Магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда жүру қауiпсiздiгi
талаптарының сақталуын тексеру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1249 қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 16 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Темір жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда жүру қауiпсiздiгі талаптарының сақталуын тексеру ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы | А.Павлов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1249 қаулысымен
бекітілген
Магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда жүру
қауiпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Магистралдық, станциялық, және кiрме жолдарда жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру ережесi (бұдан әрi - Ереже) мемлекеттік көлiктiк бақылау уәкiлеттi органының (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лауазымды тұлғаларының, магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда жүру қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға тексеру жүргiзу тәртібін анықтайды.
2. Тексеру жүргiзу кезiнде уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Магистралдық, станциялық және кiрме
жолдарда жүру қауiпсiздiгi талаптарының
сақталуын тексеру тәртібі
3. Уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары өз құзыретiне қатаң сәйкестiкте магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексерудi жүзеге асырады.
4. Магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру, сондай-ақ жүру қауiпсiздiгiнiң айқындалған бұзушылықтарын жою:
1) магистралдық және станциялық жолдарда - ай сайын, ол туралы темір жол көлiгi ұйымының тексеру журналына жазба жазылуы тиiс;
2) кiрме жолдарда - тоқсан сайын, нәтижесiнде анықталған бұзушылықтар туралы акт ресiмделуге тиiс.
5. Магистралдық, станциялық және кiрме жолдардың техникалық жағдайын тексеруден басқа, жолаушылар және жүк тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге ықпал ететiн ғимараттар мен құрылымдар бір уақытта қаралуға тиiс.
6. Тексеру кезiнде арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрамды (жолөлшегіш вагон, вагон-дефектоскоп және т.б.) қолдану тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi, бұл ретте магистралдық және станциялық жолдардың учаскелерi бойынша жолаушылар поездарының сағатына 60 км/сағ және одан көп жылдамдықпен жүретiн бағыттарын тексеру айына кемiнде екi рет жүргізілуі тиіс.
7. Магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексерудi уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары:
1) жыл сайын бекітілетiн ведомствоiшiлiк жоспардың;
2) мемлекеттік органдардың тапсырмалары негiзiнде, сондай-ақ шаруашылық субъектiлерi лицензиялық және көлiк заңнамаларын бірнеше мәрте бұзған жағдайда жүргiзiледi.
8. Бөлшектердi немесе заттарды зерттеуге немесе сынауға жiберу туралы шешiмдi жүру қауiпсiздiгi талаптарын сақтауды тексеретiн басшы, ал Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының келісімi бойынша қабылдайды.
9. Жүру қауiпсiздiгiн бұзушылық жағдайларын айқындауда есепке алудың бастапқы құжаты қызметтiк тексерудiң РБУ-1 нысанды (1-қосымша), РБУ-3 нысанды (2-қосымша) актiсiнiң бірiншi данасы және РБУ-7 нысанды (3-қосымша) есептеу кiтабындағы жазу болып табылады.
Қазақстан Республикасының темір жол көлiгіндегі поезд және маневр жұмысында жiберiлген жүру қауiпсiздiгiн бұзушылықтар оқиғалары жөніндегі есептер РБ-2 нысаны (4-қосымша) бойынша жасалады.
10. Жүру қауiпсiздiгi бұзушылығы айқындалған жағдайда тексеру материалдарына мынадай құжаттар жатады:
1) iстiң тiзiмдемесi;
2) қызметтiк тексеру актiсi (РБУ-3 нысанды);
3) жүру қауiпсiздiгiн бұзу фактiсi бойынша жүру қауiпсiздiгi жөніндегі бас ревизордың техникалық қорытындысы;
4) жүру қауiпсiздiгiн бұзу жағдайын талдау бойынша темір жол көлiгi ұйымдарында жүргiзiлген жедел кеңестердiң хаттамалары;
5) темір жол ұйымдары басшыларының қызметтiк тексеру нәтижелерi бойынша шығарған бұйрықтары;
6) темір жол көлiгi жылжымалы құрамы мен техникалық құралдарын ұстау нормаларынан ауытқулары және зақымдары көрсетiлген сызбалар, актiлер мен фотосуреттер;
7) түпнұсқасының сақталатын орнын көрсете отырып, поезд локомотивiнiң жылдамдық өлшегiш таспасының мағынасын ашу нәтижелерi;
8) айқындалған жүру қауiпсiздiгi бұзушылықтарына қатысы бар жүру қауiпсiздiгi техникалық, құралдарының, соның iшiнде букстердiң қызып кетуiн автоматты анықтау, автоматты локомотив дабылдары аспаптарының жай-күйi және жұмыс iстеуi туралы актiлер;
9) поездың заттық қағазы;
10) жүру қауiпсiздiгiн бұзушылық себептерiне қатысты бөлiгiнде техникалық құралдарды тексеру журналдарынан, диспетчерлiк өкiмдерiнен, станциялардың техникалық-басқарушылық актілерінен, ревизорлық нұсқаулар кiтаптарынан үзiндi көшiрмелер;
11) жүру қауiпсiздiгiн бұзушылыққа қатысы бар тұлғалардың мiнездемелерi, олардың түсiнiктемелерi, еңбек және демалыс режимi туралы мәлiметтер;
12) жылжымалы құрамның зақымдану дәрежесi туралы актiлер;
13) жүктердiң жоғалуынан немесе бүлiнуiнен болған зияндар, техникалық құралдарда болған ақаулар, жүру қауiпсiздiгiн бұзушылық салдарын жоюға арналған шығындар туралы алдын ала мәлiметтер бар анықтама;
14) жұмыстағы жүру қауiпсiздiгiн бұзушылық айқындалған жағдайлар туралы материалдар бар iске жедел кеңестер хаттамалары, жүргiзiлген талдау нәтижелерi бойынша шығарылған бұйрықтар және жұмыста жүру қауiпсiздiгiн бұзушылықтардың алдын алу жөнiндегі iс-шаралар қоса берiледi.
11. Жүру қауiпсiздiгiнiң айқындалған бұзушылықтар уәкiлеттi органмен есепке алынады. Есеп жүргiзу тәртібі уәкiлеттi органмен бекітіледi.
3. Авария кезiнде магистралдық, станциялық және
кiрме жолдарда жүру қауiпсiздiгi талаптарының
сақталуын тексеру тәртібі
12. Авария кезiнде магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру РБУ-1 нысанды актiнi ресiмдеумен екi жетi мерзiмде жүргiзiледi және уәкiлеттi органға жiберiледi.
Тексеру нәтижелерi уәкiлеттi органмен бір айдың iшiнде қаралады.
13. Авария кезiнде магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру барысында, тексеру жүргiзу басшысы: тартым жылжымалы құрамның техникалық жай-күйiнiң журналын, оның жылдамдық өлшегiш таспасын, поездың заттық қағазын, поезды тежегiштермен қамтамасыз ету туралы анықтаманы, аталған поезд-учаскесiнде жүру жылдамдығын шектеу туралы ескертпе бланктердi тiкелей алып қояды.
14. Авария жағдайларын тексеру материалдарына осы Ереженiң 10-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) жүргiзiлген эксперименттер мен есептеулердің (олар жүргiзiлген жағдайда) нәтижелерi;
2) авария болған учаске бойынша поездар жүрiсiнiң атқарылған кестесiнiң көшiрмесi және тасымалдау бөлiмшесiнiң бастығы растаған поездардың кiдiруi туралы анықтама;
3) авария болған жердегi жолдың жоспары мен пiшiнi, жол өлшеу вагондарының таспасын қоса берiп, жол өлшеу және ақау тапқыш құралдармен жолды соңғы тексерудiң нәтижелерi туралы анықтама, сондай-ақ жолды заттай тексерудiң нәтижелерi туралы кiтаптардағы жазбалардың көшiрмелерi;
4) метеорологиялық анықтама;
5) темір жол көлiгi ұйымдарының зардап шеккен азаматтары мен қызметкерлерi туралы ақпарат;
6) жылжымалы құрамның орналасуы, олардың рельстен шығып кеткен iздерi рельстен шығу басталғаннан бастап локомотивтiң және (немесе) вагондардың жекелеген топтарының тоқтаған жерiне дейiн көрсетiлген жолдың үстiңгi қабат құрылыстарының бұзылу сызбасы;
7) рельстен шығып кеткен орынды, жылжымалы құрамның техникалық жай-күйiн, жолды, дабыл беру, орталықтандыру, блоктау және байланыс құрылғыларын, қирау немесе авария себептерiн белгiлеу кезiнде маңызы бар басқа да құрылғыларды тексеру актілері (бұл ретте көрсетiлген актiлерге оны пайдалануға жауапты темір жол көлiгi ұйымдарының басшылары қол қояды);
8) авария салдары жалпы көрiнiсiнiң, зақымданған жолдың, жылжымалы құрамның, жолда табылған бөтен заттардың, бөлшектердiң, поезд локомотивiн басқару аспаптарының жағдайы мен жай-күйiнiң фотосуретi;
9) жүру қауiпсiздiгiн бұзуға тiкелей кiнәлi тұлғаларды медициналық куәландыру туралы қорытынды;
10) оқиғаға қатысы бар тұлғалардың жазбаша түсiндiрмелерi және сұрау хаттамасы.
15. Авария кезiнде жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталу тәртібін тексеру материалдары кемiнде төрт данада жасалады және жiберiледi:
1) уәкiлеттi органға;
2) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына;
3) Қазақстан Республикасының көлiктегi iшкi iстер органдарына;
4) Авария жiберген ұйымға.
16. Темір жол көлiгi қызметiне байланысы жоқ өзге ұйымдардың қызметкерлерiнiң кiнәсiнен болған аварияны тергеу материалынан туындайтын техникалық қорытынды мен ұсыныстар көрсетiлген ұйымдарға жiберiледi.
17. Аварияға жүргiзiлген тексеру нәтижелерi туралы материалдардың уәкiлеттi органда сақталу мерзiмi - кемiнде 5 жыл.
Магистралдық, станциялық
және кiрме жолдарда жүру
қауiпсiздiгi талаптарының
сақталуын тексеру ережесіне
1-қосымша
Аварияны алғашқы тергеудiң актісi
(РБУ-1 нысаны)
_________ жылғы _________ (күні, айы) ___________ (станция, аралық)
_________________________________________________ (темір жол көлiгi
ұйымның атауы) басшысы ───────────────────────────────── (басшының
Т.А.Ә.) ___________________________________________________________
(қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге жауапты темір жол көлiгi ұйым
қызметкерлерiнiң Т.А.Ә.) қатысуымен прокурор
___________________________________________ бірлесiп жасады, авария
болған жерге келiп және авария себебiне алғашқы тексеру жүргiзiп,
мынаны анықтады:
1. Аварияның мән-жайы
___________________________________________________________________

____________________________________________________________(авария
орнындағы жылжымалы құрамның тұрған жері - толық сызбасы,
фотосуреттер қоса берiледi)
2. Авария салдары
Зардап шеккендер | Жылжы- малы құрам | Қира- ғаны | Жөндеу көлемiнде зақымдалғаны | Жол |
Күр- делi | Орта- ша | Ағым- дағы |
Зақымдалған: ________адам локомотив жол - қаза болды ........ стрелка - Жарақат. Жүк/вагон Жол, ЖҚ, танғаны:___ жүк және тағы басқалардың ауыр:____ 2 - осьтiк зақымда. адам .......... нуынан келтiрiлген сома ............ жеңiл: 4 - осьтiк _____ адам .......... Қозғалыстағы Жолаушы- үзіліс: лар/вагоны Толық ______ сағ. _______ мин. _______ Бiржолда сағ. мин. |
| | | | | | |
1) Аварияға ұшыраған поездар:
По- езд N | По- езд тү- рі | Локомотив | Поезд құрамы | Ескерту |
се- рия- сы | N | Осьте- рiнiң саны | вагондар саны |
2 ось- тiк | 4 ось- тiк | 8 ось- тiк | жүк тиелген | бос |
|
|
|
| | | | | | | | | | |
2) жергiлiкті жердің жағдайы (толтырған кезде керек емесiн
сызып тастаңыз): өр, еңіс ───┴─; алаңқай ұзындығы _____ метр; қисық
радиусi _____ метр; түзу ұзындығы _____ метр; метр тереңдiктi шұңқыр,
биiктiктi үйінді;
3) ауа-райы жағдайы: (керек емесiн сызып тастаңыз) ашық,
қараңғы, жел, қар, боран, аяз, жаңбыр, көктайғақ _________________
4) жолдың жоғарғы қабатының конструкциясы: _______________
үлгiсіндегі рельс, бекiтпенiң _____ үлгiсi, 1 шақырымға алғандағы шпал
саны _____ , _______________ балласты;
5) жолдың жоғарғы қабатын қараудың нәтижелерi (нақты жай-күйiн
және оны ұстауда анықталған ауытқуларды көрсете отырып)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
6) жылжымалы құрамның жүру бөлшектерiн қараудың нәтижелерi
(жай-күйі және қалыпты өлшемдердiң және рұқсаттардың анықталған
ауытқулары көрсетiлсiн)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
7) тiркеу және соғу аспаптарын қарау нәтижелерi (жай-күйi және
қалыпты өлшемдердiң және рұқсаттардың анықталған ауытқулары көрсетiлсiн)
8) жол және поезд дабылдарының жағдайы, көрiнуi және жай-күйi
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
9) поезд машинисiне ескертудi беру керек пе еді, ол қандай
және ол берiлдi ме?
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
10) поезд жүрiсiнiң белгiленген нақты жылдамдығы (анықтау
әдiсiн көрсете отырып)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
11) поезд құрамының дұрыс қалыптастырылуы (анықталған
бұзушылықтарды көрсете отырып)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
12) поезд құрамын тежегіштермен қамтамасыз ету: автотежегiш
осьтерiнiң саны мен жалпы тежегiшті басу (поезды ажыратқан кезде -
құрамның соңғы және басқы бөлiгi үшiн жеке-жеке) анықталды________/ iс
жүзiнде ________ қол әрекетiмен анықталды ─────── ic жүзінде ________
13) поезд құрамында қолданылатын тежегіш осьтерінің орналасуы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
14) автотежегіштің анықталған ақаулығын сипаттау
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
15) тоқтату крандарының орналасуы мен жай-күйi, соның iшiнде
қайсысы iске қосылған
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
16) локомотивтiң және тежегiш вагондардың қалыптарының
жай-күйi
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
17) автотежегiш жеңдерi мен шеткi крандардың жай-күйi,
жабылған шеткi крандардың болуы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
18) локомотив автотежегiштерi қосылған ба ___________________
19) автотежегiштердi сынау жyгiзiлдi ме, қашан, қайда және кiм
жүргiздi
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
20) құрам бойынша кондукторлар бригадасын орналастыру
___________________________________________________________________
21) локомотивте реверс реттеушiнiң (бақылаушы) және машинист
кранының орналасуы
___________________________________________________________________
22) машинист поезды тоқтату жөнiнде шара қолданды ма (және
қандай жолмен) (iс-әрекет тiзбегiн және авария болған орыннан бастап
тежеудi қолдана бастаған қашықтықты көрсетумен)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
23) локомотивте авария кезiнде маңызға ие болуы мүмкiн
ақаулардың болуы
___________________________________________________________________
_______________________________________________________________
24) дабылдарды кім және олардың қандай түрлері берілді