меншік құқықтарын біржолғы сату немесе біржолғы ауыстыру және/немесе (осы Келісімнің өзара іс-қимылының бірінші және екінші бағыттары шеңберінде) Банктің акцияларын 10 % (он пайыздан) артық иелену және пайдалану құқықтарына ауыстыру кезінде;
Банктің осы Келісімде, Кредиттік келісімде және/немесе Мерзімді банктік салым туралы шартта көзделген есептілікті қатарынан 2 (екі) айдан артық уақыт ішінде ұсынбауы;
қатарынан 2 (екі) тоқсаннан артық уақыт ішінде Банктің теріс қаржылық нәтижесі;
5) Құрылыс салушымен осы Келісімде көзделген мерзімдерде Жобалау компанияларын құру жөнінде барынша күш салуға міндеттенеді.
4. Банктің мынадай құқығы бар:
1) өзінің ішкі рәсімдеріне сәйкес осы Келісім шеңберінде алынған кредиттік ресурстарды беруге;
2) қабылданатын шешімдердің тәуелсіздік, транспаренттік қағидаты бойынша өз кредиттік саясатын іске асыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
6. Тараптардың жауапкершілігі
1. Осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті орындамаған жағдайда Тараптарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
2. Банкпен және Қормен және/немесе оның еншілес ұйымдарымен жасалатын тиісті шарттар талаптарына сәйкес Банк осы Келісімнің бағыттарын іске асыру үшін жауапты болады.
3. Банк және Қор және/немесе оның еншілес ұйымдары арасындағы келісімдер бойынша Қор мен оның еншілес ұйымдарының пайдасына Банк төлеуге тиіс кез келген сомалар Банктің төлеу жөніндегі кез келген міндеттемелерін мерзімінде және толық көлемінде Банк орындамаған жағдайда жауапкершілік мөлшері көрсетілген келісіммен анықталатын болады, бұл ретте тұрақсыздықтың жалпы сомасы мерзімі өткен берешектің 15 %-ынан аспауы мүмкін.
4. Осы Келісімнің 2-бөлімінде айқындалған бағыттардың әрқайсысын іске асырумен байланысты Тараптардың міндеттемелері әріптестіктің тиісті бағыты бойынша өзара қарым-қатынастар объектілерде болған жағдайда пайда болады.
5. Егер мұндай орындамау Банктің шетелдік банктермен және басқа да халықаралық қаржы институттарымен келісімдер талаптарын сақтауы салдарынан туындаған болса, Банк осы Келісімнің талаптарын (ақшалай міндеттемелерді қоспағанда) орындамағаны және/немесе тиісті орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
Бұл ретте көрсетілген оқиғалардың басталғаны туралы Банк олар басталған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Қорға жазбаша хабарлама жіберуге міндетті.
6. Егер осындай орындамау үшінші тұлғалардың әрекеті/әрекетсіздігі салдарынан туындаған болса, Банк осы Келісім бойынша міндеттемелерді (ақшалай міндеттемелерді қоспағанда) орындамағаны және/немесе тиісті орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
Бұл ретте көрсетілген оқиғалардың басталғаны туралы Банк олар басталған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Қорға жазбаша хабарлама жіберуге міндетті.
7. Дауларды реттеу
1. Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау кеңестер мен келіссөздер арқылы шешіледі.
2. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
8. Қорытынды ережелер, Келісімнің күшіне енуі және қолданылуын тоқтату
1. Осы Келісім қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді және Тараптар осы Келісім шеңберінде жасалатын тиісті Шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындағанға дейін әрекет етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.31.07 № 1163 Қаулысымен 8-бөлім 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қордың ұсыныстары негізінде Үкіметтің шешімі бойынша осы Келісімде көзделгеннен өзгеше банктік салымды орналастырудың өзге де талаптары айқындалуы мүмкін.
2. Осы Келісімге жекелеген келісімдермен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олардың күшіне ену тәртібі осы Келісіммен реттеледі.
3. Тараптар осы Келісімді орындау үшін қажетті қосымша келісімдер жасай алады.
4. Осы Келісім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.
5. 2009 жылғы «____» ақпанда Алматы қаласында бірдей заң күші бар орыс және қазақ тілдерінде Тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан _____ (____) данада жасалды.
Тараптардың қолдары