ҚР 04.07.03 ж. № 471-II 31-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара) ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 31-бап өзгертілді
31-бап. Спортшыларды сақтандыру
Жарыстар, жаттығулар мен жиындар кезінде спортшыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру тиісті спорт клубтарының, қоғамдарының және басқа да мүдделі ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерін ресми халықаралық жарыстарға даярлау және қатысу кезінде бюджет қаражаты есебінен сақтандыруды жүзеге асырады.
7-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы
халықаралық қызмет
32-бап. Халықаралық спорт қызметi
Қазақстан Республикасының спорт ұйымдары мен спортшыларының жарыстар ережелерiн және тиiстi халықаралық ұйымдардың жарғыларын сақтай отырып, мемлекет аумағында да, басқа елдерде де өткiзiлетiн халықаралық спорт шараларына қатысуға құқығы бар.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
33-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті:
Қазақстан Республикасында олимпиадалық қозғалысты дамыту үшін құрылған қоғамдық бірлестік болып табылады және өз қызметін осы Заңға, Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарына және Олимпиадалық хартияға сәйкес жүзеге асырады;
Халықаралық олимпиадалық комитетте Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау кезінде жоғары жетістіктер спортын дамытудың бірыңғай саясатын жүргізеді;
дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен келісе, спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктермен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Олимпиада, Азия ойындарына және Халықаралық олимпиадалық комитет өткізетін басқа да халықаралық спорт шараларына қатысу үшін спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын құру мен қамтамасыз етуді үйлестіреді;
Дене шынықтыруды және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өзінің қаржыландыру көздері есебінен өз алдында тұрған жарғылық міндеттерді орындауды іске асырады;
Олимпиадалық хартияға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық олимпиадалық комитеттің олимпиадалық нышандарын, ұранын, туын, әнұранын, "Олимпиадалық", "Олимпиада" деген атауларын пайдалануға меншік құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
2. Олимпиада, Азия ойындарында және Халықаралық олимпиадалық комитеттің қамқорлығы аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорт шараларында Қазақстан Республикасы құрама командаларының өнер көрсетуі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзеге асырылады.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 34-баппен толықтырылды
34-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы заңдарын бұзуға кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының