Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 434 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 475 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға |
Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Мағауов Әсет Маратұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі |
Бектұров Азат Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі; |
көрсетілген комиссия құрамынан Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы, Әбденов Серік Сақбалдыұлы, Ақшолақов Болат Оралұлы, Бірәлиев Әлжан Хамидоллаұлы, Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |