Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі № 619 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 50, 496-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарлама паспорты» деген 1-бөлімнің «Қаржыландыру көлемі мен көздері» деген жолында «2009 ж. - 7829,9 млн. теңге» деген сөздер «2009 ж. - 7770,2 млн. теңге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімде:
2006 - 2009 жылдарға арналған геологиялық барлау жұмыстарының кестесінде:
«Геологиялық зерттеулерді ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» деген 5-бөлімде:
11-бағандағы «551,0» деген сандар «491,2» деген сандармен ауыстырылсын»;
2) тармақшаның 11-бағанында «551,0» деген сандар «491,2» деген сандармен ауыстырылсын;
«Есептеу бойынша барлығы» деген жолдың 11-бағанында «7829,9» деген сандар «7770,2» деген сандармен ауыстырылсын;
«Елдің минералдық-шикізаттық кешенінің ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
«Геологиялық зерттеулерді ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету (001-бағдарлама 017-кіші бағдарлама, 022-бағдарлама, 016-бағдарлама 100-кіші бағдарлама)» деген жолдың 6-бағанындағы «2009 ж. - 551003,0» деген сандар «2009 ж. - 491226,0» деген сандармен ауыстырылсын;
«2006 - 2009 жылдар» деген жолдың 6-бағанында «2009 ж. - 7829973,0» деген сандар «2009 ж. - 7770196,0» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |