Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1035 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 587 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 150 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1035 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесінде:
«Үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар» деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстанның биологиялық саналуандығын сақтау қоры» корпоративтік қоры».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |