Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 333 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 715 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Магистральдық, станциялық және кірме жолдарда жүру қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1249 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 514-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Магистральдық, станциялық және кірме жолдарда жүру қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру ережесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Магистральдық және станциялық жолдардың учаскелері бойынша жолаушылар поездарының сағатына 60 км/сағ және одан көп жылдамдықпен жүретін бағыттарын тексеру айына кемінде екі рет жүргізілуі тиіс»;
3-бөлімнің тақырыбында, 12, 13, 15, 16, 17-тармақтардағы «Авария», «аварияны» және «Аварияға» деген сөздер тиісінше «Апат немесе авария», «Апатты немесе аварияны» және «Апатқа немесе аварияға» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақта:
бірінші абзацтағы «Авария» деген сөз «Апат немесе авария» деген сөздермен ауыстырылсын;
2), 3), және 8) тармақшалардағы «авария» деген сөздің алдынан «апат немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
1-қосымшада:
тақырыбында және барлық мәтін бойынша «Аварияны», «Аварияның», «Авария», «Аварияға» деген сөздер тиісінше «Апатты/аварияны», «Апаттың/аварияның», «Апат/авария», «Апатқа/аварияға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе: осы нысанды апат немесе авария жағдайында толтыру кезінде қажеттісінің асты сызылсын.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |