ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 79-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
79. Техникалық-экономикалық негіздемені түзетуді талап ететін БИЖ-дің сметалық құнын ұлғайту мәселелерін шығару екі кезеңде жүзеге асырылады.
Бірінші кезең бойынша:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің БИЖ-дің ТЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсыныс әзірлеуі және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;
2) тиісті бюджет комиссиясының бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынатын құжаттар мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның БИЖ-дің ТЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсынысқа оң экономикалық қорытындысы негізінде ТЭН-ді түзетудің және БИЖ-дің ТЭН-ін түзетуді қаржыландырудың (қажет болған жағдайда) орындылығын айқындау жөніндегі шешімі.
Бірінші кезеңде БИЖ ТЭН-ін түзету жөніндегі инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу процесі осы Ереженің 2-бөлімінің 1-кіші бөлімінде айқындалған тәртіппен жүреді.
Сметалық құнын ұлғайтуды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын, осы Ереженің 77-тармағында көзделген жергілікті БИЖ бойынша бірінші кезең қорытындылары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы орган экономикалық қорытынды дайындайды және БИЖ ТЭН түзету мәселесін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін, осы Ереженің 2-бөлімінің 1-кіші бөлімінде көрсетілген құжаттармен қоса, кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне енгізеді.
Екінші кезеңде осы Ереженің 77-тармағында көзделген, сметалық құнын ұлғайтуды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ түзетілген ТЭН бойынша қаржыландырудың орындылығын республикалық бюджет комиссиясы қарайды.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 80-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
80. ТЭН-ді әзірлеуді және түзетуді талап етпейтін БИЖ-дің сметалық құнын ұлғайту мәселелерін шығару екі кезеңде жүзеге асырылады.
Бірінші кезең - тиісті бюджет комиссиясының Ереженің осы тармағында көрсетілген бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынған құжаттардың негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысы негізінде жобалау құжаттамасын түзетудің орындылығын айқындау жөніндегі шешімі.
Екінші кезең - тиісті бюджет комиссиясының ТЭН-ді әзірлеуді және түзетуді талап етпейтін БИЖ-дің түзетілген жобалау құжаттамасы бойынша ұлғайтылған құнды қаржыландыру туралы шешімі.
Бірінші кезеңде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға мыналарды ұсынады:
1) болжанатын қымбаттау сомасын көрсете отырып, мемлекеттік орган - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы қол қойған өтінім-хат;
2) мемлекеттік орган - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы қол қойған, мынадай ақпаратты қамтитын түсіндірме жазба:
БИЖ-дің іске асырылуын аяқтау үшін талап етілетін болжамды қосымша бюджеттік шығыстар негіздемесі;
мемлекеттік сатып алуды жүргізудің нәтижесінде үнемделген соманы (егер үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, ЖСҚ әзірлеуден бастап БИЖ-ді іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат;
ЖСҚ әзірлеу басталғаннан бастап жобаны бюджеттен әрбір жыл үшін қаржыландыру. Игерілмеген жағдайларда оның себептері көрсетіле отырып, бұл ақпарат әрбір жыл үшін жоспармен және фактімен сүйемелденуі тиіс;
қымбаттауға әкелетін себептерді (мердігерлердің бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне шартта көрсетілген құнды (сметаны) өсіру қажеттігі туралы уақтылы ескерткендігін растайтын хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып) егжей-тегжейлі көрсету;
ұйым немесе оның кінәсінен қымбаттау орын алған жеке тұлға, сондай-ақ осындай ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;
3) БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органның және/немесе байланыс және ақпараттандыру саласындағы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның (егер жоба ақпараттандыру саласында болған жағдайда) ресми хат нысанында ұсынылатын, бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға қол қойған, мөрмен расталған, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің түсіндірмелерімен қоса, жоба құрамдауыштарының құнын ұлғайтудың негізділігі мен дұрыстығын растайтын салалық сараптама қорытындысы;
4) бастапқы құн бойынша ЖСҚ-ның мемлекеттік сараптамасының қорытындысы;
5) бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы, сондай-ақ бұзушылықтардың болмауы тұрғысынан Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау органының актісі;
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау органының ЖСҚ әзірлеуден бастап, БИЖ-ді іске асыру шеңберінде бөлінген барлық бюджет қаражатын қамтуы тиіс актісі;
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау органының күні құжаттарды ұсынған күннен бастап 6 (алты) айдан кеш емес уақытпен белгіленген актісі;
6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамада көзделген жағдайларда сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығы немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бастапқы құнға бұйрығы;
7) осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша БИЖ-дің электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электронды тасығыштарда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынылатын сметалық құнын ұлғайту болжанатын жобалар бойынша салыстырма кесте және құжаттама тізбесі;
бірінші басшының не оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған, мөрмен расталған, қағаз тасығышта ұсынылатын салыстырма кесте;
8) құжаттарды ұсынған күнге дейін 1 (бір) ай бұрын түсірілген, объектінің нақты жай-күйі туралы толық көрініс беретін фото немесе бейне түсірілімдер материалдары.
Сметалық құнын ұлғайтуды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын, осы Ереженің 77-тармағында көзделген жергілікті БИЖ бойынша бірінші кезең қорытындылары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы орган қорытынды дайындайды және осы Ережеде көрсетілген құжаттармен қоса, республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін БИЖ-ді республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне енгізеді.
Екінші кезеңде осы Ереженің 77-тармағында көзделген, сметалық құнын ұлғайтуды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ сметалық құнын ұлғайтуды қаржыландырудың орындылығын республикалық бюджет комиссиясы қарайды.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 81-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
81. БИЖ шет мемлекеттердің аумағында іске асырылатын жағдайда, аумағында осы жоба іске асырылып жатқан мемлекеттің құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген БИЖ-дің бастапқы және түзетуге ұсынылатын құнын растайтын тиісті құжаттар көрсетілген заңнамамен қоса, оның мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасы қамтамасыз етіле отырып, ұсынылады.
82. Құжаттаманың толық пакеті ұсынылмаған не қымбаттаудың пайда болуының дәл және негізді себептері берілмеген, сондай-ақ кінәлі тұлғалар немесе ұйымдар және оларға қолданылған шаралар (егер ондай болса) көрсетілмеген БИЖ сметалық құнының ұлғаюы мәніне қаралмайды.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 83-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
83. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган осы Ереженің 80, 81-тармақтарында көрсетілген құжаттар пакетін қарайды және олар бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
84. Бюджет комиссиясының оң қорытындысын алған кезде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жобалық құжаттамаға тиісті түзетулер енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2013.27.02. № 188 Қаулысымен (бұр.ред.қара)JLNK1002926021; 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 85-тармақ жаңа редакцияда
85. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі екінші кезеңде ЖСҚ мемлекеттік сараптамасының қорытындысын, БИЖ сметалық құнының ұлғаю себептерінің негіздемесімен түзетілген құнның ведомстволық нормативтеріне сәйкес, объектіні пайдалануға берудің шығыстары бойынша салалық уәкілетті мемлекеттік органның және мемлекеттік сараптаманың қорытындысын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2013.27.02. № 188 Қаулысымен (бұр.ред.қара)JLNK1002926021; 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 86-тармақ жаңа редакцияда
86. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган түзетілген жобалық құжаттама бойынша БИЖ құнының ұлғаюын және/немесе ведомстволық нормативтерге сәйкес салалық уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысын және объектіні пайдалануға беру шығыстары бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысын тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
87. Тиісті бюджет комиссия сметалық құнын ұлғайту болжамдалған іріктеген БИЖ бойынша тізбе қалыптастырылады және бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке енгізеді.
6. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды мониторингілеу және бағалау жүргізу тәртібі
1. Жоспарлау кезеңінде бюджеттік инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу тәртібі
88. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тиісті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 (он) күніне дейін осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес қағаз және электронды тасығыштарда мынадай ақпаратты көрсете отырып, іріктеп алынған инвестициялық ұсыныстардың тізбесін ұсынады:
1) БИЖ-дің атауы;
2) инвестициялық ұсынысты енгізген бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы;
3) БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оған қажетті сараптама жүргізуге қажетті (бөлінген) ақша қаражатының мөлшері;
4) БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оған қажетті сараптама жүргізу кезінде игерілген ақша қаражатының мөлшері;
5) БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптама жүргізу мерзімдері;
6) БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптама жүргізу барысы туралы ақпарат.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 (он) күніне дейін жоғарыда аталған республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттер және кредиттер есебінен қаржыландырылатын БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеу бойынша іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 (он) күніне дейін жоғарыда аталған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті және облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттер және кредиттер есебінен қаржыландырылатын БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеу бойынша іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
2. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу тәртібі
89. БИЖ-ді іске асыруға мониторинг БИЖ-ді тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ықтимал ауытқуларды уақтылы анықтау үшін нақты алынған нәтижелерді есепті күнге жоспарланғандармен салыстыру арқылы жүргізіледі.
90. БИЖ-ді іске асыруға мониторинг мыналарды көздейді:
1) БИЖ-дің іске асырылу барысы туралы ақпаратты жинау;
2) әрбір уақыт аралығында БИЖ-ді іске асырудың қол жеткізілген көлемін және ТЭН-ге және/немесе ЖСҚ-ға сәйкес шығындарды нақты қол жеткізілген сандық-сапалық нәтижелерді БИЖ-ді іске асыруды жоспар-кестесінде (бұдан әрі - Жоспар-кесте) көрсетілген көрсеткіштермен салыстыру арқылы талдау;
3) БИЖ-ді мониторингілеу нәтижелері туралы есепті (бұдан әрі - мониторинг бойынша есеп) дайындау.
Нақты көрсеткіштердің бұрын жоспарланғандардан (жоспар-кесте бойынша) ауытқуы анықталған БИЖ бойынша БИЖ-ді тиімді іске асыру жөнінде ұсынымдар мен шаралар қалыптастырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 91-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
91. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің БИЖ іске асыруына мониторинг жүргізу үшін тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға мынадай құрамдағы ақпарат пен есептілік ұсынылады:
1) жоспар-кесте;
2) мониторинг бойынша есеп;
3) мониторинг бойынша жиынтық анықтама;
4) БИЖ паспорты;
5) ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жоба паспорты;
6) Ганта диаграммасын құру үшін ақпарат;
7) БИЖ-дің ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі;
8) бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоғарыда аталған нысаналы даму трансферттері және республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландырылатын БИЖ бойынша іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоғарыда аталған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті және облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері және кредиттер есебінен қаржыландырылатын БИЖ бойынша іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 92-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
92. БИЖ-ді дайындау мен іске асырудың жоспар-кестесі әрбір жоба бойынша есептік көрсеткіштерді және олар бойынша орындау мерзімдерін айқындайтын құжат болып табылады және оны республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері БИЖ-дің электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электрондық тасығыштарда тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
БИЖ жөніндегі ақпараттың нақтылануына немесе республикалық бюджет туралы заңның іске асырылуы және тиісті кезеңге арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің іске асырылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың қаулысымен бекітіліп іске асырылатын БИЖ тізбесінің нақтылануына қарай республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі БИЖ жөніндегі есеппен бірге нақтыланған жоспар-кестені ұсынады.
Жоспар-кесте барлық жоба бойынша, оның құрамдауыштары және әрбір құрамдауышқа арналған іс-шаралар (жұмыс түрлері) бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген жұмыстарды орындаудың және қаржыландырудың жоспарлы көлемдерін қамтиды.
Бұл ретте жоспарланған жылға арналған орындау және қаржыландыру көлемдері тиісті бюджеттік бағдарламамен келісіледі.
93. Жоспар-кестеде, сондай-ақ жоспарланған жыл басталғанға дейінгі кезеңге арналған нақты көлем және жоспарланған жылдан кейінгі екінші жылға және кейінгі жылдарға арналған болжамды көлем көрсетіледі.
Жоспар-кесте бекітілген БИЖ-дің ТЭН-і және мақұлданған бюджеттік өтінімнің негізінде қалыптастырылады, ал ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша ЖСҚ және мақұлданған бюджеттік өтінім Жоспар-кестені дайындаудың негіздемесі болып табылады.
Жоспар кестеде жобаны іске асыру кезіңі тиісті бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджет өтіміне сәйкес көрсетіледі.
Жоспар-кестеге, мониторинг бойынша есепке енгізілген жобалар тізбесі тиісті қаржы кезеңіне арналған республикалық бюджет туралы іске асыру туралы заңына және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен бекітілген Жобалар тізбесіне сәйкес келеді.
Жоспар-кестені, мониторинг бойынша есепті және мониторинг бойынша жиынтық анықтаманы іске асыруын мониторингілеуді және дайындауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері жоспар-кестеде, мониторинг бойынша есепте және мониторинг бойынша жиынтық анықтамада көрсетілген ақпараттың сапасы мен толықтығы бойынша заңнамаға сәйкес жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 94-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
94. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын БИЖ-дің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі есеп есепті кезеңдегі БИЖ бойынша орындалған жұмыстардың нақты және жоспарланған көлемі мен қаржы қаражатын игеру сомалары туралы ақпаратты қамтиды және оны республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері БИЖ-дің электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электронды тасығыштарда тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға осы ережеге 8, 9-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
95. Мониторинг бойынша жиынтық анықтама осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 96-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
96. Республикалық БИЖ-ді іске асыру жөніндегі ақпаратты тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2012.07.12. № 1566 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 97-тармақ жаңа редакцияда
97. Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен қаржыландырылатын жергілікті БИЖ-ді іске асыру жөніндегі ақпаратты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары есепті кезеңнен кейінгі 10 тамыздан және 10 ақпаннан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 98-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
98. БИЖ мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен қажетті ақпаратты дербес сұратуға және алуға құқылы заңды тұлғаны тартады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 99-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
99. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға БИЖ-дің іске асырылуына мониторинг жүргізу кезінде қосымша есептілік нысандарын белгілеуге құқылы.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 100-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
100. Қажетті ақпаратты республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қағаз және электронды тасығыштарда тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға мынадай мерзімдерде ұсынады:
1) жоспар-кесте жыл сайын, есепті жылдың 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірмей ұсынылады;
2) мониторинг бойынша есеп пен мониторинг бойынша жиынтық анықтама жартыжылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі 10 (он) тамыздан және 10 (он) ақпаннан кешіктірмей ұсынылады;
3) БИЖ-дің паспорты жартыжылда бір рет, осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі 10 (он) тамыздан және 10 (он) ақпаннан кешіктірмей ұсынылады;
4) ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жоба паспорты жартыжылда бір рет, осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі 10 (он) тамыздан және 10 (он) ақпаннан кешіктірмей ұсынылады;
5) Гант диаграммасын құру үшін ақпарат жартыжылда бір рет, осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі 10 (он) тамыздан және 10 (он) ақпаннан кешіктірмей ұсынылады;
6) инвестициялық жобаны ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жартыжылда бір рет, осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі 10 (он) тамыздан және 10 (он) ақпаннан кешіктірмей ұсынылады;
7) бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері жартыжылда бір рет, осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі 10 (он) тамыздан және 10 (он) ақпаннан кешіктірмей ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2012.07.12. № 1566 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 101-тармақ жаңа редакцияда
101. Осы ереженің 100-тармағында көрсетілген ақпаратты жергілікті республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері БИЖ-дің электронды порталына тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі 20 тамыздан 20 ақпаннан кешіктірмей ұсынады.
102. Республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттер және кредиттер есебінен жүзеге асырылатын республикалық БИЖ-ді, сондай-ақ жергілікті БИЖ-ді және жобаларды іске асыру барысы туралы жиынтық ақпаратты бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі 10 (он) қазаннан және 10 (он) сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
Жиынтық ақпарат мыналарды:
1) республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын БИЖ туралы ақпаратты;
2) республикалық бюджеттен нысаналы трансферттері қаражаты есебінен іске асырылатын БИЖ туралы ақпараты;
3) республикалық бюджеттен несиелер есебінен іске асырылатын БИЖ туралы ақпаратты қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 103-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
103. Республикалық БИЖ-ді, сондай-ақ жергілікті БИЖ-ді және республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын жобалардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі 10 (оныншы) қазаннан және 10 (оныншы) сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
Жиынтық ақпарат мыналарды:
1) жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар туралы ақпаратты;
2) аяқталған және жалғастырылатын жобалар, әзірленетін ЖСҚ туралы ақпаратты;
3) ҚР Үкіметінің 2012.07.12. № 1566 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды бағалау тәртібі
104. БИЖ-ді іске асыруды бағалау БИЖ-ді тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ықтимал ауытқуларды уақтылы анықтау үшін нақты алынатын нәтижелерді есепті күнге жоспарланғандармен салыстыру арқылы жүргізіледі.
105. Жобаны іске асыруды бағалау объектіні қолданысқа енгізуден кейінгі жылы бір рет жүргізіледі.
106. БИЖ-ді іске асыруды бағалау мыналарды көздейді:
1) БИЖ-дің іске асырылу барысы туралы ақпаратты бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен жинау;
2) олардың мемлекеттік органның стратегиялық жоспарларында және/немесе БИЖ ТЭН-інде көзделген көрсеткіштермен салыстыру арқылы БИЖ-дің қол жеткізілген тікелей нәтижелерін (өнімдер шығару, қызметтер көрсету) талдау;
3) БИЖ-ді іске асыруды бағалау жөнінде жиынтық есеп дайындау.
Нақты көрсеткіштердің бұрын мемлекеттік органның стратегиялық жоспарларында және/немесе БИЖ ТЭН-інде жоспарланғандардан ауытқуы анықталған БИЖ бойынша БИЖ-ді тиімді басқару мақсатында жүйелі және жедел шаралар бойынша ұсынымдар қалыптастырылады.
107. БИЖ-дің іске асырылуына бағалау жүргізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мынадай есептілік құрамында мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат ұсынады:
1) БИЖ-дің іске асырылу барысы туралы есеп;
2) БИЖ-дің іске асырылуын бағалау бойынша жиынтық анықтама.
108. БИЖ-дің іске асырылуын бағалау туралы есеп есепті кезеңдегі өнімдердің (қызметтердің) нақты және жоспарланған көлемі туралы ақпаратты қамтиды және осы Ережеге 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша БИЖ-дің электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электронды тасығыштарда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынылады.
Іске асыру барысы туралы есепте құрылыс объектісінің баланс ұстаушысы бойынша, мемлекеттің меншік объектісін қолданысқа енгізу бойынша, мемлекеттік меншік объектісін уәкілетті органдарда тіркеу бойынша ақпарат көрсетіледі.
«Ескертпелер» бағанында ақпарат болмаған жағдайда осы ақпараттың болмауының себебін көрсету қажет.
Іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат осы Ережеге 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта ұсынылады.
109. Республикалық меншіктегі БИЖ-ді пайдалану жөніндегі, сондай-ақ республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын аяқталуға жоспарланған, бірақ есепті кезеңде аяқталмаған БИЖ жөніндегі ақпаратты тиісті орталық уәкілетті орган береді.
110. Коммуналдық меншіктегі БИЖ-ді пайдалану жөніндегі, сондай-ақ жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын аяқталуға жоспарланған, бірақ есепті кезеңде аяқталмаған БИЖ жөніндегі ақпаратты тиісті жергілікті атқарушы орган ұсынады.
111. БИЖ-дің іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.