ЭҮ инфрақұрылымын дамытудың бөлігінде кейбір бағыттармен бірге бірқатар міндеттерді шешуді талап етеді:
1) электрондық қызметтерді ұсынуға мемлекеттік органдардың дайындығының бөлігінде:
мемлекеттік қызметтерді «жеткізуші» сияқты мемлекеттік органдардың бизнес-үдерістерін қайта реинжинирингті жүргізу керек;
Электрондық қызметтерді іске асыру үшін қоры сияқты, мемлекеттік қызметтерді жүйелеу және тіркелімін бекіту;
2) ЭҮ инфрақұрылымын кеңейту мен дамыту бөлігінде:
жергілікті атқарушы органдарға электрондық қызметтер көрсету үшін БКО-ны аудандық деңгейге дейін жеткізу арқылы инфрақұрылым құру:
өндірістік ауқымдағы ЭЦҚ пайдалану үшін электрондық қызметтердің құқығын қамтамасыз етумен нормативтік базаны бекіту;
ұтқыр телефон байланысы/құралдарының ақпараттық ресурстары мен сервистеріне қол жеткізуде толық ауқымды пайдалануды енгізу;
3) Электрондық мемлекеттік қызметтерді берудің институционалдық базасын қамтамасыз ету бөлігінде:
ЭҮ құрамдас бөліктерін өндірістік пайдалану үшін нормативтік базаны толық көлемде қамтамасыз ету;
ақпараттық ресурстар мен жүйелердің ЭҮ әлеуметтік институттарын қалыптастыру үшін нормативтік құқықтық базаны және АКТ-жобаларының тәуелсіз аудитінің институтын құру;
4) МО ақпараттандыру бағдарламаларын іске асыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде МО қызметінің мөлдірлігін қамтамасыз ету бөлігінде:
АКТ саласын дамыту және жай күйінің көрсеткіштері және индикаторларының ұлттық жүйесін әзірлеуді жүзеге асыру;
Мониторинг мен бақылауды жүзеге асыру және сонымен МО қызметтерінің мөлдірлігін қамтамасыз ету үшін МО ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, ЭҮ жүйесін және жай-күйін бақылау мен жүйесін әзірлеуді жүзеге асыру.
Қазіргі проблемалар және шетелдік оң тәжірибені шолу
ЭҮ дамыту және МО ақпараттандырудың өзара байланысқан мәселелері - ЭҮ дамытуға МО дайындығының негізгі келесі мәселелерін бөлектеу керек:
1) негізгі және әкімшілік-шаруашылық қызметін автоматтандырудың кешендік және әмбебаптық жүйелерінің болмауынан, ресурстарды корпоративтік мемлекеттік басқарудың тәртібі жоқтығынан, ресурстарды мемлекеттік басқарудың тиімсіздігінен көптеген МО өндірістік еңбегі төменгі орында. Қазіргі жағдайда МО ресурстарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі ескірген есепке алу, бақылау және жоспарлау әдістері бойынша анықтау тиімсіз;
2) электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсыну қазіргі уақыттағы қоғамда әлеуметтік-маңызды болып табылмайды. Бір жағынан, әлеуметтік-маңызды қызметтер автоматтандырылмаған, қызметкерлердің штаттық санының өсуіне, көптеген бюджеттік шығындарға, мемлекеттік басқарудың сапасының төмендеуіне әкеледі, екінші жағынан;
3) аймақтарды қамтитын БКО инфрақұрылымының жоқтығынан, электрондық қызметтерге қол жеткізудің әртүрлі тетіктерінің жоқтығынан ішкі ведомстволық және ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді біріктіру мүмкіндігі пайдаланылмайды, автоматтандырудың «құрақ» санын көбейтуге әкеледі, МО пайдалану және оларға қызмет көрсету бойынша білікті мамандардың жеткіліксіздігін көбейтеді, оларды құру кезінде көптеген артық шығындар тудырады.
Бүгінгі күні ЭҮ құру мен дамыту мәселелерімен жетекші орындағы әлемнің көптеген елдері АҚШ, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Франция, Австралия айналысады. Қазақстан Республикасының жағдайына бейімделуі мүмкін ЭҮ дамыту міндеттерін шешудегі шетелдік оң тәжірибе күштерді мынадай тұжырымдамалық бағыттар бойынша шоғырландырумен қорытындыланады (жақшада осы бағыттар бойынша өте жақсы әсер қалдыратын сәттіліктерге қол жеткізген елдер көрсетілген):
1) Ресурстарды мемлекеттік басқару (АҚШ, Сингапур) тиімділігі мен мөлдірлігін арттыру мақсатында жетекші-елдердің үкіметтік құрылымдары тарапынан 2002 жылдан бастап сұраныс үздіксіз өсетін ресурстарды басқарудың корпоративтік жүйесін енгізу;
2) АКТ пайдалану ЭҮ енгізудің жалғыз факторы болып
табылмайтындықтан бизнес-үдерістерді қайта реинжирингтеу мен
автоматтандыруды, әкімшілік реформаны келісімді кешенді өткізу (АҚШ,
Оңтүстік Корея, Ұлыбритания - SPRINT әдістемесі, Германия, Жапония, Канада);
3) қазіргі АКТ стандартары негізінде ЭҮ бірыңғай порталында МО бизнес-үдерістерін басқару және электрондық сервистерді біріктіру үшін ВРМ жүйелерін енгізу (АҚШ, Оңтүстік Корея);
4) электрондық құжат айналымын, төлем транзакцияларын жеңілдету, электрондық мемлекеттік сатып алуды дамытуды ынталандыру үшін электрондық қолтаңбалар пайдалануды нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-техникалық ілгерілету (Австралия, Сингапур, Оңтүстік Корея);
5) ең алдымен көпшілігі транзакциялық қызмет болып табылатын әлеуметтік-маңызды мемлекеттік қызметтердің базалық санаттарын автоматтандыру (ЕО елдері);
6) автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерге, үкіметтік және әкімшілік ақпараттарға қол жеткізу тетіктерін қамтамасыз ету және кеңейту (АҚШ, ЕО елдері, Оңтүстік Корея);
7) мемлекеттік сайттар мен порталдарға қатысушы азаматтардың жеке мәліметтерін қорғау, халықтың ЭҮ мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру (АҚШ, ЕО елдері);
8) ЭҮ әлеуметтік институттарын, атап айтқанда электрондық мемлекеттік сатып алу институтын, ақпараттық жүйелер аудиті институтын қалыптастыру, ЭҮ іске асырылуын басқарудың тиімді институттарын ұйымдастыру (Ұлыбритания, Германия, АҚШ);
9) электрондық мемлекеттік қызмет сапасын бағалау және мониторинг, ЭҮ дамуының кемелденуін, МО ақпараттандыру үдерістерін бағалау (АҚШ, Сингапур, ЕО елдері).
Жүргізілген әкімшілік реформа өз кезегінде электрондық үкіметті дамытудың басымдық бағыттарын түсінуге және анықтауға мүмкіндік береді. Электрондық үкімет пен әкімшілік реформасының сәулетін өзара сәйкестендіру ақпараттық қоғамның мультипликативтік тиімді болады.
Қазақстанның халықаралық тәжірибе мен үздік тәжірибелерге сүйене отырып халықаралық серіктестермен бірнеше рет белгіленген жалпы әлемдік үрдістер есебімен ЭҮ дамытуда екенін ескеру қажет.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты «электрондық үкіметті» дамыту жолымен мемлекеттік қызметтерді берудің үдерістерін және мемлекеттік басқарудың сапасы мен тиімділігін арттыру болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
1) мемлекеттік корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу;
2) азаматтар үшін әлеуметтік-маңызды және бизнес үшін талап етілетін мемлекеттік қызметтерді ұсынудың үдерістерін автоматтандыру және ықпалдастыру;
3) «электрондық үкіметтің» базалық инфрақұрылымын және қол жеткізу тетіктерін кеңейту және дамыту;
4) ЭҮ базалық құрамдас бөліктерін дамыту;
5) ЭҮ сәулетін әзірлеу және әлеуметтік институттарын қалыптастыру, АКТ саласындағы стандарттардың базасын дамыту;
6) ақпараттандыру үдерістерінің нормативтік-құқықтық базасын қамтамасыз ету және электрондық мемлекеттік қызметтерді беру;
7) МО қызметінің ашықтығы мен бақылауын арттыру.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетіктері
Жоғарыда қойылған міндеттердің шешімі Бағдарламаны іске асырудың мынадай негізгі бағыттары мен тетіктері бойынша тиісінше жүзеге асырылатын болады:
1) ЭҮ құрамдас бөліктері сияқты басқарудың мемлекеттік корпоративтік, ЭҮ РБАЖ кең ауқымды енгізудің регламенттері мен ережелерін әзірлеу тетіктерін пайдаланумен мемлекеттік басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру;
2) МО ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру, ЭҮ төлемдік шлюзінің көмегімен транзакциялық автоматтандырудың тетіктерін пайдалана отырып, мемлекеттік қызметтердің базалық санаттарын автоматтандыру;
3) облыстық және ірі қалаларға дейін БКО кеңейту және АКт құрудың тетіктерін пайдалана отырып ЭҮ базалық инфрақұрылымын және қол жеткізудің тетіктерін дамыту;
4) ҰЕЖ, ГАЖ-платформасын құру және дамытудың тетіктерін пайдалана отырып, ЭҮ базалық құрамдас бөліктерін дамыту;
5) ЭҮ басқару және дамыту институттарын қалыптастыру, ЭҮ стандарттарын және әдістемелік базасын, ЭҮ сәулетінің элементтерін, ЭҮ стандарттары мен әдіснамалық базасын әзірлеу, ЭҮ дамыту мен басқару институттарын жаңалау негізінде ЭҮ дамытудың келісілген техникалық саясатын қамтамасыз ету тетіктерін пайдалана отырып, АКТ саласындағы стандарттардың базасын дамыту, ЭҮ сәулетін әзірлеу және ЭҮ әлеуметтік институттарын қалыптастыру;
6) нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту тетіктерін пайдалана отырып ЭҮ дамытудың нормативтік құқықтық базасын қамтамасыз ету;
7) ЭҮ дамытудың мониторингі мен бақылау жүйесін енгізу тетіктерін пайдалана отырып ЭҮ мониторингі мен бақылаудың жай-күйі және даму жүйесін құру.
ЭҮ қалыптастыру Бағдарламасы бойынша аяқталмаған жобаларды орындау жалғастырылатын болады. МО мен әкімдіктердің электрондық мемлекеттік қызметтер беруге бағытталған ақпараттық жүйелерді қалыптастыру мен дамыту жалғастырылатын болады. Отандық ІТ-компаниялар қызметтерін басымдық пайдалану Бағдарламаны іске асыру сияқты елдің ІТ саласын дамыту катализаторы болуы тиіс.
Бағдарламаны іске асыру нәтижелеріне дербес жауапкершілік мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларына жүктелетін болады.
5.1. Ресурстарды басқарудың мемлекеттік автоматтандырылған
жүйесін құру
МО ресурстарын басқару мәселелерін шешуде, ресурстарды корпоративтік басқару қағидаттарын енгізуде, басқарудың үздік әлемдік практикалары мен халықаралық стандарттарын енгізуде кешенді және жүйелі қатынас қажет. Ресурстарды басқаруды автоматтандыруға кешенді және жүйелі қатынас барлық МО үшін ортақ тиісті бизнес-үдерістерді зерттеу, талдау, бірдейленгізу және осы бизнес-үдерістерді стандарттау автоматтандырудың орталықтандырылған сәулетін таңдауда қорытындыланады. Автоматтандыруға өнеркәсіптік қатынас модулдік, ауқымды және күйге келтірілетін мемлекеттік басқарудағы өнеркәсіптік пайдалануда тексеруден өткен бірыңғай бағдарламалық құралдарды пайдаланумен қорытындыланады. Өнеркәсіптік қатынастан автоматтандыруға экономикалық нәтиже мерзімдерін оңтайландыру, ресурстарды мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде мемлекеттік функцияларды атқару кезінде жауапкершіліктің мөлдірлігі мен шектеулілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін енгізу толық функционалды ықпалдастырылған шешімдер алу есебінен қол жеткізілетін болады. Ресурстарды басқаруды қамтамасыз ету үшін отандық және шетелдік өндірістің нақты бағдарламалық өнімдерін таңдау мен енгізу олардың МО алдына қойылған міндеттерге сәйкестігіне ұсыныстарды және ЭҮ жалпы жүйелік ландшафтында біріктіру мүмкіндігін мұқият талдаудан кейін жасалатын болады.
Мемлекетті жедел басқарудың функцияларын автоматтандыру, сондай-ақ елдегі экономикалық және саяси оқиғалардың мониторингі мен бақылау мақсатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі үшін жағдайлық орталық жүйесін әзірлеу жоспарлануда.
Корпоративтік басқару функцияларын автоматтандыру
Бағдарламаны іске асыру барысында корпоративтік басқару функцияларын автоматтандыру үшін МО арасындағы қайталанатын ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ағымдарды алып тастау, барабар ақпараттық және қолданбалы инфрақұрылымдарын қамтамасыз ету мақсатында МО бар ақпараттық жүйесі талдауға алынатын болады. Әрбір МО үшін мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен мөлдірлігін қамтамасыз ету мақсатында ЭҮРБАЖ функционалдық талаптар мамандандырылатын болады. Мемлекеттік корпоративтік басқару регламенттері мен ережесі әзірленетін болады, мемлекеттік ресурстарды басқарудың бизнес-үдерістеріне қайта инжинирингтеу өткізілетін болады.
Барлық МО үшін басқару функцияларын немесе корпоративтік басқару функцияларын автоматтандыру Бағдарламаның аса басымдық міндеті болып табылады. Корпоративтік басқару функциялары - бұл, ең алдымен жоспарлау, бюджеттеу, мемлекеттік сатып алулар мен кадрларды басқару. Корпоративтік басқарудың мемлекеттік функцияларын тиімді атқару үшін Бағдарлама МО корпоративтік басқарудың бизнес-үдерістерін кешенді автоматтандыру - ЭҮ құрамдас бөліктері сияқты е-Қаржы, е-Экономика, е-Кадрлардың кіші жүйесінен тұратын ЭҮ РБАЖ енгізуді қарастырады. ЭҮ РБАЖ пилоттық аймақта өнеркәсіптік пайдалануға енгізілетін болады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді және келісіледі.
Е-Қаржының кіші жүйесі
Мемлекеттік мекемелердің қаржылары мен активтерін тиімді және мөлдір басқару мақсатында ЭҮ РБАЖ жүйесінің е-Қаржылар кіші жүйесі шеңберінде МО қаржыларын басқару үдерістері автоматтандырылатын болады. Бұл үшін қаржыларды басқару үдерістерін бірегейлендіру үшін мынадай шарттар қамтамасыз етілуі тиіс:
1) есепке алуды жүргізу және есептілік бойынша бірыңғай талаптарды белгілейтін МО және нормативтік құқықтық акті үшін бірыңғай есепке алуды жүргізу саясатын әзірлеу және бекіту;
2) МО үшін бухгалтерлік есеп жүргізудің есеп жоспарын әзірлеу және бекіту мақсаттарында бюджеттік жоспарлау үдерістерін стандарттау және МО әкімшілік-шаруашылық рәсімдерін есепке алу.
Е-Қаржылар кіші жүйесін енгізу қаржы, бөлігінде Бас кітапты жүргізуге, қаржылық есептілікті топтастыруға, бюджеттің орындалуын бақылауға, табыстарды, жағдайларды, қолда барды, ішкі және сыртқы қарыздарды, қаржылық аудитті қамтамасыз ету тәуекелділігін, мемлекеттік қызметшілердің жалақысымен есеп айырысуын қамтамасыз етуге қатысты барлық басқарылатын бизнес-үдерістерді орталық деңгейде толық біріктіру қарастырылатын болады. Е-Қаржылар кіші жүйесі толық иелену циклын қоса алғанда: сатып алу (құрылыс), жалға алу, ұстау, жөндеу, сақтандыру, сату, шығынға жазу, құнын қоса алғанда, барлық қажетті тарихи параметрлерімен қорлардың паспорттарын жүргізу, мемлекеттік мекемелердің мүлкін (ғимарат, құрылыс, негізгі құралдар) орталық есепке алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік мекемелердің қаржылары мен активтерін тиімді және мөлдір басқару мақсатында техникалық тапсырма әзірленетін және Қазақстан Республикасы Қазынашылығының (Қазынашылықтың АЖ) ақпараттық жүйесінде мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есептерін біріктіруді қамтамасыз етуге мүмкіншілік беретін мемлекеттік мекемелердің қаржылары мен активтерін басқару жөніндегі бірыңғай бағдарламалық өнім енгізілетін болады.
Е-Қаржылар мен Қазынашылықтың АЖ кіріктіру барлық МО бойынша активтер, талаптар мен жағдайлар жөніндегі сенімді және салыстырмалы ақпаратқа ие болуына мүмкіндік береді. Бұл сонымен қатар есептерді толық көлемде қалыптастыруды, есептердің артық санын қысқартуды, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен берілетін салыстырмалық есептердің сенімділігін тексеруді қамтамасыз етеді.
Е-Қаржылар кіші жүйесін енгізудің басты мақсаты қаржылық есептіліктің толықтығын, өз уақтылығын және сенімділігін, сондай-ақ оны қалыптастыру бойынша функциялардың қосарлануын қысқартуды қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелердің қаржыларын басқарудың және активтерін есепке алу тұтастығын құру болып табылады.
Е-Экономиканың кіші жүйесі
ЭҮ РБАЖ е-Экономиканың кіші жүйесі мемлекеттің экономикасын жедел және стратегиялық басқару мақсатында жоспарлау және бюджеттеу үшін негізгі құрал болады. Е-Экономиканың кіші жүйесі нәтижеге бағытталған бюджеттеуді қолдау тетігі көмегімен мемлекеттің орта мерзімді қаржылық жоспарын (перспективада - ұзақ мерзімді бюджетті жоспарлаумен) Мемлекеттік дамыту стратегиясымен байланыстыруға мүмкіндік береді.
Е-Экономиканың кіші жүйесінде мемлекеттік жоспарлау үдерістерін басқарудың иілмелі жүйесі, есеп айырысу жүргізу мен сценарияларды моделдеу мүмкіндігі, жоспарлау үрдісіндегі іс жүзіндегі және статистикалық деректерге қол жеткізілімді ұйымдастыру, әртүрлі талдаулық кесінділерде жоспарларды қалыптастыру іске асырылатын болады. Регламент пен жауапкершілікті бөлу тұрғысынан жоспарлау үдерістеріне бақылау тетігі іске асырылатын болады. Бюджетті түзетудің тиімді рәсімдері мен орта мерзімді «жылжымалы» жоспарлау қамтамасыз етілетін болады. Е-Экономиканың кіші жүйесінде бюджеттік қызметтерді көрсету үдерісінде тұтас басқару тұжырымдамасын ақпараттық қолдау қарастырылатын болады.
Е-Кадрлардың кіші жүйесі
ЭҮ РБАЖ е-Кадрлардың кіші жүйесін енгізудің мақсаты персоналды басқаруда үздік әлемдік практикаларды енгізу болып табылады. Е-Кадрлардың кіші жүйесі кадрларды басқару жөніндегі қызметінің барлық аспектілерін қоса алғанда мемлекеттік қызметтің ақпараттық жүйесінің ықпалдастырылған және тұтас дерекқорларын құруға мүмкіндік береді: персоналды таңдау, жалдау, оқыту, аттестациялау, тігінен және көлденеңінен ауыстыру, көтермелеу және шара қолдану, резервтерді қалыптастыру. Мемлекеттік қызметтің кадрлық әлеуетін басқаруды орталықтандыру кадрлар жөніндегі талдау жұмыстарын орындауға, функцияларын, мақсаттарын, әрбір мемлекеттік қызметшілердің, МО бөлімшесінің, тұтас МО-ның, мемлекеттің деңгейіндегі міндеттерін, егжей-тегжейлі жоспарлауға мүмкіндік береді.
Е-Кадрлардың кіші жүйесі іссапарларды, еңбек демалыстарын, жұмыс күні табельдерін ресімдеу үшін Интернет бойынша өзінің ақпараттық ресурстары мен сервистеріне жойылған қол жеткізу мүмкіншілігін беретін болады. Е-Кадрлардың кіші жүйесі өндірістік емес мақсаттарға персоналдың уақыт шығынын азайтуға, менеджерлерге персоналды басқаруда өзінің функцияларын жедел орындау мүмкіншілігін беруге бейімделген.
5.2. Мемлекеттік қызметтердің базалық санаттарын автоматтандыру
ЭҮ моделдерінде қызметтердің (функциялардың) аз дегенде үш түрін атап көрсету қабылданған: G4С, G4B және G4G - бұл іске асырылатын функциялар. Қызмет беруші тұрғысынан G4C, G4B және G4G - бұл мемлекеттік қызметтер, оның нәтижелері заң күшіне ие. Әрбір мемлекеттік қызмет көрсетудің сапаға талабы мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттарында бекітілген, - бұл тиісті іске асырылатын мемлекеттік функцияларды, бизнес-үдерістерді орындау, оның орындалуы мемлекеттік қызметтер көрсетудің регламенттерінде бекітілген.
Мемлекеттік қызметтердің базалық санаттарын автоматтандыру бағдарламаның басымдық міндеттерінің бірі болып табылады. Әрбір МО өздерінің мемлекеттік қызметтерін (іске асырылатын функцияларын) олардың функционалдық мазмұнының түрі, оларды ХҚО арқылы сай көрсетудің орындылығы, оларды қосымшада (1-кесте) көрсетілген функционалдық санаттарға сәйкес автоматтандырудың орындылығы бойынша жіктеуге әкеледі. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мақсатқа сай емес жағдайда талап етушілік дәрежесі мен автоматтандыру күрделілігі негізінде оларды басымдықтау жүргізіледі. Бағдарламада мемлекеттік қызметтердің аса талап етілетін санаттары тізімі қосымшаларда (2, 3, 4-кестелер) келтірілген базалық санаттармен аталады.
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды басымдықтау мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың ведомстволық бағдарламаларына негіз болады. Мемлекеттік қызметтер тізілімі әлеуеттік және іс жүзіндегі автоматтандырудың - толығымен автоматтандырылған (медиа-ажырауларды ұстамайды), бірен-сарандап автоматтандырылмаған (медиа-ажырауларды ұстайды) автоматтандырылған, дәрежесін көрсетумен, жоғарыда атап өтілген мемлекеттік қызметтердің функционалдық және базалық санаттары бойынша жіктеумен толтырылатын болады. Осы тізілімнен әрбір автоматтандырылған мемлекеттік қызметке оны көрсетудің регламенті мен стандарты құрылатын болады. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің типтік регламенті мен типтік стандарты әдістемелік материалдарды әзірлеумен толықтырылатын болады.
Электрондық мемлекеттік қызметтер ЭҮБАЖ құру көмегімен іске асырылатын болады.
G4С электрондық қызметтерін дамыту
Азаматтар үшін мемлекеттік қызметтердің аса басымды санаттары болып табылатын (өтініш және тапсырыстарды беру, анықтамаларды, ескертпе хаттарды, рұқсаттарды алу) электрондық қызметтерді құру және дамыту - мемлекеттік қызметтердің автоматтандыруға жүйелілік қатынас іске асырылатын болады. Автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді беру мынадай ЫАЖ: е-Әділет, е-Жұмыспен қамту, е-Әлеуметтік қамсыздандыру, е-Білім, е-Денсаулық сақтау, е-Кеден, е-Салықтар, е-Сауда құру немесе дамыту көмегімен іске асырылатын болады. G4C түріндегі мемлекеттік қызметтердің басымдық санаттары тізбесі Қосымшадағы 2-кестеде келтірілген.
G4B электрондық қызметтерін дамыту
Тиісті нормативті-құқықтық актілерді қабылдаумен уақыт бойынша бизнеске қажет ұштастыру үшін мемлекеттік қызметтердің аса басымды санаттары болып табылатын электрондық мемлекеттік қызметтерді (өтініш және тапсырыстарды беру, анықтамалар алу, ескертпе хат, рұқсаттар) құру және дамыту. Автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді беру мынадай ЫАЖ: е-Әділет, е-Лицензиялау, е-Сатып алулар, е-Салықтар, е-Статистика, е-Кеден құру немесе дамыту көмегімен іске асырылатын болады. G4B түріндегі мемлекеттік қызметтердің базалық санаттарының тізбесі Қосымшадағы 3-кестеде келтірілген.
G4G электрондық қызметтерін дамыту
G2G қызметін құру мен дамытудың мақсаты мемлекеттік функциялар мен АКТ әкімшілік реформасын қолдауды тиімді іске асыру үшін мемлекеттік басқарудың әртүрлі деңгейлерінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасауды автоматтандыру болып табылады. ЭҮЕRР жүйесімен қажетті ықпалдасуды қамтамасыз ету және халық пен бизнеске электрондық қызметті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволарының ақпараттық жүйелерін жетілдіру жүргізілетін болады.
Бағдарламамен тиісті қолданбалы жүйелер шеңберінде G4G түріндегі айтарлықтай басымдық электрондық мемлекеттік қызметтерді құру мен дамыту көзделеді. Базалық санаттардың осы қызметтері қосымшада (4 кестеде) санамаланған. Осы санаттар бойынша G4C, G4B және G4G түріндегі нақты автоматтандырылған мемлекеттік қызметтердің жалпы тізімі аяқталу нысаны көрсетіле отырып жыл сайын жаңа қаржы жылының алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес бекітіледі.
«Электрондық әкімдіктер» құру және дамыту
Мемлекеттік қызметтердің айтарлықтай үлесі (шамамен 40%) жергілікті атқару органдарына тиесілі. Осы қызметтерді автоматтандыру табысына жалпы ЭӘ жұмысының тиімділігі байланысты болады. ЭӘ азаматтар мен бизнеске электрондық мемлекеттік қызметтер көрсететін аймақтық мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерді біріктіру арқылы аймақтық ЭҮ сияқты іске асырылатын болады. Барлық мемлекеттік қызметтер үшін толық автоматтандыруға қол жеткізудің мүмкін еместігін ескеру қажет. Алайда әртүрлі анықтамалар мен көшірмелерді беру жөніндегі айтарлықтай талап етілетін мемлекеттік қызметтердің көпшілігі толық автоматтандырылатын болады. Мемлекеттік қызметтердің басымдық санаттарын автоматтандыру ЭҮ ЫАЖ шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Барлық облыстық және қалалық ЭӘ үшін ЫАЖ ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен әзірленген ЭҮ сәулетіне қойылатын бірыңғай талаптар базасында аймақтық бағдарламалар шеңберінде қалыптасатын болады.
Әкімдіктер жанынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы ақпараттандыру жөніндегі комиссияның ұқсас функцияларымен және уәкілеттіктерімен ақпараттандыру жөніндегі комиссия құрылатын болады. ЭӘ құру мен дамытудың аймақтық бағдарламаларын атқаруға әзірлік пен жауапкершілік атқару органдарына жүктелетін болады. Аймақтық ЭҮ құру мен дамыту бағдарламаларының атқарылуын қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылатын болады.
5.3. ЭҮ базалық инфрақұрылымы мен қол
жеткізу тетіктерін дамыту
ЭҮ базалық инфрақұрылымының дамуы БКО кеңейту және ЭМ инфрақұрылымын құру жолымен жүзеге асырылатын болады. ЭҮ ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелеріне қол жеткізу тетіктерінің дамуымен бірге ЭҮ ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кешенді әдістеме енгізілетін болады.
Бірыңғай көліктік ортаны дамыту
БКО дамыту мемлекеттік органдарға көптеген қызметтерді беруге қабілетті тиімді және талап етілетін инфрақұрылымдар құруды қосады, оның ішінде:
қорғау мен қауіпсіздіктің бірыңғай саясаты;
мемлекеттік органдардың бар ведомстволық ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру;
көрсетілетін қызметтің қажетті қауіпсіздік және сапалық дәрежесін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың виртуальдық желісін (VТN) құру;
халық пен бизнес-құрылымдардың мемлекеттік органдардың жарияланатын ресурстарына қауіпсіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;
мемлекеттік органдардың Интернет ресурстарына қауіпсіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;
мемлекеттік органдар үшін байланыстың ведомстволық желісін құруға шығындарды төмендету;
деректер беру қызметтеріне шығындарды төмендету.
Деректер берудің мультисервистік желісі байланысты ұйымдастыруға қазіргі қатынасы. Бірыңғай желі қолданбалы міндеттер жұмысын қамтамасыз етеді, ішкі ведомствалық телефон байланысы мен бейнеконференцбайланысты береді, қызметшілерді қашықтан оқыту қосымшалары жұмыстары үшін ортаны қарастырады, азаматтардың немесе қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін өңдеуді автоматтандыру міндеттерін шешеді.
МО БКО желісі АКТт байланысқан магистралдық арналарынан тұрады, әрбірі қолданбалы жүйелер трафигін басқару мен мониторингінің кең мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген. Data-орталықтарды қосатын АКТт барлық облыс орталықтары мен Алматы және Астана қаласында ұйымдастырылатын болады.
Аудандық деңгейге дейінгі елді мекендерді қамтумен МО БКО спутниктік сегментін құру жөніндегі жұмыс жалғасуда.