41. Хабардың және (немесе) хабарламаның факс, электронды почта арқылы жіберілген күні немесе хабардың және (немесе) хабарламаның адресат Тарапқа жеке тапсырылған күні оның алынған күні болып саналады. Хабар және (немесе) хабарлама, егер бұл хабарда және (немесе) хабарламада көрсетілмесе, алу бойынша жеткізілген деп саналады.
42. Тараптар өз атауының, заңды мекен-жайының, іс жүзінде орналасқан жерінің және Шарттың талаптарын орындау үшін қажетті өзге де деректемелерінің өзгергені туралы бірін бірі дереу хабардар етуге міндеттенеді.
10. Қосымша шарттар
43. Осы Шартта реттелмеген барлық басқа өзара қарым-қатынастар жекелеген шарттарда және (немесе) Тараптар арасындағы қосымша келісімдерде айтылады.
44. Тараптардың Қосатын және Қосылатын байланыс операторлары желісінің санатына тәуелді өзара іс-қимылының жеке шарттарын Тараптар Шартқа қосымшаларда белгілейді және олар осы Шартқа қайшы келмеуге тиіс.
45. Қосымша желілік ресурстарды қосу қажет болған кезде арыз беруші Тараптың мерзімі өткен берешегі жоқ болған жағдайда Тараптар Шартқа тартылған ресурстардың саны туралы қосымша келісім жасайды және оған қол қояды. Қажет болған жағдайда техникалық шарттарға тиісті өзгерістер енгізіледі.
46. Тараптардың бірінде өзінің синхрондық сигнал беру көзі болмаған жағдайда, басқа Тарап техникалық мүмкіндігі болған жағдайда, жазбаша сұрау бойынша өтеулі негізде бірінші Тараптың жабдығын тактілік желілік синхрондау жүйесіне қосуды жүргізуі мүмкін.
47. Тараптар санкцияланбаған қосылыстарға тергеу жүргізу, шара қабылдау және олардың алдын алу мәселелерінде ынтымақтасуға міндеттенеді.
48. Тараптар шарттық негізде бір біріне Тараптардың абоненттері шоғырландыратын трафик бойынша деректерді есепке алу мен өңдеу жөнінде қызметтер көрсете алады.
49. Тараптар басқа Тараптың желісінен шығатын трафиктің барлық түрлерінің сапасына жауапты болмайды.
Тараптар абоненттердің алдында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
11. Қорытынды ережелер
50. Тараптардың арасында Шарттың талаптарын орындау үдерісінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер арқылы шешеді.
Егер Тараптар келіссөздер жолымен өзара келісімге қол жеткізе алмаса, онда даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
51. Шарттың, сондай-ақ оған барлық қосымшалар мен қосымша келісімдердің мазмұны құпия ақпарат болып табылады және байланыс саласындағы уәкілетті органды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға ашылмауға (берілмеуге) тиіс.
52. Шарт Тараптардың әрқайсысына бір данадан бірдей екі данада жасалды, әрқайсысының бірдей заңды күші бар.
53. Шартқа барлық қосымшалар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және егер жазбаша түрде жасалса, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса әрі Тараптардың мөрлерімен бекітілсе, күшінде болады.
12. Тараптардың заңды мекен-жайлары
Қосатын байланыс операторы: __________________________ Қазақстан Республикасы _____________________қаласы __________көшесі___________ Тараптардың қолдары: Қосатын байланыс операторы: ___________________________ 200__ жылғы «___»__________ М.О. | Қосылатын байланыс операторы: _____________________________ Қазақстан Республикасы _______________________қаласы _____________көшесі__________ Қосылатын байланыс операторы: _____________________________ 200__ жылғы «___»____________ М.О. |