2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1260 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 18 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығын іске асыру және Қазақстан Республикасы халқының арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жандандыру және жетілдіру үшін бірыңғай жүйені құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар мен Бағдарламаның іске асырылуына жауапты мүдделі ұйымдар:
1) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралар қабылдасын;
2) жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге, жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын 25 қаңтарға мен 25 шілдеге жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1260 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 905 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 30-31, 288-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 905 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1446 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 50, 494-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 905 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1357 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы № 272 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 11, 146-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 905 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 22 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 3, 21-құжат).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1260 қаулысымен
бекітілген
2008-2016 жылдарға арналған
«Салауатты өмір салты»
бағдарламасы
Астана, 2007 жыл
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
7. Күтілетін нәтижелер
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы | 2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіздемесі | «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығының 137 тармағы, «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысының 118-тармағы, Қазақстан Республикасының Премьер Министрі К.Мәсімовтың 2007 жылғы 2 маусымдағы № 20-18/003-612 2-т.тапсырмасы |
Әзірлеуші | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
Мақсаты | Халықты сауықтыру және орташа өмір сүру ұзақтығын ұлғайту |
Міндеттері | Халықтың денсаулығын нығайтуға, денсаулығының әлеуетін дамытуға, іске асыру және дамыту үшін халықтың салауатты өмір салтына, денсаулық мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу |
Іске асыру мерзімдері | 2008-2016 жылдар: Бірінші кезең: 2008 - 2010 жылдар Екінші кезең: 2011 - 2013 жылдар Үшінші кезең: 2014-2016 жылдар |
Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері | 2008-2010 жылдары бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражат бағытталатын болады. 2008-2010 жылдарға арналған Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттің жалпы шығындары 2 409737,6 мың теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен 219015,6 мың теңгені, жергілікті бюджеттерден 2190722,0 мың теңгені құрайды. Өңірлердің денсаулық сақтау бюджетін 2009 жылы 1%, 2014 жылы 2% және 2016 жылы 3% жеткізе отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шараларды қаржыландыру көлемін кезең-кезеңмен ұлғайту көзделуде. Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржылық жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланады. Жылдар (мың теңге) | Барлығы (мың теңге) | Республикалық бюджет (мың теңге) | Жергілікті бюджет (мың теңге) | 2008ж. | 751959,0 | 67663,0 | 684296,0 | 2009ж. | 817158,2 | 72871,2 | 744287,0 | 2010ж. | 840620,4 | 78481,4 | 762139,0 | |
Күтілетін нәтижелер | Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде мыналарға қол жеткізілетін болады: орташа өмір сүру ұзақтығының деңгейін 71,3 жасқа дейін арттыру; халық арасында темекі шегу қолдануды 16,8%-ға дейін қысқарту; қауіпті мөлшерлерде алкогольді тұтынуды 12,5% қысқарту; көкөніс пен жемістерді қолдануды 24,6 % ұлғайту; дене шынықтыру белсенділігінің қолданылуын 26,6 % ұлғайту; артық дене салмағының таралуын 29,3 % төмендету; сәбилерді 6 айға дейін тек емшек сүтімен қамтуды 73 % ұлғайту; бала туу жасындағы әйелдердің арасында жасанды түсік санын азайту, 1000 әйелге 20,7-ге дейін; елеулі әлеуметтік мәні бар аурулар мен жарақаттанудан болатын өлім-жітім жағдайларының 100 мыңға дейін төмендету, оның ішінде: жүрек-қан тамырларының ауруын - 428,4 жағдайға дейін; жарақат алу - 125,7 дейін; онкологиялық аурулар - 110,3; туберкулез ауруын 100 мың адамға - 97,6 дейін төмендету |
2. Кіріспе
2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығын, «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысының және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовтың 2007 жылғы 2 маусымдағы № 20-18/003-612 2-т. тапсырмасын іске асыру үшін әзірленді.
Қазақстан қол жеткізген экономикалық өсу мен саяси тұрақтылық бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруді және орнықты дамуға қол жеткізуді қамтамасыз ететін терең әлеуметтік-экономикалық реформалар өткізуге мүмкіндік береді.
Елдің орнықты дамуы саласындағы міндеттердің бірі ұлттың сауығуын қамтамасыз ететін тетіктерді енгізу және жетілдіру арқылы халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын ұлғайту болып табылады.
Қазіргі жағдайда, клиникалық медицинаны одан әрі қарай дамыту денсаулық сақтау жүйесінің алдын алу бағытына қарай түбегейлі өзгертпей, денсаулықтың негізгі көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ете алмайды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ) деректері бойынша, адамның денсаулығы денсаулық сақтау жүйесінен барлығы 10% ғана тәуелді, және 50% - адамды қоршаған ортаның әсеріне, таңдау құқығына, өмір сапасына және денсаулықты нығайту мүмкіндіктеріне қол жеткізуден қалыптасатын өмір салтына тәуелді.
Осыған байланысты салауатты өмір салтының пайдасына қоғамдық пікір мен белсенділікті қалыптастыру өзекті болып табылады. Оның негізгі құралдарының бірі дәлелдеу медицинасы негізінде Салауатты өмір салтын қалыптастырудың (бұдан әрі - СӨСҚ) әлемдік жаңа технологияларын, тәсілдерін және әдістерін пайдалана отырып, адамның денсаулық әлеуетін сақтауды және дамытуды белгілейтін факторларды (табиғи, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени) күшейту жөніндегі сектораралық кешенді өзара іс-қимыл болып табылады.
Қазақстан Республикасында СӨСҚ-дің тиімді жүйесін құру ұлттың сауығуына және Қазақстанның орнықты дамуға көшуіне түбегейлі әсер етуі тиіс.
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Соңғы жылдары Мемлекет басшысының күш-жігері мен пәрменді іс-қимылдары арқасында Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың тұрақтанғандығы және едәуір жақсарғандығы байқалады.
Алайда, республика халқының денсаулық жағдайы мен орташа өмір сүру ұзақтығы дамыған елдердің көрсеткіштерінен (2006 жылы - 66,1 жас) айтарлықтай артта қалған. Мысалы, Жапонияда бұл көрсеткіш қазақстандық көрсеткіштен 14 жылға жоғары. Мұндай жағдай Қазақстанда 1964 жылы 5,7%-дан 1989 жылы 7,6%-ға дейін және 1995 жылы 10,2%-дан 2005 жылы 10,4%-ға, 2006 жылы 10,27% халықтың жалпы өлімінің үзіліссіз өсуі салдарынан болды.
Қазіргі үрдіс сақталған жағдайда 2006-2010 жылдары жалпы өлім деңгейінің болжамы қалалық жердегі ерлердің (1000 адамға шаққанда 14,23-тен 14,93-ке дейін) және әйелдер өлімі көрсеткіштерінің (9,22-ден 9,42-ге дейін) сондай-ақ ауылдағы ерлердің (9,73-тен 10,04-ке дейін) одан әрі өсу мүмкіндігі барын көрсетеді және ауыл әйелдерінің арасында ғана бұл көрсеткіштің тұрақтылығы (тиісінше 7,53 және 7,52) байқалады.
Қазақстандықтардың салауатты өмір сүру жылдарында көп шығынға ұшырауы мерзімінен бұрын қайтыс болу және мүгедек болу салдарынан екендігі анықталды. 2005 жылы халықтың 1000 адамға шаққанда 231,1 DALҮ бірлігі шығынға ұшырады, бұл ретте толық өмір сүрмеу себептерінен 197,4 бірлік, ал мүгедектік салдарынан 33,7 бірлік шығынға ұшырады. Бұл дүниежүзінің дамыған елдерімен салыстырғанда анағұрлым жоғары (100 бірлік). Айтарлықтай шығынға ұшырау қала тұрғындарының (61,6%) және ерлердің (тиісінше 58,4%) үлесіне тиіп отыр.
Өлімнің (86%) және аурулардың (77%) ең көп үлесі жүрек-қан тамыры аурулары, қатерлі ісіктер, созылмалы респираторлық аурулар, қант диабеті секілді әлеуметтік елеулі аурулар тобымен түсіндіріледі. Осы аурулардың негізінде темекі шегу, алкогольді тұтыну сияқты мінез-құлықтық қауіп-қатер факторлары және басқалар жатыр.
Өткізілген социологиялық зерттеулер мен скринингтік тексерулер Қазақстандағы 12 жастан асқан халық арасында темекі шегудің таралуы 22,8%, қауіпті дозада алкогольді тұтыну - 18,1%, дененің артық салмағы - 36,9, оның ішінде семіру - 7,7%, жемістер мен көкөністерді жеткілікті тұтыну 12,3%, дене шынықтырудың төмен белсенділігі - 13,3% құрайтынын көрсетті.
Дамыған елдер тәжірибесі бойынша СӨСҚ процесін орнықтыру үшін елде алкоголь мен темекі өнімдеріне 1% салық салу жолымен ұлтты салауаттандырудың арнайы Қорын қалыптастыру ұсынылды. Алкогольді шамадан тыс тұтыну мен темекі шегуді шектеуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық саясаттың ең үлгілі болып табылатын тәжірибесі - Тайланд тәжірибесі. Темекі және алкоголь өндіруші индустриядан түсетін 2% салық түсімдері (өзіндік салық) темекі шегетіндер мен алкогольді тұтынушыларға қарсы күрес жөніндегі бюджеттік алдын алу бағдарламаларын қаржыландыратын Тайланд халқының денсаулығын сақтау жөніндегі Ұлттық Қорында шоғырландырылады. Қор қызметінің нәтижесінде темекі шегетіндер мен алкогольді тұтынушылардың саны қысқарған, сондай-ақ емдеуге арналған бюджеттік шығыстарды айтарлықтай үнемдеу байқалады.
Дүниежүзілік практика денсаулыққа көмек көрсету қорлар темекіні бақылаудың тиімді құралы болып табылатындығын және дамыған елдерде де, дамушы елдерде де кеңінен пайдалануға болатындығын көрсетеді.
Қауіп-қатер факторларының көп таралуы созылмалы жұқпалы емес аурулармен (бұдан әрі - СЖА) сырқаттанушылықтың жоғары деңгейін қалыптастырды. Дәл осы аурулар, сондай-ақ жарақаттанулар, бақытсыздық жағдайлары мен уланулар Қазақстан халқы сырқаттанушылығының және өлім-жітімі құрылымының негізі болып табылады. Қазақстанның ересек халқының қан айналым жүйесі ауруларымен жалпы сырқаттанушылық деңгейі 2006 жылы 100 000 адамға шаққанда 9178,0 жарақаттанулар мен уланулар - 3813,4 және қатерлі ісіктер - 1687,9 жағдайды құрады. Қан айналым жүйесінің аурулары салдарынан болатын өлім-жітім жағдайлары тиісінше 100 000 адамға шаққанда 533,1, жарақаттану мен уланулардан - 150,2 және қатерлі ісіктерден - 118,6 жағдайды құрады.
Қазақстанда 1975-2006 жылдар ішінде жүрек-қан тамыры ауруларынан болатын өлімнің 100 000 адамға шаққанда 255,4-тен 533,1-ге дейін өсуі байқалды. Бұл ретте Еуропа өңірлері елдерінде осы кезеңде қан айналым жүйесінің дерттерінен болатын өлім 1,5 есеге төмендеді, мысалы Финляндияда 15-59 жастағы ерлер арасында 100 000 адамға шаққанда 65 жағдайды құрады. Жарақаттанулар мен уланулардан болатын өлім жағдайлары Орталық Азия елдеріне қарағанда 1,5-1,8 есеге, Еуроодақ елдеріне қарағанда 3 есеге артық. Қатерлі ісік салдарынан болатын өлім-жітімдер Орталық Азия өңіріндегі елдерге қарағанда 1,5 - 2,5 есеге жоғары. Бұл ретте сырқаттардың 3/4-нде онкологиялық процестің І-ІІІ сатылары диагностикаланады, қалғандары аурудық диссеминирленген түрлерімен түседі.
Денсаулық сақтау бюджетінің 70-80% созылмалы ауруларды емдеуге жұмсалатыны және дерттердің созылмалы түрлерінен зардап шегетін емделушілер медицина қызметінің қарқынды тұтынушылары болып табылатындығы анықталды. Ерте жастағы өлім-жітім, созылмалы аурулармен ауру немесе мүгедектік отбасы мен қоғам үшін ауыр экономикалық салдарға әкеліп соғады. Жұмыс берушілер мен қоғам жұмыс күндерін жоғалтуға, еңбек өнімділігінің төмендеуіне және кадрлардың тұрақтамауына байланысты шығын шегеді. Отбасы мен қоғам денсаулық сақтауға арналған шығындардың (тікелей және жанама) ауыртпалығын, табыстардың қысқаруын, зейнетке ерте шығудан және әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік жәрдем ақыға тәуелділіктен зардап шегеді. Осылайша, Ресей Федерациясында 2005 жылы жүрек ауруларына, инсультке және диабетке байланысты ұлттық табысы 11 млрд. халықаралық долларды құрады, ал 2005 - 2015 жылдарда ел 300 млрд. халықаралық долларды жоғалтты. Осыған ұқсас жағдай Қазақстанда да болуы ықтимал.
Сарапшылардың есептеулеріне сәйкес қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім жағдайларын толық жою ерлердің өмір сүру ұзақтығын 13,28 жасқа (13,05 - қала және 13,48 - ауыл) және әйелдердің өмір сүру ұзақтығын 18,21 жасқа (19,3 - қала және 17 - ауыл) өсіруге мүмкіндік берер еді. Бақытсыз жағдайлардан, уланулар мен жарақаттанулардан болатын өлім-жітімді жою тиімділігі халықтың еркек тұрғындары өмір сүру ұзақтығын 4,23 жылға (4,58 - қала және 3,66 - ауыл), ал әйелдердің өмір сүру ұзақтығын 1,43 (1,55 - қала, 1,21 - ауыл), ал қатерлі ісіктерді болдырмау - тиісінше 1,6 және 1,9 жылға ұзартуға қамтамасыз етеді.
Артериялық гипертензияны дер кезінде анықтау және сапалы емдеу инсульт алу қауіпін 30-40% төмендетуге әкелетінін халықаралық тәжірибе көрсетеді. АҚШ-та 1972 - 1994 жылдар аралығында өткізілген кең ауқымды алдын алу шаралары кезінде жүрек - қан тамыры ауруларынан болатын өлім-жітімді 2 есеге, инфарктен - 2,5 есеге төмендетуге қол жеткізілді. Тек холестериннің орташа деңгейін, темекі шегудің таралуын және жоғары қан қысымын төмендету есебінен Финляндияда 1972 -1992 жылдарда ишемиялық жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім жағдайлары 80% төмендетеді. Ирландияда 1985 - 2000 жылдар аралығында жүрек-қан тамыры ауруларынан болатын өлім-жітімді 48,1% төмендетуге қол жеткізілді. Алдын алу бағдарламалары бұрынғы КСРО-да жүрек-қан тамыры ауруларынан болатын өлім-жітімді 41% төмендетуге мүмкіндік берді.
Осыған байланысты Қазақстанның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі созылмалы патологиялар мен мерзімінен бұрын болатын өлім-жітім ауыртпалығын қысқарту қажеттігі болып табылады.
Сырқаттанушылық ауыртпалығын, мерзімінен бұрын болатын өлім ауыртпалығын төмендетуге және денсаулықты нығайтуға әлемдік қауымдастықтың жоғары мүдделігін ескере келе, соңғы жылдары ДДҰ бірнеше стратегиялық құжаттар қабылдады, бұларға Қазақстан да қосылды: алкоголь бойынша Еуропалық іс-қимыл жоспары (2000), ДДҰ-ның темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік тұжырымдамасы (2003), Балалардың өмір сүру жағдайлары мен денсаулығын жақсарту жөніндегі Хельсинки Декларациясы және іс-қимыл жоспары (2004), Тамақтану, дене шынықтыру белсенділігі және денсаулық саласындағы ғаламдық стратегия (2004), Ғаламдық жағдайда денсаулықты нығайту жөніндегі Бангкок декларациясы (2005), Жұқпалы емес аурулардың алдын алу мен оларға қарсы күрестің Еуропалық стратегиясы (2006), Семіздікпен күрес жөніндегі Еуропалық Хартия (2006).
Бұл құжаттар елдерге халықтың денсаулығын сақтау мен нығайту жөніндегі тиімді кешенді бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға мынадай мақсатта белсенді ықпал етуді ұсынады:
1) әрбір жеке тұлғаның толық денсаулық әлеуетін оған қатысты экономиканың барлық секторларын қамти отырып, қауіп-қатер факторларының денсаулыққа әсерін төмендету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге үкіметтің жауапкершілігі;
2) салауатты өмір салтының пайдасына шешімдер қабылдау үшін жағдайлар жасау;
3) денсаулық және тұрақты дамуға капитал салу ретіндегі өмір бойғы білім мен алдын алу;
4) денсаулықты сақтау мен нығайтудағы мүмкіндіктерді арттыру үшін халықтың қажеттіліктеріне жауап беретін денсаулық сақтау жүйесін және тиісті инфрақұрылым жасау.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының СӨСҚ қызметі ұйымдарының қызметін және ведомствоаралық деңгейде халықтың денсаулығын сақтау мен нығайту үшін салауатты өмір салтын насихаттау және аурулар мен әлеуметтік елеулі аурулардың қауіп-қатер факторларының алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ететін белгіленген заңнамалық база әзірленді. Алайда СӨСҚ-ға, аурулардың факторлық алдын алуға және азаматтардың денсаулығын сақтауға қазіргі уақыттағы көзқарастар қолданыстағы заңнамалық негізді халық денсаулығының қазіргі уақыттағы жай-күйі мен халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, одан әрі жетілдіруді және жаңасын әзірлеуді талап етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы (2006) және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 Жарлығымен мақұлданған Қазақстанның 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға өту тұжырымдамасы ұлтты сауықтыруда СӨСҚ процесін түбегейлі жақсарту міндетін қойды.
Қазіргі таңда Қазақстанның өзіне әлемнің озық тәжірибесін сіңірген салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық саясаты бар. Ұлттық, облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде ұсынылған СӨСҚ қызметі құрылды. Өкінішке орай, бүгінгі таңда тек Жамбыл облысында ғана қызмет барлық деңгейлерде жолға қойылған. Кадрлармен қамтамасыз етілу проблемалары бар. СӨСҚ өңірлік орталықтарының деңгейінде дәрігерлермен және орта медицина қызметкерлерімен орташа қамтамасыз етілу 78% құрайды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарында - кемінде 50%.
СӨСҚ Орталықтарын өңірлік бюджеттерден қаржыландыру орындалған жұмыстардың көлемін, халықтың санын, сырқаттанушылықты және СӨСҚ қызметі ұйымдарының «Салауатты өмір салты» бағдарламасын іске асыру үшін есепке алмай жүзеге асырылады. Міндеттердің бірдей көлемі жағдайында жан басына шаққанда СӨСҚ қызметін қаржыландыру өңірлер бойынша Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарындағы 6 теңгеден, Маңғыстау облысындағы 51 теңгеге дейін айтарлықтай айырмашылығы бар.
2006 жылы СӨСҚ бойынша іс-шараларды қаржыландыру республика бойынша денсаулық сақтауға жұмсалатын жалпы шығындардың тек 0,15% ғана құрады. Сонымен қатар, СӨСҚ саясатында денсаулық сақтауға жұмсалатын жалпы шығындардың кемінде 3% бөлген жағдайда қандай да бір табыстарға қол жеткізуге болатынын халықаралық тәжірибе көрсетті.
Осыған байланысты, денсаулықты нығайтуда нәтижелікке қол жеткізу үшін денсаулық сақтау бюджетін қаржыландыру бағдарламасын 2009 жылы 1%-дан болашақтағы 3%-ға дейін кезең-кезеңмен өсіру арқылы СӨСҚ процесін тұрақтандыруды қамтамасыз ету қажет.
СӨСҚ процесін күшейту тәсілдерінің бірі оның үздіксіздігін қамтамасыз ету, «білім және денсаулықты бүкіл өмір бойына нығайту» қағидатын енгізуге қол жеткізу болып табылады, мұнда сондай-ақ өзінің түбегейлі шешімін талап ететін белгілі бір қиындықтары болады.
Мысалы, салауатты өмір салты дағдыларын оқушыларға үйрету және дағдыландыру үшін 1998 жылдан бастап білім жүйесі ұйымдарының барлық деңгейлерінде «Валеология - Қалай сау болу керек» пәні факультативтік сабақ ретінде енгізіледі, бірақ 2006 жылы «Валеология» пәні енгізілген мектептердің саны 72% дейін төмендеді, ал оқытудың келесі деңгейлерінде - 10% төмендеді.
Ақпараттандыруды арттыру мен салауатты өмір салтын қалыптастырудың үздіксіздігін қамтамасыз етуде бұқаралық ақпарат құралдары үлкен роль атқарады. Бағдарламалар санының өсу аясында арнайы хабарлар, роликтер Салауатты өмір салтын насихаттауға және денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мемлекеттік тапсырыстың шеңберіндегі немесе әлеуметтік жауапты бизнес шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі - БАҚ) бөлінген ресурстар өте аз.
СӨСҚ-дың тиімді жүйесін құрудағы негізгі компоненттердің бірі оның тұрақтылығы және үздіксіздігімен қатар, кешенділігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл денсаулыққа әсер ететін қауіп-қатер факторларын төмендету бойынша оған қатысты барлық секторларды тарта отырып, мемлекеттік саясатты жасау үшін халықтың белсенді қатысуымен әрбір жеке тұлғаның денсаулығының толық потенциалын игеруде, салауатты өмір салты пайдасына шешімдер қабылдау үшін қолайлы жағдайлар құруға үкіметтік органдардың жауапкершілігін арттыру.
Өңірлік деңгейдегі ведомствоаралық жұмысты Әкімдер жанындағы денсаулықты қорғау жөніндегі үйлестіруші кеңестің құрамындағы жұмыс тобы үйлестіреді. Сонымен қатар, жұмыс топтары аса белсенділік танытпайды, тек Жамбыл және Павлодар облыстарында СӨСҚ өңірлік қызметін жетілдіру және ведомствоаралық жұмысты күшейту бағдарламасы қабылданды.
СӨСҚ қызметінің қалыптасу кезеңінде салааралық өзара іс-қимыл тиімді болды, алайда кейіннен дербес орталық уәкілетті органдардың құрылуына және бөлінуіне байланысты, кешенді сектораралық бағдарлама салалық болды, ұлттық деңгейде үйлестіруші тетік болмады.
СӨСҚ жүйесінің кешенді, үздіксіз тәсілін күшейтуге шоғырландыру, орнықтылықты қамтамасыз етуде - мінез-құлықтық қауіп-қатер факторларын бақылауды күшейту, ауруларды ертерек анықтау, болдырмауға болатын мүгедектік пен өлім жағдайларын төмендету, халықтың өмір сапасын жақсартуға және қазақстандық қоғамды орнықты дамытуға мүмкіндік береді.
4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері