Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 502 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 621 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 52-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Есім Ғарифолла | - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары |
Омашев Намазалы Омашұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны журналистиканы зерттейтін ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі; |
көрсетілген құрамнан Бишіғаев Асқар Дәруішұлы, Бурлаков Леонид Николаевич, Қозыбаев Сағымбай Қабашұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |