Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 наурыздағы № 343 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 265 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 9, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына:
Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; |
Марченко Григорий Александрович | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы (келісім бойынша) |
мына енгізілсін;
«Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекшінің орынбасары» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекшінің орынбасары»; |
көрсетілген құрамнан Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |