Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 767 Қаулысы
ҚР Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1173 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Сүлейменов Тимур Мұратұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Дүйсембаев Еркін Сейдеғалиұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары |
мына:
«Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Ақылбай Серік Байсейітұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы (келісім бойынша)» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға»; |
«Ақылбай Серік Байсейітұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің хатшысы (келісім бойынша)» |
көрсетілген құрамнан Пірматов Ғалымжан Олжаұлы, Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы, Бишіғаев Асқар Дәруішұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |