы ұстап қалуға құқылы;
3) жиналған сыйақы сомасын осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген сомаларды шегере отырып, туындылардың және сабақтас құқықтар объектілерінің нақты пайдаланылуына қарай барабар бөлуге және ұдайы төлеп отыруға міндетті. Бұл ретте ұйым осы ұйым жасасқан лицензиялық шарттарға және сыйақы төлеу туралы шарттарына сәйкес сыйақы алуға құқығы бар құқық иеленушілерді белгілеу бойынша ақылға қонымды және жеткілікті шаралар қабылдауға міндетті;
4) құқық иеленушілер туралы, оған басқаруға берілген құқықтар туралы, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтар объектілері туралы мәліметтер қамтылған тізілімдерді қалыптастыруға міндетті. Заңға сәйкес құқық иеленушінің келісімінсіз жария етуге болмайтын мәліметтерді қоспағанда, мұндай тізілімдерде қамтылған мәліметтер барлық мүдделі тұлғаларға ұсынылады;
5) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметі туралы пайдаланушыларды хабардар ету мақсатында интернет-ресурс құруға;
6) авторлық немесе сабақтас құқықтар объектісінің атауын, автордың немесе өзге құқық иеленушінің есімін қоса алғанда, өзіне басқаруға берілген құқықтар туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыруға;
7) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін сыйақы жинау, бөлу және төлеу функцияларын жүзеге асыратын жер-жерлердегі өкілдерінің бар екендігі туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыруға міндетті.
2. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымға осы Заңның 45-бабының 4) тармақшасында көзделген сыйақы жинауға қатысты өкілеттіктерді бермеген авторлық және сабақтас құқықтар иелері одан жүргізілген бөлуге сәйкес өздеріне тиесілі сыйақыны төлеуді, сондай-ақ осы ұйым пайдаланушыларға беретін рұқсаттардан өзінің туындылары мен сабақтас құқықтар объектілерін шығарып тастауды талап етуге құқылы.»;
13) мынадай мазмұндағы 46-1 және 46-2-баптармен толықтырылсын:
“46-1-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу
1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым осы Заңның 43-бабының 3-тармағында көзделген ұжымдық басқару салаларындағы қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органда аккредиттеу туралы куәлік алуға құқылы.
2. Аккредиттеу осы Заңның 43-бабының 3-тармағында көзделген салалардың әрқайсысы бойынша бөлек жүргізіледі.
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым осы Заңның 43-бабының 3-тармағында көрсетілген ұжымдық басқарудың бір, екі және одан да көп салаларында қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлікті алуы мүмкін. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымды аккредиттеу туралы куәліктің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Аккредиттеу туралы куәлікті алған мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым құқықтарды басқару туралы шарттар жасасқан құқық иеленушілердің құқықтарын басқарумен қатар мұндай шарттар жасаспаған құқық иеленушілер үшін де сыйақы жинауды жүзеге асыруға құқылы.
46-2-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарға аккредиттеу жүргізу тәртібі
1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу ерікті болып табылады және оны осы Заңға сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның өтініші негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымды аккредиттеуді мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның қорытындысы негізінде (бұдан әрі - аккредиттеу жөніндегі комиссия) уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.
Аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күн туралы ақпаратты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және оның интернет-ресурсында аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күнге дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей орналастырады.
4. Аккредиттеуден өту үшін өтініш беруші уәкілетті органға жазбаша түрде өтініш жібереді. Өтініш аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жіберілуге тиіс. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін уәкілетті орган белгілейді.
5. Уәкілетті орган өтінішті қабылдайды және өтініштерді тіркеу журналында нөмір беріп әрі қабылдау күнін көрсетіп, олардың есебін жүргізеді.
6. Аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысы, егер отырысқа оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысса, шешім қабылдауға құқылы. Аккредиттеу жөніндегі комиссия шешімі отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің басым даусымен қабылданады. Егер дауыстар тең болса, аккредиттеу жөніндегі комиссия төрағасы шешуші дауысқа ие болады.
Аккредиттеу жөніндегі комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруді жүргізу арқылы шешім қабылдауына және өз өкілеттіктерін басқа адамға беруіне жол берілмейді.
7. Аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысының қорытындылары бойынша уәкілетті орган отырыс аяқталған күннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде аккредиттеу туралы шешім қабылдайды және өтініш берушіге бес жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік береді.
Уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттар ұсынылмаған;
2) ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтер толық болмаған жағдайларда аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
8. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымды аккредиттеуден бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым берілуі мүмкін.
9. Аккредиттелген ұйымдар туралы ақпаратты уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
10. Қайта тіркелген не қайта ұйымдастырылған жағдайда, аккредиттелген ұйымдар көрсетілген мәліметті растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қайта тіркеу не қайта ұйымдастыру туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлайды және аккредиттеу туралы куәлікті он жұмыс күні ішінде қайтарады.
Уәкілетті орган өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей аккредиттеу туралы куәлікті береді.
11. Аккредиттеу туралы куәлік жоғалған жағдайда уәкілетті орган мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның жазбаша өтініші бойынша он жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.»;
14) 47-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы «орынға» деген сөзден кейін «жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы «қоғамдық бірлестіктер туралы заңға және өзге де заңдарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына немесе өзге де заңнамаға» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) мынадай мазмұндағы 47-1 және 47-2-баптармен толықтырылсын:
«47-1-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті уәкілетті орган:
1) аккредиттеу туралы шешім қабылдауға негіз болған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер анықталған;
2) аккредиттелген ұйымның қызметі туралы жыл сайынғы есеп уәкілетті органға белгіленген мерзімде ұсынылмаған;
3) уәкілетті органға аккредиттелген ұйымның қызметі туралы көрінеу жалған мәліметі бар жыл сайынғы есеп ұсынылған жағдайда қайтарып алуы мүмкін.
47-2-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату
1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік өзінің қолданылуын мынадай жағдайларда:
1) аккредиттеу туралы куәліктің берілген мерзімі біткенде;
2) аккредиттеу туралы куәлікті өз еркімен уәкілетті органға қайтару туралы шешім қабылданғанда;
3) аккредиттеу туралы куәлік қайтарып алынғанда;
4) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым таратылғанда тоқтатады.
2. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатылған кезде куәлік осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған күннен бастап бір ай мерзім ішінде уәкілетті органға қайтарылады.»;
16) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы
1. Осы Заңда көзделген авторлық және сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық туындайды.
2. Туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты:
1) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын қолдану арқылы белгіленген шектеулерді алып тастауға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруға;
2) егер мұндай іс-әрекеттер нәтижесінде авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын пайдалану мүмкін болмаған не осы техникалық құралдар аталған құқықтардың тиісті қорғалуын қамтамасыз ете алмаған жағдайларда кез келген құрылғыны немесе оның компоненттерін дайындауға, таратуға, прокатқа беруге, уақытша пайдалануға беруге, импорттауға, жарнамалауға, оларды пайда табу мақсатында пайдалануға не қызмет көрсетуге;
3) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз авторлық құқықтарды басқару туралы ақпаратты жоюға немесе өзгертуге;
4) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз мүліктік құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертілген туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты оларды қайта шығаруға, таратуға, тарату мақсатында импорттауға, көпшілік алдында орындауға, жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлауға немесе эфирде беруге, жалпы жұрттың назарына жеткізуге жол берілмейді.».
17) 49-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасында «, ал ЭЕМ-ға арналған бағдарламаның немесе деректер базасы авторларының құқығын бұзған кезде ең төмен жалақының бес жүзден елу мыңға дейінгі мөлшері» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың бірінші және екінші сөйлемдеріндегі «туындылар мен фонограммалардың» деген сөздер «авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «туындының немесе фонограмманың», «Туындының немесе фонограмманың» деген сөздер «авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің», «Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 1999 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының патент заңы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат):
1) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Патент иеленуші
1. Қорғау құжаты:
1) өнеркәсіптік меншік объектісінің авторына (авторларына);
2) осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда жұмыс берушіге;
3) олардың құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына), оның ішінде беру тәртібімен тиісті құқықты алған адамға (адамдарға);
4) бір-бірімен келісімдері болған жағдайда осы тармақта көзделген адамдарға бірге беріледі.
2. Егер жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, қызметтік өнертабысқа қорғау құжаттарының құқықтары жұмыс берушіге тиесілі болады.
3. Егер жұмыс беруші мен автор арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, автордың өзінің қызметтік міндеттерін орындауға немесе жұмыс берушіден алған нақты тапсырмаға байланысты емес, бірақ жұмыс берушінің ақпаратын, сондай-ақ материалдық, техникалық және өзге де құралдарын пайдалана отырып жасаған өнертабысына қорғау құжатын алу құқығы авторға тиесілі болады.
Егер қызметтік өнертабыс құрамына осы жұмыс берушінің қызметкері болып табылмайтын адам кіретін бірнеше адамның бірлескен шығармашылық еңбегімен жасалса, осы адамның көрсетілген қызметтік өнертабысқа қатысты құқықтары оның аталған жұмыс берушімен және басқа да авторлармен жасасатын шартында анықталады.
Егер қызметтік өнертабыстарды шарт негізінде бірнеше жұмыс берушінің жұмысты бірлесіп орындауы нәтижесінде авторлар жасаса, жұмыс берушілердің көрсетілген өнертабысқа құқықтары олардың арасындағы шартпен анықталады.
4. Қызметтік өнертабыс жасалған жағдайда, автор қызметтік өнертабысты жасау фактісі анықталған күннен бастап бір ай ішінде жұмыс берушіні жазбаша түрде хабардар етеді.
Хабарламаға автор (авторлар) қол қоюға және онда:
1) автордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және атқаратын қызметі көрсетілуге;
2) қызметтік өнертабыстың атауы;
3) оның жасалу жағдайы мен орны, болжалды қолданылу саласы;
4) жұмыс берушінің қызметіндегі өнертабыстың мәнін ашуға, санатын айқындауға және жарамдылығын бағалауға жеткілікті толық жасалған сипаттамасы қамтылуға тиіс.
Жұмыс беруші автор берген қызметтік өнертабысты жасағандығы туралы хабарламаны оны берген күннен бастап қабылдауға және тіркеуге міндетті, бұл жөнінде авторларға жазбаша түрде хабарланады.
Егер сипаттама және өтінімді ресімдеуге қажетті өзге де мәліметтер толық болмаса, онда жұмыс берушінің қызметкерден қызметтік өнертабыс туралы қосымша материалдарды сұратуға құқығы бар, ол қосымша материалдарды сауал алған күннен бастап бір ай ішінде ұсынады. Мұндай жағдайда осы баптың 7-тармағында көрсетілген мерзімінің өту барысы тоқтатыла тұрады және сұратылған мәліметтер алынғаннан бастап қайта қалпына келтіріледі.
5. Егер қызметкер қорғау құжатын алуға құқылы жұмыс берушіні қызметтік өнертабыстың жасалғандығы туралы хабардар етпесе, онда осы баптың 7-тармағында көрсетілген мерзім жұмыс берушіге оның жасалғаны туралы белгілі болған күннен басталады.
Егер қызметтік өнертабыстың жасалу фактісін жұмыс беруші анықтаса, онда ол қызметтік өнертабыс авторына бұл туралы жазбаша түрде хабарлауға
міндетті. Бұл ретте, егер қызметтік өнертабысқа қорғау құжатын алу құқығы жұмыс берушіге тиесілі болса, ол авторға тиісті өтінімді ресімдеудің басталғандығы туралы хабарлауға міндетті, ал автор жұмыс берушінің талабы бойынша жазбаша түрде қызметтік өнертабысқа өтінімді ресімдеу үшін қажетті қосымша ақпаратты және қызметтік өнертабыстың барлық авторларының тізімін беруге міндетті.
6. Жұмыс беруші қорғау құжатын алуға өтінім бергеннен кейін оны алуға не қорғау құжатын күшінде ұстап тұруға мүдделі болмаған жағдайда, қорғау құжатын алуға құқықты не алынған қорғау құжатын авторға уақытылы және өтеусіз беруге міндетті.
7. Егер жұмыс беруші жасалған өнеркәсіп меншігі объектісі туралы өзін автор хабардар еткен күннен бастап төрт ай ішінде өтінім бермесе, қорғау құжаттарын алу құқығын басқа адамға бермесе және тиісті объектіні құпия сақтау туралы авторға хабарламаса, онда қорғау құжатын алу құқығы авторға көшеді. Бұл жағдайда жұмыс берушінің тиісті өнеркәсіптік меншік объектісін патент иеленушімен шарт бойынша өз өндірісінде пайдалануға басым құқығы бар.
8. Тараптардың ешқайсысының екінші тарапқа бұл туралы хабардар етпей, қызметтік өнертабысқа қатысты өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін сараптама ұйымына қорғау құжатын алуға өтінім беруге құқығы жоқ.
9. Қызметтік өнертабыс үшін авторға сыйақы төлеудің мөлшері, шарттары және тәртібі автор мен жұмыс беруші арасындағы келісіммен белгіленеді. Келісімге қол жетпеген жағдайда шешімді сот қабылдайды. Егер қызметтік өнертабысты жасаудағы автор мен жұмыс берушінің үлестерін мөлшерлеу мүмкін болмаса, жұмыс беруші алған немесе алуға тиісті пайданың жартысына автордың құқығы бар деп танылады.”;
2) 34-бапта «заңдарға» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
21-бап мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы шілденің 10-ы
№ 179-ІV ҚРЗ