15) Банктің заңды мекен-жайы, почталық және банктік деректемелері, сондай-ақ іс жүзіндегі мекен-жайы өзгерген кезде Қорға 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде осындай өзгерістер туралы жедел хабарлауға. Хабарламаған және/немесе уақтылы хабарламаған жағдайда ықтимал салдарлар үшін Банк жауапты болады;
16) Банктің Қор ақшасының игеруі мен мақсатты пайдалануын және Банктің Қарыз алушыларды қаржыландыру шарттарын сақтағанын тексеруді жүргізу туралы хабарламаны алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Банк Қор ақшасының игерілгені мен мақсатты пайдаланылғанын және Банктің Қарыз алушыларды қаржыландыру шарттарын сақтағанын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын дайындауға, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін лайықты жағдайды қамтамасыз етуге (үй-жай, офистік техника және жиһаз беру) міндетті. Тексеру Қор ақшасын игеру мерзімі өткеннен кейін жүргізіледі;
17) Кредиттік шарттар бойынша Қор ақшасын игеру мерзімі өткен күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде Қор ақшасы есебінен Банк игерген жобалардың тізімін қоса бере отырып, осы Келісімнің 3-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген Қор ақшасының игерілгенін растайтын құжаттарды (уәкілетті тұлғаның қолымен және Банктің мөрімен куәландырылған көшірмелер) Қорға ұсынуға. Осы Келісімнің 3-бөлімінің 5-тармағында көзделген құжаттар орталықтандырылған түрде Қордың Бас офисіне ұсынылады (не осы Келісімнің 3-бөлімінің 5-тармағында көзделген құжаттар Банк филиалы орналасқан өңірдегі Қордың тиісті өңірлік филиалдарына ұсынылады);
18) жедел, 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, Банк қызметін жүзеге асыруға жасалған шектеулер немесе тыйым салулар туралы, сондай-ақ Банк акцияларының 10 %-ынан (он пайызынан) астамына қатысты меншік құқығының бір жолғы сатылуы немесе өзгеше түрде басқа біреуге берілгені және/немесе иелік ету және пайдалану құқықтарының басқа біреуге берілгені туралы жазбаша түрде хабардар етуге;
19) Банктік қарыз шартында Қарыз алушының Қор өкілдерін жобаларды іске асыру орнына жіберуін жүзеге асыру міндеттерін бекіту шараларын қабылдауға;
20) Қарыз алушылармен Банктік қарыз шартында Қарызды қаржыландыру көзі деп Қорды белгілеуге;
21) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде Қорға мынадай есептіліктің түпнұсқаларын ұсынуға:
есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күнгі жағдай бойынша теңгерімдік және теңгерімнен тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп (700 Н нысан);
тоқсан сайынғы бухгалтерлік теңгерім (№ 1 нысан);
кірістер мен шығыстар туралы тоқсан сайынғы есеп (№ 2 нысан);
ақшаның қозғалысы туралы тоқсан сайынғы есеп (№ 3 нысан);
меншікті капиталдағы өзгерістер туралы тоқсан сайынғы есеп (4-нысан);
ҚҚА Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы № 136 қаулысына сәйкес есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күнгі жағдай бойынша пруденциалдық (экономикалық) нормативтердің орындалуы туралы есептер (1, 2, 3-қосымшалар);
22) жыл сайынғы қаржылық есептілікті уәкілетті органға ұсыну мерзімі өткеннен кейін 10 (он) күнтізбелік күнге дейінгі мерзімде жыл сайынғы қаржылық есептіліктің түпнұсқасын жыл сайын Қорға ұсынуға;
23) осы Келісім жасалған күннен бастап 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Келісімге сәйкес ШОКС-ты қаржыландыру туралы жарнаманы кемінде 2 (екі) бұқаралық ақпарат көзіне орналастыруға, оның біреуі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын баспа басылымы болуға тиіс. Жарнамада ШОКС-ты қаржыландыру шарттары қамтылуға тиіс (қаржыландыру көзі Қор болып табылатынын көрсете отырып, Қарыздың мерзімі, бір қарыз алушыға Қарыздың ең көп сомасы, сыйақы ставкасы, қаржыландыру мақсаттары);
24) осы Келісімнің қолданылу мерзімінде ШОКС қарыздарын осы Келісімде көзделген Қор ақшасының есебінен қайта қаржыландыру нәтижесінде босаған ақшаны Қазақстан Республикасының экономикасына пайдалануға;
25) Қарыз алушылармен жасалатын Банктік қарыз шарттарында/Кредиттік желі ашу туралы келісімде Қазақстан Республикасы ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың мониторингі және оның мақсатты, заңды әрі тиімді пайдаланылуын бақылау мақсатында құрылған жұмыс тобы (органы) мен оның құрамына кіретін мемлекеттік органдарға және ұйымдарға Банк пен Қордың қарыздар (қарыз) жөнінде, оның ішінде банктік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты беруіне келісімін көздеуге;
26) Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорынан бөлінетін қаражаттың
мониторингі және оның мақсатты, заңды әрі тиімді пайдаланылуын бақылау мақсатында құрылған жұмыс тобы (органы) мен оның құрамына кіретін мемлекеттік органдардың және ұйымдардың талап етуі бойынша осы Келісім негізінде берілген қарыздар (қарыз) жөнінде, оның ішінде банктік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат беруге;
27) Қарыз алушылармен жасалатын Банктік қарыз шарттарында/Кредиттік желі ашу туралы келісімде Қордың бұқаралық ақпарат құралдарында Қарыз алушының атауы мен қаржыландырылатын саланы жариялауына Қарыз алушының келісімін көздеуге.
4. Кредиттік шарттардың және осы Келісімнің негізінде негізгі борыш, сыйақы және өзге де сомалар бойынша барлық төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салықтар, баждар, алымдар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер тиісінше төленгеннен немесе ұсталғаннан кейін жүргізіледі.
6. Мониторинг
1. Қор осы Келісімнің әрекет ету мерзімі ішінде Банктің Қор ақшасын игеруінің және мақсатты пайдалануының мониторингін жүргізуге, Қор өкілдерін Банкке жіберу жолымен Банктің Қарыз алушыларды қаржыландыру шарттарын сақтауын тексеруді жүргізуге әрі банктік және коммерциялық құпияны сақтау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, Банктен құжаттар (Банктің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен куәландырылған көшірмелер) сұратуға құқылы.
2. Банк Қор өкілдерінің жазбаша талабы бойынша осы Келісімнің 6-бөлімінің 1-тармағын ескере отырып, мониторинг мақсатында Қор сұрататын шарттардың, төлем тапсырмаларының және өзге де құжаттардың Банк куәландырған (уәкілетті тұлғаның қолымен және мөрімен) көшірмелерін ұсынуға міндетті.
7. Сөндірулер мен кепілдіктер
Банк Қорға мыналарды мәлімдейді және оларға кепілдік береді:
1. Банк осы Келісімде көрсетілген сөндірулер мен кепілдіктердің дұрыстығын және шындыққа сәйкестігін растайды. Қор көрсетілген сөндірулер мен кепілдіктерді тексеруге міндетті емес.
2. Банк мыналарға сөндіреді және кепілдік береді:
1) Кредиттік шарттарда және осы Келісімде көзделген қаражатты тек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті барлық лицензиялар мен рұқсаттары бар ШОКС болып табылатын ШОКС-қа Қарыз беру үшін ғана пайдаланатын болады;
2) оның бизнесіне, оның қаржылық жағдайына, активтеріне және осы Келісім бойынша өз міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін қандай да бір жағдайлар Банкке белгісіз. Сондай-ақ, Банктің жарғылық құзыретінің осы Келісімге қол қоятын тұлғамен осы Келісімді жасасуға мүмкіндік беретінін Банк растайды;
3) Банк осы Келісімді жасасу сәтінде осы Келісімді бұзуға, оны орындаудың мүмкін еместігіне, оны жарамсыз деп тануға себеп болуы мүмкін негіздемелердің жоқтығын растайды.
3. Банк өзі Қорға берген (ұсынған) немесе беретін барлық ақпараттың, сондай-ақ барлық құжаттаманың дәлдігі мен шындыққа сәйкестігін мәлімдейді және растайды. Қор берілген немесе берілетін құжаттаманың сенімділігі мен дәлдігін тексеруге міндетті емес. Жалған, толық емес және/немесе сенімсіз мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы Банкке ескертілген.
4. Тараптардың бірі Банк болатын ШОКС-ты қаржыландыру жөніндегі келісімдер Банктің жарғысын немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының Банкке қатысы қолданылатын талаптарын бұзбауға тиіс.
5. Осымен Банк осы Келісімде қамтылған барлық шарттар, өзі жасайтын іс-әрекеттердің құқықтық мәні өзіне айқын және түсінікті екендігін мәлімдейді.
8. Орналастырылған ақшаны өтеу
1. Банк талаптарға сәйкес және Кредиттік шарттар мен осы Келісімде белгіленген мерзімде Қор орналастырған ақшаны қайтаруды және өзге төлемдерді төлеуді қамтамасыз етеді.
2. Егер жүргізілген төлем сомасы Кредит шарттары бойынша және осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткіліксіз болған жағдайда, ол бірінші кезекте Қордың орындауды алу жөніндегі шегерімдерін, содан кейін тұрақсыздық айыбы мен сыйақыны, ал қалған бөлігінде - борыштың негізгі сомасын өтейді. Қор Банк берешегін өтеудің басқа кезектілігін айқындауға құқылы.
3. Егер төлем күні демалыс немесе мереке күніне түссе, төлем одан кейінгі жұмыс күні жүргізіледі.
9. Қордың бастамасы бойынша ақшаны мерзімінен бұрын қайтару
1. Кредит шарттарында және осы Келісімде көзделген тәртіппен және шарттарда Қордың бастамасы бойынша Кредит шарттары бойынша ақшаны мерзімінен бұрын қайтаруға болады
10. Банктің бастамасы бойынша ақшаны мерзімінен бұрын қайтару
1. Қорға кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын жазбаша хабарлама жібере отырып, Банк Қорға іс жүзінде пайдаланған уақыты үшін кредиттің негізгі сомасы бойынша төленуге тиіс барлық есептелген сыйақы мен өзге де сомаларды төлейді деген талаппен, Банк өтелмеген кредиттің негізгі сомасының барлығын немесе бір бөлігін кез келген уақытта мерзімінен бұрын қайтаруға құқылы және осы сәттен бастап Банктің Қор алдындағы ақшалай міндеттемесі тоқтатылады.
11. Тараптардың жауапкершілігі
1. Келісімге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Келісімдегі Тарап Келісімнен туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауапты болады.
12. Хабарламалар
1. Тараптар Келісім шеңберінде талап етілетін немесе жасалған кез келген хабарлама, хабар, хат немесе сұрау жазбаша нысанда берілетініне келіседі. Мұндай хабарлама, хабар, хат немесе сұрау Тараптың уәкілетті өкілінің өз қолына берілген, Келісімде көрсетілген қатысушы Тараптың мекен-жайы бойынша почта немесе курьерлік байланыс арқылы, факсимильді және телексті байланыс арқылы жеткізілген жағдайлардың кез келгенімен тиісті түрде берілген немесе жіберілген деп қаралатын болады.
2. Кез келген хабарлама, хабар, хат немесе сұрау мынадай жағдайларда алынған болып есептеледі:
1) қолма-қол (курьерлік) жіберу — тиісті белгіні қойып алған күні;
2) тапсырысты хатпен, жеделхатпен жіберу - жібергеннен кейін үшінші күні (жіберген кезде почта кәсіпорыны берген құжаттың күнінен бастап);
3) факсимильді немесе телексті байланыс арқылы жіберу — жіберудің ойдағыдай аяқталғаны туралы факсимильді аппараттың растауы болуы шартымен жіберілген күні. Бұл ретте Тараптар 2 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мұндай хабарламаны, хабарды, хатты немесе сұрауды қолма-қол (курьермен) немесе тапсырысты хатпен жіберуге міндеттенеді.
3. Ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептілік қол қойылған материалдарды электрондық почта арқылы жөнелту жолымен — құжаттардың түпнұсқаларын кейіннен Банктің Қорға беруімен электрондық почтаны жөнелтудің ойдағыдай аяқталғаны туралы растаманың болуы шартымен жөнелтілетін күні берілуі мүмкін.
13. Құпиялылық
1. Осымен Тараптар Келісім талаптарына қатысты ақпарат, сондай-ақ Келісімді жасасу және орындау барысында өздері алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылатынына және осы Келісім мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жариялауға жатпайтынына келіседі.
2. Осы Келісім мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тікелей көзделген жағдайларда Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруіне, жариялауына немесе басқаша таратуына болады.
3. Тараптар Келісімнің болуы құпиялылығы мен шарттарын сақтау үшін қажетті барлық, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Қордың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне Қордың осы Келісім бойынша өз құқықтарын іске асыру барысында алынған мәліметтерді жариялауға не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
4. Кез келген Тарап Келісім талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жариялаған не таратқан жағдайда, кінәлі Тарап мұндай ақпараттың таралуы салдарынан басқа Тарап шеккен ықтимал шығындарды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгендей жауапты болады.
14. Тежеусіз күш мән-жайы
1. Егер орындау мүмкіндігінің болмауы тежеусіз күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
2. Тежеусіз күш мән-жайлары басталған кезде Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмаған Тарап ол басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде басқа Тарапты мұндай мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуі қажет.
3. Уақтылы хабар болмаған кезде Тарап басқа Тарапқа хабарламаудан немесе уақытылы хабарламаудан келтірілген шығындарды өтеуге міндетті.
4. Тежеусіз күш мән-жайларының басталуы Келісімді орындау мерзімін олардың әрекет етуі кезеңіне ұлғайтуға әкеледі.
5. Егер мұндай мән-жайлар 2 (екі) айдан астам уақытқа созылатын болса, онда Тараптардың әрқайсысы Кредиттік шарттар мен осы Келісім бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы. Бұл ретте Банк мұндай талаптарды Қор мәлімдеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде негізгі борыш сомасын сыйақы есептемей қайтаруға міндетті.
15. Дауларды шешу
1. Осы Келісімге байланысты немесе одан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
2. Осы Келісім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.
16. Келісім талаптарының өзгеруі
1. Осымен Тараптар осы Келісімге кез келген өзгерістерді немесе толықтыруларды Тараптардың жазбаша келісімі бойынша ғана жасауға болатынымен келіседі.
17. Қорытынды ережелер
1. Осы Келісімнің ережелері өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін жарамды әрі міндетті болып танылады.
2. Осы Келісім әрқайсысының заңдық күші бірдей Тараптардың әрқайсысына 1 (бір) данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 (екі) сәйкес келетін данада жасалған. Тараптар арасында келіспеушіліктер мен даулар туындаған жағдайда, Келісімнің орыс тіліндегі мәтінінің мәні басым болады.
3. Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Тараптар Келісім бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
4. Тараптар осы Келісімге қол қойылғаннан кейін барлық бұрынғы талқылаулар, ұсынымдар, сондай-ақ хат алмасулар заңды күшін жоғалтатынына және Келісімнің мәтінімен ауыстырылатынына келіседі.
5. Келісімде көзделмеген барлық өзге жағдайларда, Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
18. Тараптардың заңды мекен-жайлары, банктік деректемелері мен қолдары
Бас келісімге
1-қосымша
20___ж. _________ №_____
Қордың ақшасын игеру туралы есеп
1) Қордың ақшасын игеруді өңірлік бөлу
№ | Облысы | Жобалардың саны | Игеру сомасы, теңге | оның ішінде қайта қаржыландыру |
Қордың қаражаты есебінен | Банктің қаражаты есебінен |
1 | Ақмола | | | | 0 |
2 | Ақтөбе | | | | |
3 | Алматы | | | | |
4 | Атырау | | | | |
5 | ШҚО | | | | |
6 | Жамбыл | | | | |
7 | БҚО | | | | |
8 | Қарағанды | | | | |
9 | Қостанай | | | | |
10 | Қызылорда | | | | |
11 | Маңғыстау | | | | |
12 | Павлодар | | | | |
13 | СҚО | | | | |
14 | ОҚО | | | | |
15 | Астана қ. | | | | |
16 | Алматы қ. | | | | |
| ЖИЫНЫ: | | | | |
2) Қордың ақшасын игеруді салалық бөлу
№ | Сала | Жобалардың саны | Игеру сомасы, теңге | оның ішінде қайта қаржыландыру |
Қордың қаражаты есебінен | Банктің қаражаты есебінен |
1 | Өнеркәсіп | | | | |
2 | Өзге қызметтер | | | | |
3 | Ауыл шаруашылығы | | | | |
4 | Сауда | | |
5 | Көлік және байланыс | | | | |
6 | Құрылыс | | | | |
| ЖИЫНЫ: | 0 | 0 | | 0 |
Бас келісімге
2-қосымша
20___ж. _________ №_____
Қордың ақшасы есебінен ШОКС жобаларын қаржыландыру туралы есеп
Жал- пы № | Банк | Об- лыс | ҚР об- лыс- тары бөлі- нісін- де Қарыз алушы- ның атауы | Заңды мәрте- бесі (ЖШС, ЖК, КШ, ӨК) | Бе- ріл- ген күні | Қарыз мерзі- мі, ай | Қа- рыз со- масы | Қордың қара- жаты есебі- нен мақұл- данған қарыз сомасы | Банк қара- жаты есе- бінен мақұл- данған қарыз сомасы | Іс жү- зінде беріл- ген қаражат сомасы | Қордың қаража- ты есебі- нен іс жүзінде беріл- ген сома | Банк қара- жаты есебі- нен нақты беріл- ген сома | Негізгі борыш өтеу бойынша жеңіл- дік кезеңі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
кестенің жалғасы
Сый- ақы төлеу бой- ынша жең- ілдік кезе-ңі | Кре-дит бой-ынша сый-ақы ставкасы | Кредит бойынша сыйақы-ның тиімді ставка-сы | Кредит беру объек- тісі | Қарыз қара- жаты- ның мақ- саты орны қа- рыз қара жаты- ның әрбір бағы- тының атауы мен сома- сы көрсе- тілген) | Іске асы- ру орны (ау- дан, қала | ЭҚЖС негізгі топ- тары бой-ынша Эко-номика саласы | ЭҚЖС бойынша экономика- ның кіші саласы | Жобаны іске асыру есебі- нен құрыл- ған жаңа жұмыс орындары | ЕДБ уәкі- летті органы шешімінің № | ЕДБ уәкі- летті органы шешімінің күні | Банктікқарыз шартынның /Кредит желісін ашу туралы келісімнің № | Банктік қарыз шартының /Кредит желісін ашу туралы келісімнің күні |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |