9. Салымды және Талаптарда айқындалған өзге мақсаттарды игеру мониторингі үшін Банк Клиентке Салымды пайдалану туралы есепті береді. Салымды пайдалану туралы есеп, оның ішінде Игеру нәтижелері бойынша есеп уәкілетті тұлғаның қолтаңбасымен және Банктің мөрімен бекітілуге тиіс.
10. Салымды пайдалану туралы есеп Тараптармен қосымша келісілген мекен жайға қағаз жеткізгіште және электронды түрде ұсынылуға тиіс:
- бір ай өткеннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Игеру кезеңінде ай сайын, және
- күнтізбелік жарты жыл өткеннен кейін 10 (он) Жұмыс күнінен кешіктірмей Игеру кезеңінен кейін жарты жылда бір рет 3 (үш) жыл ішінде.
8. Банк көрсететін қызметтерге ақы төлеу
1. Банк осымен қазіргі уақытта ол бойынша Клиент Жинақ шоттың болуына байланысты Банктің қызметтерін төлеуге тиіс Тарифтердің болмайтындығын хабардар етеді.
2. Егер кейіннен Банк Заңнамаға сәйкес Жинақ шоттың болуына байланысты қызметтер бойынша барлық заңды тұлғалар үшін бірыңғай Тарифтерді бекіткен жағдайда, Клиент Банктің қызметтеріне ақы төлеуге, сондай-ақ егер тек Банк пен Клиент арасында өзгеше келісілмеген болса, Банк ұсынған Тарифтерге сәйкес (Клиентке алдын ала хабарлап, Банк өзгертуі мүмкін) әдетте Банк қызметтері төленетін валютада, мөлшерлерде және жағдайларда, Клиенттің олардың нұсқаулықтарын орындауға байланысты Банк келтірген барлық шығындарды өтеуге кепілдік береді.
3. Банк осы Талаптардың негізінде Клиенттің Жинақ шотын Банкке төлеуге тиесілі төлемдердің сомасына тікелей дебеттеу жолымен оларға керсетілген қызметтер үшін ақыны кезең-кезеңмен алуға (егер қолданылса) құқылы. Клиент Банк Жинақ шоттан дебеттеген комиссиялар сомасын даулауға құқылы.
9. Салымды қайтару және Жинақ шотты жабу
1. Салымды қайтаруды Банк Клиентке Салымды орналастырған күннен бастап 36 (отыз алты) ай өткеннен кейін әрбір 6 (алты) ай сайын бірдей үлестермен (бөліктермен) қолма-қол ақшасыз тәртіппен жүзеге асырады. Шартты мерзімінен бұрын бұзған немесе орындаудан бас тартқан жағдайда есептелінген сыйақысы бар Салымды қайтару 5 (бес) Жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
2. Банк Игеру кезеңі ішінде Салым сомасын игермеген жағдайда Банк Игеру нәтижелері бойынша есепті ұсынған күні Талаптарға сәйкес Игерілмеген Салым сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны қайтаруға міндетті.
3. Салымды немесе оның бір бөлігін қайтарып алу Шарттың 4-тармағында көрсетілген Клиенттің банктік шотына не Клиенттің Ұлттық Банктегі Шартта көрсетілген шотына жүзеге асырылады.
4. Егер Клиент Салымды Шартта көрсетілген мерзім басталғанға дейін талап еткен жағдайда, Шарттың қолданылуы тоқтатылады, ал Жинақ шот жабылуға тиіс. Талаптарға, Шартқа және Клиенттің Банк қызметтерін төлеуіне (егер қолданылса) сәйкес Банктің Салымды қайтарып алуымен және сыйақыны төлеуімен Шарт өзінің қолданылуын тоқтатады.
5. Банк Клиент Заңнаманы бұзған және Клиент өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, егер мұндай жолсыздық және/немесе орындамау Банкте Жинақ шоттың болуына байланысты болса және Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын мүмкін етпесе не едәуір қиындатса, Талаптарда белгіленген тәртіппен және мерзімде Клиентке осы туралы хабарлап, осылайша Жинақ шотты жүргізуді тоқтата отырып, кез келген уақытта Шарттан бас тартуға құқылы.
6. Банк Шарттан бір жақты тәртіппен бас тартуға және Клиентті 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде осындай мерзімінен бұрын қайтару туралы хабарлай отырып, Салымды (немесе оның бір бөлігін) қайтарып беруге құқылы. Салымды немесе оның бір бөлігін осы тармаққа сәйкес қайтарған жағдайда қайтарылатын Салымға (оның бір бөлігіне) сыйақы оны Жинақ шотта орналастырудың іс жүзіндегі мерзімі Салымды (немесе тиісінше оның бір бөлігін) орналастырудың іс жүзінде мерзімі ішінде мерзімінен бұрын қайтарылған сәтте Талаптардың 2-бөлімінің 5-тармағына сәйкес белгіленген ставка бойынша есептеледі.
7. Салымды кез келген негіздемелер бойынша мерзімінен бұрын қайтарған жағдайда, Тараптар барлық қалған орындалмаған міндеттемелерді толығымен орындауға міндетті. Клиент Банктің Жинақ шотты тікелей дебеттеу арқылы ол Тарифтерге сәйкес осы Талаптар мен Шарт шеңберінде Клиентке барлық талап-арыздарды қанағаттандыру құқығы бар екеніне келіседі. Банктің барлық ақшалай талаптарын қанағаттандыру үшін Клиенттің Жинақ шотындағы Ақша жеткіліксіз кезде, Клиент Банктің талап етуі бойынша Банк алдындағы өзінің міндеттемелерін орындау үшін тиісінше қамтамасыз етуге міндетті; ал Банк Клиенттің Банктегі кез келген шоттарынан акцептісіз тәртіппен Клиенттің берешек сомаларын өзінің акцептісіз алу құқығын іске асыруға құқылы.
8. Тараптар осымен Жинақ шотқа енгізілген Ақша Клиенттің атына түскен Банктің сол филиалынан немесе Банк белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы Банктің басқа филиалынан/бөлімшесінен Клиентке берілуі мүмкін екендігімен келіседі. Олардың барлық сомасының төлемдерін немесе бір бөлігін қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы Банктегі немесе одан алынған кез келген Салымдарға қатысты Банктің барлық міндеттемелері Заңнамамен және Шартпен реттеледі және кез келген мұндай төлем Банктің немесе оның Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалы/бөлімшесі орналасқан жер бойынша ғана жүргізілуі мүмкін.
9. Клиенттің таратылуына немесе қайта ұйымдастырылуына байланысты Жинақ шотты жабу жағдайларын қоспағанда, осы шотқа орындалмаған талаптар болған кезде және Заңнамада белгіленген өзге жағдайларда Жинақ шотты жабуға тыйым салынады.
10. Шарт кіріспеде көрсетілген Тараптар оған қол қойған күнінен бастап күшіне енеді. Шарттың қолданылу мерзімі Салымды сақтау мерзіміне барабар.
10. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Клиент:
1) Шарттың кіріспесінде көрсетілген Банк тиісінше ашқан Клиенттің Жинақ шотына Шарттың 1-тармағында айқындалған мөлшерде және валютада Шарттың 2-тармағында көрсетілген Салымның қолданылу мерзімі басталған күні Ақша аударуға;
2) Клиенттің Жинақ шотының болуына байланысты Банк үшін маңызы бар немесе болуы мүмкін барлық өзгерістер туралы Банкке хабарлауға;
3) Талаптардың Шарттарына сәйкес Банктен алынатын хат-хабарды тексеруге;
4) Банк Есептемені берген күннен бастап 5 (бес) Жұмыс күні ішінде оған қол қоюға және оны мөрмен бекітуге міндетті.
2. Клиент, егер мұндай орындамаудың және/немесе тиісінше орындамаудың жиынтық мөлшері кемінде 2500000000 (екі миллиард бес жүз миллион) теңгені немесе мұндай орындамау және/немесе тиісінше орындамау күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша кез келген валютадағы баламаны құраса, Банк пен Клиент немесе оның Еншілес ұйымдары мен Тәуелді ұйымдары арасында жасалған Талаптар, Шарт және/немесе өзге банктік салым шарттары бойынша міндеттемелерді Банк орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда Клиент Салымды іс жүзіндегі сақтау мерзіміне есептелген сыйақыны жоғалтпай Шартты мерзімінен бұрын бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.
3.Банк:
1) Салымды нысаналы мақсатқа сәйкес пайдалануға;
2) Салымды Игеру кезеңі ішінде Талаптарға сәйкес игеруге;
3) алынған Ақшаны Жинақ шотында ескеруге;
4) Талаптарға сәйкес сыйақы есептеуге;
5) Салым мерзімі өткеннен кейін Шарттың 1-тармағында көрсетілген соманы, сондай-ақ Заңнамаға сәйкес салық ұсталғаннан кейін есептелген сыйақыны Шарттың 5-тармағында көрсетілген Клиенттің банктік шотына қайтаруға;
6) банктік құпияға кепілдік беруге міндетті. Клиенттің келісімінсіз Салымға қатысты үшінші тұлғаларға анықтамалар Заңнамада көзделген жағдайларда ғана берілуі мүмкін;
7) Қарыз алушымен жасалатын Қайта қаржыландыру жөніндегі шарттарда Банктің Клиентке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың мониторингі және оның мақсатты, заңды әрі тиімді пайдаланылуын бақылау мақсатында құрылған Жұмыс тобына (органға) және оның құрамына кіретін мемлекеттік органдарға Бөлшек кредит бойынша, оның ішінде банктік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты беруіне Қарыз алушының келісімін көздеуге міндетті.
4. Клиенттің пайдасына ақшаны қате қабылдау (есептеу) фактісі белгіленген жағдайда, Банк осы қателікті жою мақсатында Клиенттің тиісті тапсырмасынсыз/келісімінсіз көрсетілген ақшаны алып қоюды (есептен шығаруды) жүргізуге құқылы.
11. Тараптардын жауапкершілігі
1. Банк Заңнамамен тыйым салуға, шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұруға және Клиенттен Ақшаны өндіріп алуға уәкілетті органдардың іс-қимылдары нәтижесінде Клиентке келтірілген шығындар үшін жауапты болмайды.
2. Шарттың талаптарын бұзған кезде Тараптар Заңнамаға сәйкес жауапты болады.
3. Банк Салымды қайтаруды және/немесе сыйақы төлеуді заңсыз кідірткені және/немесе Клиенттің Салымды мерзімінен бұрын алып қою туралы нұсқауларын орындауды заңсыз кідірткені үшін Банк Клиентке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осындай іс жүзінде мерзімі өткен кезең үшін, бірақ Клиентке қайтарылмайтын соманың 9,5 %-ынан (тоғыз бүтін оннан бес пайыз) аспайтын сомада ақшалай міндеттемені орындаған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді. Тұрақсыздық айыбын төлеу Банкті Салымды қайтару бойынша міндеттемелерді орындаудан және Салымды іс жүзінде сақтау кезеңі ішінде есептелген сыйақыны төлеуден босатпайды. Тұрақсыздық айыбы Банктің Шартта белгіленген Салымды қайтарып алу мерзімі өткеннен кейін есептеледі.
4. Банк Шарттың талаптарын орындаудан бір жақты бас тартқан жағдайда Банк Салымды іс жүзінде сақтау кезеңі ішінде Талаптарға сәйкес сыйақы төлейді.
12. Форс-мажор
1. Егер Тараптардың қандай да біріне (Тартылған Тарап) тежеусіз күш (Форс-мажор) мән-жайлары Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі немесе тежеу болса, Тартылған Тараптың Шарт бойынша міндеттемелерді орындауы Форс-мажорлық мән-жайлар созылатын уақыт қатаң, бірақ 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа тоқтатыла тұрады.
2. Форс-мажор өртті, су тасқынын, жер сілкінісін, өзге де дүлей зілзалаларды, соғыстарды (жарияланған және жарияланбаған), көтерілістерді, ереуілдерді, азаматтық соғыстарды немесе жаппай тәртіпсіздікті, бағдарламалық қамтамасыз етудің істен шығуын, электр энергиясының ажырауын, байланыс желісінің бұзылуын және Тараптардың еркіне бағынбайтын басқа мән-жайларды қоса алғанда, бірақ оларды шектемей Тараптардың пайымды бақылауынан тыс болатын кез келген мән-жайларды білдіреді, мұндай жағдай болған кезде Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапты болмайды.
3. Осымен Тараптар заңнамадағы Шарт бойынша міндеттемелерді Тараптардың орындау мүмкіндігін болдырмауға әкеліп соғуы мүмкін өзгерістер Тараптардың пайымды бақылауынан тыс мән-жайлар болып
табылатынына және олар болған кезде Тараптар орындамағаны үшін жауапты болмайтынына келіседі.
4. Форс-мажор басталған сәттен бастап 5 (бес) Жұмыс күні ішінде Тартылған Тарап Шарттың талаптарын орындау мүмкіндігінің болмауы не тиісінше орындау мүмкіндігінің болмауы себебі туралы басқа Тарапты жазбаша хабардар етуі тиіс. Егер Тартылған Тарап тиісті хабарлама жасамаса, екінші Тарап міндеттемелердің орындалмауын немесе орындалуының кідіруін бұзушылық ретінде қарауға және Тартылған Тарап үшін Форс-мажор нәтижесінде басқа Тарапқа хабарлама жіберу мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, осы Талаптардың ережелеріне сәйкес әрекет етуге құқылы.
5. Форс-мажор аяқталғаннан кейін 5 (бес) Жұмыс күні ішінде Тартылған Тарап екінші Тарапты осы факт туралы жазбаша хабардар етуі тиіс және Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жаңартуы тиіс. Егер Форс-мажор басталғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен астам уақытқа созылған жағдайда, Тараптар Шарттың қолданылуын өзара келісім бойынша тоқтатуға құқылы, бұл ретте мүдделі Тарап мұндай тоқтатқанға дейін 14 (он төрт) күнтізбелік күннен кешіктірмей, екінші Тарапқа бұл туралы жазбаша хабарлайды.
13. Хабарламалар
1. Шартта және Талаптарда көзделген барлық хабарламалар Тараптардың келісімі бойынша орыс тілінде жазбаша нысанда беріледі. Бұл хабарламалар алғаны туралы қолхатпен жеке тапсырылады, сондай-ақ егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, алғаны туралы растамамен халықаралық танылған курьерлік қызмет немесе өзге курьерлік қызмет арқылы жіберілетін қайталама көшірмелермен телефакс/телеграф/ телекс/СВИФТ бойынша жіберіледі. Осы Бөлімге сәйкес берілетін барлық хабарламалар:
1) егер олар жеке немесе курьерлік қызмет арқылы тапсырылса - алған күні;
2) егер телекс/телеграф/телефакс/СВИФТ бойынша жіберілсе - берілген күні алынған деп саналады.
2. Тараптар өздерінің мекен жайлары, телефакс немесе телефон нөмірлері немесе басқа деректемелері өзгерген жағдайда, олар бұл туралы бір-бірін уақытылы, алайда мұндай өзгерістерден кейін 7 (жеті) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етуі тиіс.
14. Құпиялылық
1. Банк Клиентке, Жинақ шотына, Салымға қатысты ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету үшін өзіне байланысты барлық шараларды қабылдайды.
2. Егер құпиялылыққа қатысты Банктің ұсынымдарын сақтамау салдарынан Клиенттің өз кінәсінен құпиялылық бұзылған не құпия ақпарат өзге көздерден үшінші тұлғаларға белгілі болған жағдайда, Банк жауапты болмайды.
3. Банк құпия негізде өзінің консультанттарына, адвокаттарына немесе аудиторларына мәліметтер беруге құқылы, бұл ретте Банк мұндай тұлғалардың Заңнамаға сәйкес құпия ақпаратты жариялағаны үшін жауапты болады. Банктің Жинақ шотына, Клиентке, оның қызметіне қатысты ақпаратты қандай да болмасын өзге үшінші тұлғаларға Клиенттің жазбаша келісімінсіз ашуға құқығы жоқ. Бұл міндеттеме мұндай ашу Заңнамаға сәйкес талап етілетін жағдайларға қолданылмайды.
15. Салымның нысаналы мақсаты
1. Банк Салымды алғаннан кейін Талаптарға және Шартқа сәйкес Қайта қаржыландыруды жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте шетелдік валютада берілген Ипотекалық қарызды Қайта қаржыландыру жүзеге асырылған жағдайда, мұндай Ипотекалық қарыз бойынша негізгі борыш сомасын анықтау Банк Қайта қаржыландыру жөнінде шешім қабылдаған күні немесе Бөлшек кредит берген күні (Банктің қалауы бойынша) «Қазақстандық қор биржасы» АҚ анықтаған бағам бойынша жүзеге асырылатын болады.
2. Бөлшек кредит бойынша сыйақы ставкасы:
1) Әлеуметтік кредиттер үшін - жылдық 9 % (тоғыз пайызды);
2) Қатардағы кредиттер үшін - жылдық 11 % (он бір пайызды) құрайды.
3. Бұл ретте Банк:
1) Қарыз алушы бастамашы болған кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
2) Қарыз алушының Бөлшек кредит бойынша міндеттемелерді бұзуының себебінен өндіріп алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге төлемдерді қоспағанда, Бөлшек кредитке байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге төлемдерді өндіріп алмайды.
4. Банк ықтимал Қарыз алушының Қарыз алушыға қойылатын өлшемдерге сәйкестігін белгілеуге бағытталған өзіне байланысты барлық шараларды қабылдайды. Осы мақсатта Банк Қарыз алушыға, оның жұбайына (зайыбына) және кәмелеттік жасқа толмаған балаларына қатысты қажетті мәліметтер мен құжаттарды:
1) азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітапшасының) нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтаманы;
2) осы елді мекенде жылжымайтын мүліктің болуы (немесе болмауы) туралы мәліметтерді (уәкілетті мемлекеттік органның анықтамасын);
3) кредиттік бюродан жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға немесе құрылысқа үлестік қатысуды төлеу мақсатында алынған басқа қолданыстағы кредиттерінің болмауы туралы ақпаратты;
4) жұмыс орнынан анықтаманы (егер қолданылса);
5) зейнетақы аударымдары бойынша көшірмені (егер қолданылса) сұратады.
Бұл ретте Банкке Қарыз алушылар берген құжаттардың растығы үшін жауапкершілік жүктелмейді, бірақ Банктің стандартты рәсімдеріне сәйкес құжаттардың Заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді.
5. Қарыз алушының Ипотекалық қарызды қамтамасыз ететін Тұрғын жайды қоспағанда, басқа тұрғын үйінің болмауы туралы өзге дәлелдемелерден басқа, Банк оған, оның жұбайына (зайыбына) және кәмелеттік жасқа толмаған балаларына ресімделген өзге жылжымайтын мүліктің болмауы туралы, сондай-ақ өзін, жұбайы (зайыбы) және кәмелеттік жасқа толмаған балалары жасасқан құрылысқа үлестік қатысу туралы шарттардың болмауы туралы нотариалды расталған өтінішті және Бөлшек кредит алу мақсатында дұрыс емес ақпарат бергені үшін жауапкершілік туралы оны құлағдар етілгенін талап етуге міндетті.
6. Шартқа және Талаптарға сәйкес Банкте Салымды орналастыру Ипотекалық қарыздарды Қайта қаржыландыру жолымен оларды арзандатуды көздейді, бұл Талаптардың 7-бөлімінің 9 және 10-тармақтарында көзделген есеппен расталады. Бұл ретте Салымды мұндай нысаналы мақсат бойынша операциялар Банктің ішкі құжаттарына және рәсімдеріне, оның ішінде бухгалтерлік есеп бөлігінде жүзеге асырылады.
7. Банк Игеру кезеңі аяқталғанға дейін Салымды игереді. Игеру деп Қайта қаржыландыру түсініледі. Салымды игеру нәтижелері бойынша Банк Талаптардың 7-бөлімінің 10-тармағына сәйкес Клиентке Салымды пайдалану туралы есептер береді.
16. Қорытынды ережелер
1. Тараптардың басқа Тараптың алдын ала жазбаша мақұлдауынсыз Шарт бойынша кез келген құқықтарды немесе міндеттемелерді табыс етуге құқығы жоқ. Осы Бапты бұза отырып мұндай табыс етуге кез келген әрекеттердің заңды күші және салдары болмайды. Шарт Тараптар, олардың құқықтық мирасқорлары және уәкілетті тұлғалар үшін міндетті.
2. Барлық қосымшаларымен бірге Талаптар, сондай-ақ Талаптарға қосымша болып табылатын Шарт Тараптардың толық өзара түсіністігін білдіреді және Талаптарға сәйкес Салымдарды орналастыру жөніндегі олардың арасында болған барлық бұрынғы жазбаша немесе ауызша келісімдер мен уағдаластықтарды алмастырады.
3. Егер осы Талаптардың және/немесе Шарттың ережелерінің қандай да бір ережелері күшін жойса, кез келген байланыста заңсыз болса, бұл аталған құжаттарда қамтылған қалған ережелердің қолданылуы мен заңдылығына қандай да бір түрде әсер етпеуі тиіс. Солай бола тұрса да Тараптар мұндай ережелерді ауыстыру үшін барлық күш-жігерін салуға келісті.
4. Осы Талаптарға және/немесе Шартқа Тараптардың келісімі бойынша ғана өзгерістер енгізуге болады, мұндай өзгерістер Тараптар тиісті өзгерістер енгізу туралы келісімге қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
5. Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, Шарттың шеңберінде және оны орындауда Тараптар алмасатын барлық хат-хабар орыс тілінде жасалуы тиіс. Егер Хат-хабар Тараптар көздеген тілден өзге тілде жасалған жағдайда, онда оған Тараптар хат-хабар алмасу үшін келіскен тілге расталған аударма қоса берілуі тиіс. Хат-хабар алмасу Талаптарда, Шартта және Тараптар арасындағы өзге келісімдерде көзделген техникалық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылуы тиіс.
Тараптардың деректемелері мен қолдары
«Банк» Басқарма төрағасы ___________________ қолы Жарғының негізінде | «Клиент» «Самұрық-Қазына» АҚ 010000, Астана қ., Алматы ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 23 СТН 620200333937 ЖСК__________теңгемен ЖСК__________АҚШ долларымен Астана қаласындағы «___» АҚ филиалындағы Банк БСК______________ Астана қ. Тел/факс: 8 7172 792489 Басқарма төрағасы Қ.Н.Келімбетов мырза ___________________ қолы Жарғының негізінде |
Екінші деңгейдегі банктердің
ипотекалық қарыздарды кейіннен
қайта қаржыландыруы үшін
«Самұрық-Қазына» ұлттық
әл-ауқат қоры» акционерлік
қоғамы салатын ақшалай қаражаттың
банктік салым талаптарына
1-қосымша
№____банктік салым шарты
Астана қаласы | 2009 жылғы «__» ақпан |
Банк Клиентке №_____ Жинақ шотын ашады, оған Клиенттің
Салымын орналастырады және сақтайды, Салым бойынша сыйақы төлейді және осы Шартта және Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды кейіннен қайта қаржыландыруы үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы салатын ақшалай қаражаттың банктік салым талаптарында (бұдан әрі - Талаптар) белгіленген тәртіппен Клиентке Салымды қайтарады.
Осы Шартта пайдаланылатын барлық терминдер мен бас әріппен жазылған дефинициялар оларға Талаптарда берілген мәнге ие.
Клиенттің осы Шарттағы қолы Клиенттің Талаптармен танысқанын, олармен келіскенін және оларды тиісті түрде орындауға міндеттенетінін куәландырады.
1. Сомасы: теңге Осы сома Салымды орналастырған сәтте анықталды және Банк Клиентке Игерілмеген Салым сомасын қайтарған, сондай-ақ Талаптарға сәйкес Салым сомасын кезең-кезеңімен ішінара қайтарған кезде өзгереді.
2. Салым мерзімі: 2009 жылғы «хх» ақпаннан бастап 2029 жылғы «хх» ақпанға дейін. Бұл ретте Салымды қайтару Талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Салым бойынша сыйақы ставкасы Талаптарға сәйкес айқындалады
және жылдық ____%-ды (____пайызды) құрайды. Жылдық тиімді сыйақы
ставкасы Заңнаманың талаптарына сәйкес айқындалады және Шарт жасалған
күнгі ____ %-ға (___пайызға) тең.
4. Салым сомасын Клиенттің Банктің филиалындағы нөмірі:
________ шотынан есептен шығару.
5. Салымның және ол бойынша сыйақы сомасын Клиенттің Банктің
филиалындағы нөмірі:_________ шотына қайтару.
6. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан 2 (екі) данада жасалды
7. Тараптардың орналасқан жері, банктік деректемелері мен қолдары:
«Банк» Басқарма төрағасы ___________________ қолы Жарғының негізінде | «Клиент» «Самұрық-Қазына» АҚ 010000, Астана қ., Алматы ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 23 СТН 620200333937 ЖСК__________теңгемен ЖСК__________АҚШ долларымен Астана қаласындағы «___» АҚ филиалындағы Банк БСК______________ Астана қ. НБ Тел/факс: 8 7172 792489 Басқарма төрағасы Қ.Н. Келімбетов мырза ___________________ қолы Жарғының негізінде |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 17 ақпандағы
№ 179 қаулысымен
бекітілген
«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы шарттар жасасу үшін екінші
деңгейдегі банктердің тізбесі және ақшалай қаражатты
орналастыру лимиттері
Р/с № | Ұйымның атауы | Қаражатты бөлу лимиттері (млрд. теңге) |
1. | «Қазкоммерцбанк» АҚ | 24 |
2. | «БТА Банкі» АҚ | 40 |
3. | «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ | 24 |
4. | «Альянс Банк» АҚ | 14 |
5. | «Темірбанк» АҚ | 3 |
6. | «ЦентрКредитБанк» АҚ | 3 |
7. | «Каspi Bank» АҚ | 3 |
8. | «Еуразиялық Банк» АҚ | 3 |
9. | «АТФ Банкі» АҚ | 3 |
10. | «ЦеснаБанк» АҚ | 3 |
| Жиыны | 120 |