Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1078 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 9 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген баға белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1277 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 528-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген баға белгілеу ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша «Монополияға қарсы», «монополияға қарсы» деген сөздер тиісінше «Реттеуші», «реттеуші» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Осы Ереженің 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайларда монополияға қарсы орган негіздерін көрсете отырып, тіркелген бағаны енгізу туралы ұсынысты реттеуші органға енгізеді.";
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ұсынылған материалдар тігілуге, нөмірленуге, нарық субъектісі басшысының қолымен және мөрімен расталуға тиіс. Бұл ретте ұсынылған қаржылық құжаттарға нарық субъектісінің басшысы мен бас бухгалтері қол қоюға тиіс;»;
2) «Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 534 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
3-тармақта:
«Темір жол,» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Темір жол көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі - лицензиар) береді»;
6-тарауда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Есепке алу және бақылау»;
мынадай мазмұндағы 23-тармақпен толықтырылсын:
«23. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
Лицензиар өз құзыреті шеңберінде лицензиаттан тиісті құжаттарды ұсынуын талап етуге және бақылау функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат алуға құқылы.«;
көрсетілген қаулымен бекітілген қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:
екінші абзацтың 4) тармақшасындағы «болуын қамтиды.« деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) жылжымалы құрамның паркін және басқа да өндірістік активтерді қалпына келтіру және жаңарту жөніндегі инвестициялық бағдарламалардың;
6) қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде авариялық жағдайлардың алдын-алу, сондай-ақ авариялардың салдарын жою үшін қажетті құралдар мен ұтқыр бөлімшелердің (оның ішінде шарт бойынша) болуын қамтиды.»;
3) «Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
3-тармақта:
«Темір жол,» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі - лицензиар) береді»;
6-тарауда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Есепке алу және бақылау»;
мынадай мазмұндағы 23-тармақпен толықтырылсын:
«23. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
Лицензиар өз құзыреті шеңберінде лицензиаттан тиісті құжаттарды ұсынуын талап етуге және бақылау функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат алуға құқылы.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:
екінші абзацтың 4-тармақшасындағы «болуын қамтиды.« деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) жылжымалы құрамның паркін және басқа да өндірістік активтерді қалпына келтіру және жаңарту жөніндегі инвестициялық бағдарламалардың;
6) жолаушылар тасымалдау кезінде авариялық жағдайлардың алдын-алу, сондай-ақ авариялардың салдарын жою үшін қажетті құралдар мен ұтқыр бөлімшелердің (оның ішінде шарт бойынша) болуын қамтиды.».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |