Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 397 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында ана мен бала өлім-жітімен азайту жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 612-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ана мен бала өлім-жітімен азайту жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламада:
«Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі» деген 5-бөлімде:
5.1-тармақтың жетінші абзацы алынып тасталсын;
«Ана мен бала өлім-жітімен азайту жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламаның іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |