Арнаулы әлеуметтік қызметті ұсыну жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және осы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 336 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
3) Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) мүгедектерге, оның ішінде психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
4) психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) мүгедектерге, оның ішінде психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
5) Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
6) жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
7) Күндіз емделетін аумақтық орталықтарда қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
8) күндіз емделетін аумақтық орталықтарда қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
9) Оңалту орталықтарында қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
10) оңалту орталықтарында қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
11) Қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға үйде күндіз күтім жасалатын арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
12) қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға үйде күндіз күтім жасалатын арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. «Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және осы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 маусымдағы № 466 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 207-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |