Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 914 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 395 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010.10.09. № 924 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 914 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 37, 442-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімнің «Бағдарламаны қаржыландыру көздері» деген кіші бөлімінде «ішкі қарыздар мен» деген сөздер алынып тасталсын;
«Қажетті ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімнің бірінші абзацында «сыртқы қарыздар мен» деген сөздер алынып тасталсын;
«Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламасының іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
«Су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру және ауыл шаруашылығында өнім өлшеміне үлестік су жұмсауды төмендету» деген 2-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 2.1-жолда:
5-бағандағы «2008» деген сандар «2010» деген сандармен ауыстырылсын;
6-бағандағы «120,000» деген сандар алынып тасталсын;
8-баған «120,000» деген сандармен толықтырылсын;
«Барлығы» деген жолда:
6-бағандағы «372,700» деген сандар «252,700» деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағандағы «181,128» деген сандар «301,128» деген сандармен ауыстырылсын.
«Су пайдаланудың осы заманғы тәсілдері мен әдістерін игеру, су шаруашылығы жүйелерін су өлшеу, суды есепке алу және су реттеу құралдарымен жарақтандыру» деген 3-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 3.1-жолда:
5-бағандағы «2008» деген сандар «2010» деген сандармен ауыстырылсын;
6-бағандағы «38,000» деген сандар алынып тасталсын;
8-баған «38,000» деген сандармен толықтырылсын;
«Барлығы» деген жолда:
6-бағандағы «347,300» деген сандар «309,300» деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағандағы «348,232» деген сандар «386,232» деген сандармен ауыстырылсын;
«Су ресурстары бойынша жиыны» деген жолда:
6-бағандағы «2296,300» деген сандар «2138,300» деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағандағы «2771,169» деген сандар «2929,169» деген сандармен ауыстырылсын;
«гранттар» деген жолда:
6-бағандағы «158,000» деген сандар алынып тасталсын;
8-баған «158,000» деген сандармен толықтырылсын;
«Балық шаруашылығының нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру» деген 4-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 4.1-жолда:
3-бағандағы «АШМ бұйрығы» деген сөздер «Үкіметке ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-баған «, 2009 жылдың 1-тоқсаны» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 4.2-жолда:
3-бағандағы «АШМ бұйрығы» деген сөздер «Үкіметке ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-баған «, 2009 жылдың 1-тоқсаны» деген сөздермен толықтырылсын;
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру» деген 10-кіші бөлімде:
«Бағдарлама бойынша барлығы» деген жолда:
6-бағандағы «3801,887» деген сандар «3643,887» деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағандағы «4344,086» деген сандар «4502,086» деген сандармен ауыстырылсын;
«Байланыссыз гранттар» деген жолда:
6-бағандағы «158,000» деген сандар алынып тасталсын;
8-баған «158,000» деген сандармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |