Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 мамырдағы № 785 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 458-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі» |
«Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі»; |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бішімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі» |
«Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі»; |
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Молдажанова Гүлжан Талапқызы | - тәуелсіз директор». |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |