Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 шілдедегі № 1021 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 265 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 9, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына:
Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша) енгізілсін; |
мына:
«Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша)» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі»; |
көрсетілген құрамнан Владимир Сергеевич Школьник шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |