Жоғары оқу орындарында білім алушылардың жекелеген санаттарын қолдау жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 177 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 маусымдағы № 591 қаулысында:
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен жоғары білім беру бағдарламалары бойынша ақылы негізде оқытудың күндізгі нысаны бойынша үшінші және келесі курстарда білім алатын баламалы «үздік» бағасы бар білім алушыларға қосымша білім беру гранттарын тағайындауды қамтамасыз етсін.
2-2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері заңнамада белгіленген тәртіппен жоғары білімі бар мамандарды даярлауға тағайындалған қосымша білім беру гранттарын орналастыруды жүргізсін.»;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысында:
көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
«Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
«Үкімет жоғары білім алу үшін ақылы негізде оқып жатқан жоғары оқу орындарында білім алушылардың жекелеген санаттарын қолдау жөнінде шаралар қабылдайды.»;
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік әлсіз тобын қолдау» деген VIII бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-1-жолмен толықтырылсын:
«
4-1 | Жоғары оқу орындарының ақылы негізде білім алатын үшінші және келесі курстарының үздік білім алушылары үшін білім беру гранттарын тағайындау | БҒМ, ДСМ | БҒМ-нің бұйрығы | 2009 жылғы ақпан |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-1-жолмен толықтырылсын:
«
14-1 | Жоғары оқу орындарының техникалық, жаратылыстану-ғылыми және медициналық мамандықтар бойынша ақылы негізде білім алатын бірінші курстан бастап баламалы «жақсы» және «өте жақсы» бағасы бар, сондай-ақ көп балалы және тұрмысы нашар отбасыдан шыққан студенттерге, жетім студенттерге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге, мүгедек студенттерге, ата-аналары зейнеткер жасына жеткен студенттерге ұзақ мерзімді білім беру кредиттерін беру | БҒМ, ДСМ, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ | Үкімет қаулысы | 2009 жылғы наурыз |
».
Реттік нөмірлері ұсынған түпнұсқаға сәйкес берілген
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 020 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде 2009 жылға арналған республикалық бюджеттің міндеттемелері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізсін.
5. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылаған кезде жоғары оқу орындарының ақылы негізде білім алатын үшінші және келесі курстарының үздік білім алушылары үшін қосымша білім беру гранттарын беруге жұмсалатын шығындарды ескерсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |