Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 731 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 737 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 407-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Ұйымдастыру іс-шаралары» деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 1.6-жолда:
2-бағанның екінші және үшінші абзацтарындағы «және салуға» деген сөздер «, салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1.7-жолда:
2-бағандағы «және салуға» деген сөздер «, салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бағандағы «28,7», «9,6», «9,6» және «9,5» деген сандар тиісінше «42,834», «8,734», «21,6» және «12,5» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1.8-жолда:
2-бағандағы «дамытуға және жайластыруға» деген сөздер «дамытуға, жайластыруға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бағандағы «90,0 млрд. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 30,0» деген сөздер «89,905 млрд. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 29,905» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1.11-жолдың 6-бағанындағы «6 млрд. 508 млн. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 1 млрд. 123» деген сөздер «6 млрд. 18 млн. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 633» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1.12-1-жолмен толықтырылсын:
«
1.12-1 | «Жергілікті атқарушы Қазақстан органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 711 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині, ИСМ, ЭБЖМ, Әділетмині | 2009 жылғы наурыз |
«;
«Ипотекалық кредит беру жүйесін жетілдіру» деген 2-бөлімде:
реттік нөмірі 2.4-жолда:
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«2008 жыл»;
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«2008 жылы 15 млрд. теңге»;
«Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін дамыту» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 3.1-жолдың 2-бағанындағы «және резервтік» деген сөздер алып тасталсын;
«Жиыны: Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатының көлемі» деген жолда:
6-бағандағы «300,8», «110,3», «102,8» және «87,7» деген сандар тиісінше «299,349», «106,598», «100,123» және «92,628» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |