Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 675 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 992 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 510-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға қосымшада:
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, төрағаның орынбасары |
Сарбасов Ақмәди Әділұлы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры, хатшы; |
мына:
«Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төрағаның орынбасары» |
деген жолдағы «, төрағаның орынбасары» деген сөздер алып тасталсын;
көрсетілген құрамнан Кәрібжанова Роза Сәмидоллақызы, Сапарбаев Бердібек Машбекұлы шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапаттауға байланысты мәселелерді қарау жөніндегі ережеде:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Мәдени және гуманитарлық салалардағы үлесі неғұрлым басым болып табылатын ізденушілерге артықшылық беріледі.»;
6, 8-тармақтарда «Мәдениет және ақпарат» деген сөздер «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |