67. Уәкілеттi орган комиссияны құрады және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сурдотехникалық құралдарды сатып алуды жүргiзедi.
68. Тапсырысшы мен сурдотехникалық құралдарды жеткiзушiнiң арасында жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес жеткiзушi уәкілетті органға сурдотехникалық құралдарды жеткізудi жүзеге асырады.
69. Жеткізушіден сурдотехникалық құралдарды қабылдап алуды уәкiлетті орган жүзеге асырады.
Сурдотехникалық құралдарды жеткізушiден қабылдау актiсi екi данада жасалады:
1) бiрiншi данасы уәкілеттi органда қалады;
2) екiншi данасы жеткізушiге берiледi.
Актiлердің барлық даналарына уәкiлеттi органның және жеткiзушiнiң өкілдері қол қояды.
70. Қабылдап алу процесiнде анықталған пайдалануға (қолдануға) жарамсыз сурдотехникалық құралдар жеткiзушіден қабылданбайды және олар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың талаптарына сәйкес ауыстырылуға жатады.
71. Уәкілетті орган мүгедектерге есiту протезi көмегiн көрсету үшiн есту аппараттарын ұйымдарға бередi.
Уәкiлеттi органнан есiту аппараттарын қабылдап алу актілері екi данада жасалады:
1) бiрiншi данасы уәкiлетті органда қалады;
2) екiншi данасы ұйымға берiледi.
Актiлердiң барлық даналарына уәкілетті органның және ұйымның өкілдерi қол қояды.
12-тарау. Сурдотехникалық құралдарды iрiктеу және беру
72. Мүгедектерге есiту аппараттарын, есiту аппараттарына жинақтаушы бұйымдарды, есiту аппараттарының қоректендiру көздерiн iрiктеудi, дәлдеудi, берудi ұйым жүргізедi.
Есiту аппараттарын беру есiту аппаратының нөмiрi, берiлген күні көрсетiле отырып және алушының қолы қойылып пациенттiң жеке медициналық-әлеуметтік картасында тiркеледi.
73. Есiту аппараттары Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне кемiнде 3 жылдан кейiн және мүгедектердiң қалған санаттарына 4 жылдан кейiн ауыстырылады.
74. Ауыстырған кезде бұрын берiлген есiту аппараты ұйымға мiндеттi түрде қайтарылуға тиiс.
75. Ұйым есіту аппаратын мерзiмiнен бұрын берудi:
1) есiту қабілеті нашарлаған және есiту қабілетiн есiту аппаратының басқа түрiмен түзеу қажеттілігі кезiнде;
2) ол ұрланған немесе өзге де объективтi себептер бойынша жоғалған жағдайларда уәкілетті органдардың тиiсті құжаттары негізiнде жүргiзедi.
76. Ұйым Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына 3 жылда бiр рет, бiрiншi, екiншi, үшінші топтағы мүгедектерге 4 жылда бiр рет мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебiнен есiту аппараттарын жөндеудi жүргiзедi, дыбыс өткiзгiш сымдарды, батарейкаларды немесе стандарттық зауыт жинаған аккумуляторларды, медициналық-әлеуметтiк картада берiлген күнін мiндетті түрде белгілеп және алған адамның қолын қойғызып бередi.
77. Уәкілетті орган жеткiзушілерден алған басқа да сурдотехникалық құралдар қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімдерiне алынған сурдотехникалық құралдардың атауы мен саны көрсетіле отырып, актi бойынша беріледi.
78. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмдерi басқа да сурдотехникалық құралдарды берудi тiзiм бойынша мүгедектiң тегiн, атын, әкесінің атын, зейнетақы куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнін, тұратын жерiн, алған сурдотехникалық құралдың атауын, алған күнін, алу туралы белгісiн көрсете отырып жүргiзедi.
13-тарау. Сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз
ету жөнiндегі есептілік
79. Ұйымдар мүгедектерге есiту аппараттарын берудi белгiленген нысандағы тiзiмдеме бойынша жүзеге асырады. Тiзiмдемеде берiлген күнi, тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, әлеуметтік мәртебесi, тұрғылықты мекен-жайы, төлқұжатының немесе жеке куәлігінiң, зейнетақы куәлiгiнiң нөмiрi, есiту аппаратының маркасы мен нөмiрi, сондай-ақ есiту аппаратын алғанына қойған қолы көрсетіледі.
80. Ұйым ай сайын есіту аппараттарының берілу есебi тізiмдемесiнің бiр данасын уәкілетті органға екi данадағы орындалған жұмыстардың тапсыру-қабылдап алу актісiн жасай отырып бередi.
81. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерi сурдотехникалық құралдарды бергеннен кейiн бiр айдың iшiнде уәкілеттi органға мүгедектiң тегiн, атын, әкесiнiң атын, зейнетақы куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнiн, тұрғылықты мекен-жайын, алған сурдотехникалық құралдың атауын, берiлген күнiн, сондай-ақ алғандығына қойған қолын көрсете отырып сурдотехникалық құралдарды алған мүгедектердiң тiзiмiн бередi.
4-бөлiм. Тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету
14-тарау. Жалпы ережелер
82. Бiрiншi және екінші топтағы мүгедектердi, мүгедек-балаларды тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 160 қаулысымен 83-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
83. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер, мүгедек-балалар тифлотехникалық құралдармен өтініштерінің, аумақтық орган әзiрлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негiзiнде қамтамасыз етіледi.
15-тарау. Тифлотехникалық құралдарға қажеттiлiктi
қалыптастыру және мемлекеттік сатып алуды жүргiзу
84. Тифлотехникалық құралдарды қажет ететiн бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер, мүгедек-балалар тұрғылықты тұратын жеріндегі қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмдерiне өтініш бередi.
Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменттерi (басқармалары), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаменттерi (басқармалары) (бұдан әрi - уәкiлетті орган) өтiнiштердiң, аумақтық орган әзiрлеген мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының негізiнде, олардың тiзбесi мен санын көрсете отырып, тифлотехникалық құралдарға қажеттiлiктi айқындайды.
85. Уәкілеттi орган комиссия құрады және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тифлотехникалық құралдарды сатып алуды жүргiзедi.
86. Тапсырысшы мен тифлотехникалық құралдарды жеткiзушiнiң арасында жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес жеткiзуші уәкілетті органға тифлотехникалық құралдарды жеткiзудi жүзеге асырады.
87. Жеткізушiден тифлотехникалық құралдарды қабылдап алуды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тифлотехникалық құралдарды жеткiзушiден қабылдау актісi екi данада жасалады:
1) бiрiншi данасы уәкілетті органда қалады;
2) екiншi данасы жеткізушiге беріледi.
Актілердiң барлық даналарына уәкілетті органның және жеткiзушiнiң өкілдерi қол қояды.
88. Қабылдап алу кезiнде анықталған пайдалануға (қолдануға) жарамсыз тифлотехникалық құралдар жеткізушіден қабылданбайды және олар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың талаптарына сәйкес ауыстырылуға жатады.
16-тарау. Тифлотехникалық құралдарды
беру және есептілiк
89. Уәкілеттi орган жеткізушiден алған тифлотехникалық құралдар алынған тифлотехникалық құралдардың атауы мен олардың саны көрсетiле отырып, актi бойынша, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне беріледi.
90. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi мүгедектің тегiн, атын, әкесiнiң атын, зейнеткерлік куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнiн, тұратын жерiн, алған тифлотехникалық құралдың атауын, алынған күнiн, алғандығы белгісiн көрсете отырып тифлотехникалық құралдарды тiзiм бойынша берудi жүргiзедi.
91. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi тифлотехникалық құралдар берiлгеннен кейiнгі бiр ай iшiнде, мүгедектiң тегiн, атын және әкесінің атын, зейнеткерлiк куәлiгiнiң нөмірiн, туған күнін, тұратын жерiн, алған тифлотехникалық құралдың атауын, берілген күнiн, алғандығын растап қойған қолын көрсете отырып, тифлотехникалық құралдар алған мүгедектердiң тiзiмдерiн уәкілетті органға ұсынады.
5-бөлiм. Мiндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету
17-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 160 қаулысымен 92-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
92. Мiндетті гигиеналық құралдар деп мүгедектердiң табиғи физиологиялық мұқтаждықтары мен қажеттілiктерiн қанағаттандыруға арналған несеп қабылдағыштар, нәжiс қабылдағыштар, жөргектермен ұғынылады.
93. Мүгедектердi міндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 160 қаулысымен 94-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
94. Мүгедектер мiндетті гигиеналық құралдармен өтiніштерінің, аумақтық орган әзiрлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының негiзiнде қамтамасыз етіледi.
ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 160 қаулысымен 94-1-тармақпен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
94-1. Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету мүгедекті жеке оңалту бағдарламасына сәйкес медициналық айғақтамалар негізінде осы Ережеге қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тері қабаты тұтастығының ауқымды бұзылуы, сондай-ақ бұтаралық аумақта тері ауруларының болуы мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен) қамтамасыз етуге қарсы медициналық айғақтама болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 160 қаулысымен 94-2-тармақпен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
94-2. Міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедектер мынадай құжаттарды:
1) мүгедекті жеке оңалту бағдарламасынан үзінді көшірмені;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты;
3) мүгедек балалар - жеке басын куәландыратын құжатты, кәмелетке толмағандар - баланың туу туралы куәлігін және ата-анасының (қамқоршының, қорғаншының) бірінің жеке басын куәландыратын құжатты;
4) мүгедектігі туралы анықтаманы қоса беріп, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш жасайды.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен және көшірмелерімен беріледі, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты, оларды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетілетін растама бере отырып, өтініш иесіне қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 160 қаулысымен 94-3-тармақпен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
94-3. Өзі барып өтініш жасау мүмкін болмаған жағдайда, мүгедек нотариалды түрде куәландыруды талап етпейтін сенімхат негізінде міндетті гигиеналық құралдар беру туралы өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік бере алады.
ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 160 қаулысымен 94-4-тармақпен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
94-4. Мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдар беру туралы шешімді (бұдан әрі - шешім) қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері барлық қажетті құжаттар болған кезде құжаттар қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Шешім қабылданғаннан кейін қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілуге тиіс мүгедектер туралы мәліметтерді жасайды және міндетті гигиеналық құралдарға қажеттілікті қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 160 қаулысымен 94-5-тармақпен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
94-5. Қалыптастырылған қажеттілік негізінде қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес міндетті гигиеналық құралдарды сатып алуды жүргізеді.
18-тарау. ҚР Үкіметінің 2006.14.03. № 162 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19-тарау. Мiндетті гигиеналық құралдарды
беру және есептілік
ҚР Үкіметінің 2006.14.03. № 162 Қаулысымен 100-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 160 қаулысымен100-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
100. Жеткізуші міндетті гигиеналық құралдарды, атауы мен олардың санын көрсете отырып, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне акті бойынша береді.
Жеткізушіден міндетті гигиеналық құралдарды қабылдауды қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жүзеге асырады.
Жеткізушіден міндетті гигиеналық құралдарды қабылдау актілері екі данада жасалады:
1) бірінші данасы қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қалады;
2) екінші данасы жеткізушіге беріледі.
Актілердің барлық даналарына қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және жеткізушінің өкілдері қол қояды.
101. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмдерi міндеттi гигиеналық құралдарды берудi мүгедектің тегін, атын, әкесiнiң атын, зейнеткерлiк куәлігінің нөмiрiн, туған күнiн, тұрғылықты жерiн, алған міндетті гигиеналық құралдың атауын, алған күнiн, алғандығы белгiсiн көрсете отырып тiзiм бойынша жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 160 қаулысымен 101-1-тармақпен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
101-1. Міндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге өтініш жасалған айдан бастап беріледі.
ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 160 қаулысымен 102-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
102. Табиғи физиологиялық мұқтаждар мен қажеттілiктердi қанағаттандыруға арналған мiндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге бiр жылға мынадай мөлшерде берiледi:
1) тiрек-қозғалыс аппаратының бұзылушылығы бар мүгедектерге жөргектермен - 480 дана;
2) несепжыныс жүйесiнің бұзылушылығы бар мүгедектерге несеп қабылдағыштар - 12 дана;
3) iшек ауруы бар мүгедектерге нәжiс қабылдағыштар - 12 дана.
103. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімдерi мiндетті гигиеналық құралдар берiлгеннен кейiн бiр айдың iшiнде мүгедектiң тегін, атын, әкесiнің атын, зейнеткерлiк куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнiн, тұрғылықты жерiн, алған мiндетті гигиеналық құралдың атауын, берiлген күнiн, алғандығына тұлғаның қойған қолын көрсете отырып уәкiлеттi органға гигиеналық құралдарды алған мүгедектердiң тiзiмiн ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 160 қаулысымен қосымшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Мүгедектерді протездік-ортопедиялық
көмекпен және техникалық көмекші
(орнын толтырушы) құралдармен
қамтамасыз ету ережесіне
қосымша
Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз
етуге медициналық айғақтамалар
1. Мүгедектерді жөргектермен қамтамасыз етуге:
1) ағзаның аурулар және/немесе жарақаттар салдарынан туындаған несеп пен нәжістің тоқтамауы түрінде жамбас органдары функцияларының бұзылуына ұласқан статикалық-динамикалық бұзылушылықтары;
2) өзінің мінез-құлқын бақылауының бұзылуынан туындаған психикалық бұзылушылықтар салдарынан несеп пен нәжістің тоқтамауы;
3) жамбас органдары функцияларының несеп жолдары мен тік ішектің жарақаттануы, жұлынның, несеп шығару жүйесі мен асқазан-ішек трактісінің туа біткен ауытқулары салдарынан несеп пен нәжістің тоқтамауы түріндегі бұзылуы медициналық айғақтамалар болып табылады.
2. Мүгедектерді несеп қабылдағыш пен нәжіс қабылдағышпен қамтамасыз етуге ішек немесе қуық стомасының болуы медициналық айғақтамалар болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 20 шiлдедегі
№ 754 қаулысымен
бекiтілген
Мүгедектерге берiлетiн техникалық көмекшi
(орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы
жүрiп-тұру құралдарының тiзбесi
1. Протездiк-ортопедиялық құралдар:
1) қол протездерi (иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi);
2) жілiншiк протездерi;
3) жамбас протездерi;
4) кеуде бездерінiң протездерi;
5) аппараттар, туторлар, ортездер;
6) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар;
7) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;
8) бандаждар, емдiк белбеулер, балалардың алдын алу шалбаршалары;
9) ортопедиялық аяқ-киім және қосымша тетiктер (кебiстер, супинаторлар);
10) аппараттарға арналған аяқ-киім.
2. Сурдотехникалық құралдар:
1) есту аппараттары;
2) бейнекомпьютерлер;
3) көп функционалды дабылды жүйелер;
4) телефакстер;
5) мәтiндiк хабарламасы және хабарды қабылдау қызметi бар ұялы телефондар;
6) саңырау және нашар еститiн адамдарға арналған сағаттар.
3. Тифлотехникалық құралдар:
1) таяқтар;
2) тифломагнитолалар;
3) оқу машиналары;
4) компьютерлiк тифлокешендер;
5) Брайл жүйесi бойынша жазу құралы;
6) Брайл жүйесi бойынша жазу грифелi;
7) рельефтi-ноқатты қарiппен жазуға арналған қағаз;
8) диктофондар;
9) дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер;
10) нашар көретiн адамдарға арналған сағаттар.
4. Арнаулы жүрiп-тұру құралдары:
1) бөлмелiк кресло-арбалар;
2) серуен кресло-арбалары.
5. Міндетті гигиеналық құралдар:
1) несеп қабылдағыштар;
2) нәжіс қабылдағыштар;
ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 160 қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жөргектер.