Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 184 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 676 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 184 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 2, 20 және 27-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 11-1 және 43-1-жолдармен толықтырылсын:
«
11-1 | «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ЭБЖМ | Қаңтар | Ақпан | Маусым | М.Ә. Құсайынов |
»;
«
43-1 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | БП (келісім бойынша), ІІМ | Қыркүйек | Қазан | Желтоқсан | И.Д. Меркель |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |