Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 және 2009 жылғы 13 қаңтардағы
№ 6 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 180 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
«Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу» деген бөлімде:
бірінші абзацтағы «Астана мен Алматы қалаларында», «Алматы және Астана қалаларында» деген сөздер «Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысында», «Алматы, Астана қалаларында және Алматы облысында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «10,5 % - 12,5 %» деген сандар «9 % - 11 %» деген сандармен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацындағы «Астана және Алматы қалаларының» деген сөздер «Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Шағын және орта бизнесті қолдау» деген бөлімде:
төртінші абзацтағы «14 %» деген сандар «12,5 %» деген сандармен ауыстырылсын;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу» деген III бөлімде:
«Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі жаңа тетіктерді іске асыру» деген кіші бөлімде:
2) тармақшаның екінші абзацындағы «12,5 %» деген сандар «11 %» деген сандармен ауыстырылсын;
10-тармақта:
1) тармақшадағы «12,5 %» деген сандар «11 %» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «10,5 %» және «12,5 %» деген сандар «9 %» және «11 %» деген сандармен ауыстырылсын;
«Шағын және орта бизнесті қолдау» деген IV бөлімде:
1-тармақта:
«-жылдық 12,5 %-дан аспайтын номиналдық ставка бойынша және» деген сөздер алынып тасталсын;
«14 %» деген сандар «12,5 %» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі | К. Мәсімов |