2.1.2. Банктiң қызметiн төлеудi шотқа есепке жатқызу үшін қолма-қол ақшаны тапсырған күннен кешіктірмей тапсырылатын соманың _______________ % есебінде жүргізуге мiндеттенедi.
2.2. Банк:
2.1.1. Чек бойынша операцияларды есепке алу үшін N_____ ішкі банктік шот ашуға;
2.2.2. Мемлекеттік мекемеге бір данасы үшін ________ теңгеден бойынша (ҚҚС-ты қоса алғанда) ақша чек кітапшасын сатуға;
2.2.3. Мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақша алуына арналған чектер және белгіленген тәртіппен ресімделген чек тізілімдерінің атқарылуын қабылдауға;
Мемлекеттік мекемелердің төлемге ұсынатын қолма-қол ақша алуға арналған чектер тізілімдері екі данада жасалады және оларға АҚБ уәкілетті өкілдері қол кояды;
2.2.4. Ұсынылған чектердің төлемін жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қамтамасыз етуге;
2.2.5. АҚБ төленген чектердің тізілімдерін жергілікті уақыт бойынша сағат 14.30-ға дейін қамтамасыз етуге;
2.2.6. Меммекеменің өкілінен қолма-қол ақшаны жергілікті уақыт бойынша 9.00-ден 13.00-ге дейін шотқа есептеу үшін қабылдауға және қолма-қол ақшаның қабылданған барлық сомасын сол күні тиісті шоттарға есептеу үшін Бірыңғай қазынашылық шотына аударуға міндеттенеді.
2.3. АҚБ:
2.3.1. Банкке банктің кассасынан қолма-қол ақша алуға екі данада АҚБ-ның қол кою үлгілері және мөртаңбасы бар құжаттарын ұсынуға;
2.3.2. Банкке мөр жоғалған және қол қою үлгілері бар құжаттары өзгерген жағдайда тез арада хабарлауға;
2.3.3. ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2.3.4. Банкке тізілімдер мен чектерді жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін ұсынуға;
2.3.5. Банк жергілікті уақыт бойынша сағат 14.30-ға дейін ұсынған төленген чектер тізімдерінің негізінде операция күні ішінде берілген соманы қалпына келтіруді және Банктің банктік қызметтерін төлеуге ақша аударуды жүргізуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.
2.4. Мемлекеттік мекеме:
2.4.1 Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банкпен чектерді пайдалану туралы шарт жасасуға;
2.4.2. Шарттың 2.2.2-тармағына сәйкес бір данасына____ теңгеден (ҚҚС қосқанда) өзінің ақшасы есебінен ақшалай чек кітапшасының құнын төлеуге;
2.4.3. Сатып алынған ақшалай чек кітапшасын тіркеу үшін оны АҚБ-ға уақтылы беруге;
2.4.4. Чек кітапшасын жоғалтқан жағдайда ол туралы чектің пайдаланылмаған бланктерінің нөмірлерін көрсете отырып, Банкі дереу хабардар етуге міндеттенеді.
3. Тараптар құқықтары
3.1. Банктің:
3.1.1. АҚБ Шарттың 2.3.4-тармақтарының талаптарын бұзғаны туралы куәландыратын фактілер болған кезде кассалық операциялар жасаудан бас тартуға, сондай-ақ дұрыс ресімделмеген чектерді төлеуден бас тартуға құқығы бар.
3.2. АҚБ:
3.2.1. Атауы өзгерген (қосылуы немесе қайта ұйымдастырылуы), тозған немесе мөрі жоғалған жағдайда, ол ұсынған өтініш негізінде мөрді әзірлегенге дейін қол қою үлгісі бар көрсетілген құжатта мөрінің жоқтығы және қолының қойылғаны туралы белгісі бар төлем шоты бойынша қызмет көрсетуге;
3.2.2. Төленбеген чектер бойынша және Бірыңғай қазынашылық шотына есептеу үшін уақтылы аударылмаған ақша бойынша кідірістің әрбір күні үшін айыппұл санкцияларын ұсынуға құқылы.
3.3. Мемлекеттік мекеме:
3.3.1. Банкпен жасалған Чекті пайдалану туралы шарттың талаптарына сәйкес чектің пайдаланылмаған бланкілерін банкке қайтаруға құқылы.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. АҚБ Шарттың 2.3.5-тармағына сәйкес төлем шоттарындағы деректемелердің дұрыстығы және төлем шотының уақтылы жіберілуі үшін жауапты болады. АҚБ-ның кінәсінен Банктің корреспонденттік шотына ақша түспеген жағдайда жұмыс күнінің аяғында соңғысы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы бойынша мөлшерде кідіртілген әрбір күн үшін айыппұл есептей отырып, Банктің жеке шотына N____банкішілік шоты бойынша қалпына келтірілмеген сома қалдығын апарады.
4.2. АҚБ чектер бойынша қолма-қол ақшаны беру және меммекеме өкілінен қолма-қол ақшаны қабылдау бойынша төлем жүйесіндегі (әртүрлі төлемдер жүйесі - ӘТЖ немесе Ірі төлемдер жүйесі - ІТЖ) төлемдердің кідіріс жағдайын қоспағанда, Банкке банктік қызметтерді уақтылы төлемегені үшін Шарттың 2.3.5-тармағына сай мерзімге сәйкес мерзімі өткен әрбір күн үшін төленбеген соманың__%-ы есебімен айырысуынан өсімақы төлейді.
4.3. Шарттың 2.2.4-тармағына сәйкес чектер төлемінің талаптарын орындамаған және Бірыңғай қазынашылық шотқа уақтылы ақша аударылмаған жағдайда Шарттың 2.2.6-тармағына сәйкес Банк тиісті бюджет кірісіне төленбеген чектер және Бірыңғай қазынашылық шотына тиісті шоттарға есептеу үшін уақтылы аударылмаған ақша сомасынан мерзімі өткен әрбір күн үшін __%-ы есебімен айыппұл төлейді. Төленбеген чектер және Бірыңғай қазынашылық шотқа тиісті шоттарды есептеу үшін уақытылы ақша аудармау жөніндегі әрбір факт өндіріс нысанында (екі данада) актімен ресімделеді және оған Банк пен АҚБ қол қояды. Актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда Банк АҚБ жазбаша бас тарту себебінің түсіндірмесін ұсынады. Айыппұл төлемі ай сайын 30 күннен кешіктірмей акт негізінде жүргізіледі.
5. Шарттың әрекет ету мерзімі және оны өзгерту және бұзу тәртібі
5.1. Шарт қазақ және орыс тілдерінде заң күші бірдей үш данада, әрбір тарап үшін бір дана бойынша жасалды. Шарт оны АҚК_____________ тіркеген күннен бастап күшіне енеді және 20__жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді. Бюджеттік шығыстар сыныптамасының ___________коды бойынша міндеттеме сомасы _____________теңгені құрайды.
5.2. Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар оны жазбаша ресімдеген және әрбір тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған кезде жарамды, одан әрі Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Шарт бойынша жұмыстардың (қызметтердің) құнына байланысты өзгерістер оны________________________________________
Аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелген кезде жарамды.
5.3. Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапты бұл туралы жазбаша нысанда оның мәлімдеген бұзылатын күнге дейін кемінде он күн ішінде хабарлап, Шартты бұзуға құқылы.
6. Дауларды шешу
6.1. Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі. Тараптар уағдаластыққа келмеген келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
6.2. Тараптар Шарт бойынша барлық ықтимал наразылықтарды Тараптар оларды алған сәттен бастап он күн ішінде қарауы тиіс деп белгілейді.
7. Форс-мажор
7.1. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер бұл орындамаушылық болжанбаған мынадай жағдайлардың, атап айтқанда: Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей ықпал еткен қауіпті табиғи жағдайлар, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, эпидемия, әскери әрекет, уақытша электр энергияның және телекоммуникациялық байланыстың болмауы және т.с.с. себебі болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
7.2. Тараптар деректемелері (заңды мекен-жайы, шот нөмірі және т.б.) өзгерген жағдайда бір-бірін тез арада хабардар етеді.
8. Қатысушылардың заңды мекен-жайлары мен деректемелері
Тараптардың қолы:
Мемлекеттік мекеме Аумақтық қазынашылық Банк:
__________________ бөлімше:______________ ________________
__________________ ______________________ ________________
М.О. М.О. М.О.
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 84-қосымша
_________________________________________________________________________________________________
(аумақтық қазынашылық бөлімшесінің атауы)
_________________________________________________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы және коды)
Қолма-қол ақша алуға арналған өтінімнің №__
20__ж. «___»__________________
(жазып алынған күні)
чекке №____
20__ж. «___»__________________
Р/с № | Қаржыландыру көзі | Бюджеттік шығыстар сыныптамасының коды | Сомасы | Қолма-қол ақша алуды тағайындау |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
Жиыны: | | | | |
Жиын сомасын таратып жазу ________________________________________________________________________
Мемлекеттік мекеменің басшысы ______________ _____________
(аты-жөні) (қолы)
Мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері ______________ _____________
(аты-жөні) (қолы)
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне 85-қосымша
5-55-нысан
Есеп жүргізілді:
Күні - Уақыт
№ 1-бет
Мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақша алуға арналған
чектері тізілімінің №
Күні: 20__ж. «___»_________________
Өңір:
Банк:
Бюджеттің түрі:
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі:
Р/с № | Мемлекеттік мекеменің атауы | Мемлекеттік мекеменің коды | Чек нөмірі | Төлеуге берілетін шоттың нөмірі | Сомасы (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | |
Жиыны: |
____________________теңге сомасында қолма-қол ақша төлеміне тізілім бойынша_____ құжат ұсынылды (санмен және жазумен)
Аумақтық қазынашылық органының басшысы _______________________
Аумақтық қазынашылық органының жауапты
орындаушысы _______________________
М.О.
Төлемге арналған чектер тізілімі қабылданды __________________________________________
(банктің жауапты орындаушысы (қолы, аты-жөні)
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 86-қосымша
_____________________________________________________________
(банк атауы)
______________________________________________________________
(аумақтық қазынашылық бөлімшесінің атауы)
Бюджет түрі ___________________________________________________
((республикалық, жергілікті (керегінің асты сызылсын)
Төленген чектердің тізілімі
Күні 20__ж. «_____»_______________
Р/с № | Мемлекеттік мекеменің атауы | Мемлекеттік мекеменің коды | Чек нөмірі | Сомасы (теңге) | Күні, аумақтық қазынашылық бөлімшесі тізілімінің № |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | |
Жиыны: |
Осы тізілім бойынша _______________________ чектер төленді
сомасына ______________________________________________
(санмен және жазумен)
Банк басшысы _________________________
М.О
Банктің жауапты орындаушысы _______________________
Төленген чектер тізілімі қабылданды (аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы) Күні 20__ж.»_____»_____________ | № төлеуге берілетін шотпен аударылды Күні 20__ж.»_____»_____________ |
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 87-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 87-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 87-қосымша
Ағымдағы шот ашуға арналған рұқсат
______ жылғы «___» _____________
__________________________________________________________________ бюджетінен қаржыландырылатын
(бюджет түрi)
_______________________________________________________________________________________________
(мемлекеттiк мекеменiң атауы және коды)
_______________________________________________________________________________________________
___ қолдаухаты негiзiнде (бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң атауы):
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
корпоративтiк төлем карточкасын қолдана отырып, есеп айырысу жүргiзу үшiн ұлттық валютада ағымдағы шот ашуға рұқсат етiледi
20__ ж. «___» _____________________________
Рұқсат бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қайтарып алғанға дейiн қолданыста болады.
Бюджеттi атқару жөнiндегi
уәкiлеттi органның басшысы ____________________ _______________
(Т.А.Ә.) (қолы)
М.О.
Банк белгiсi
_____ ж. «___» ___________ шот № ____
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 88-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
юджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 88-қосымша
АҒЫМДАҒЫ ШОТ АШУҒА, КОРПОРАТИВТIК ТӨЛЕМ КАРТОЧКАСЫН БЕРУ ЖӘНЕ
ОҒАН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ШАРТ
Бұдан әрi «Банк» деп аталатын, ____________________ акционерлiк
қоғамының атынан, 20__ ж. «___» ___________________________ негiзiнде
әрекет ететiн, ______________________________ бiр тараптан және бұдан
(басшысының Т.А.Ә, лауазымы)
әрi «Мемлекеттiк мекеме» деп аталатын, ______________________ атынан,
(мемлекеттiк мекеменiң толық атауы)
20_ж. «___» ___________________ бекiтiлген ________________ негiзiнде
әрекет ететiн ____________________________ екiншi тараптан, бұдан әрi
(басшысының Т.А.Ә. лауазымы)
бiрлесiп «Тараптар» деп аталатындар ағымдағы шотты ашуға
корпоративтік төлем карточкасын беру және оған қызмет көрсету туралы
төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.
1. Терминдер сөздiгi
1.1. Осы Шартта пайдаланылған терминдер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 331 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiнде (бұдан әрi - Ереже) пайдаланылған терминдерге сәйкес келедi.
2. Шарттың мәнi
2.1. Осы Шарттың тәртiбiнде және талаптарында Банк Мемлекеттік мекемеге ағымдағы шот ашуға, Мемлекеттік мекеменiң уәкiлеттi өкiл(дер)iне корпоративтiк төлем карточка(лар)сын шығаруға және Қазақстан Республикасы заңнамасына және де Банктiң iшкi қағидаларына сәйкес қызмет көрсетудi қамтамасыз етуге мiндеттенеді.
2.2. Мемлекеттік мекеме Карточканы (ларды) Ережеге сәйкес қабылдауға және қолдануға мiндеттенедi.
2.3. Карточканы (ларды) Ұстаушы (лар) Мемлекеттік мекеменiң уәкiлеттi өкiлi (дері) болып табылады. Шарттың және Ереженiң талаптары карточка (лар) ұстаушыға (ларға) да қолданылады.
2.4. Ағымдағы шот теңгеде жүргiзiледi.
2.5. Ағымдағы шотқа ақшаны аудару тәртiбi, Мем.мекеме мен Банктiң өзара қатынасы, қаржылық қызметтердi төлеудiң мөлшерi мен мерзiмi, олардың ретi Шартпен және Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен регламенттеледі.
3. Ағымдағы шот ашу, корпоративтiк төлем карточкасын беру және
оған қызмет көрсету талаптары
3.1. Банк:
3.1.1. Мекеменiң атына ағымдағы шот ашуға.
3.1.2. Өтiнiштi алған күннен бастап ______ банктiк күн iшiнде Карточканы шығаруға, Мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi өкiл(дер)iне, Карточка (лар) мен ПИН-конверттi беруге. Карточка ұстаушыға не Банкте Карточканы алуға уәкiлеттi жауапты қызметкерге, сондай-ақ Карточкаға Банк заңнамасының және осы Шарттың талаптарына сәйкес қызмет көрсетуге.
3.1.3. Хат-хабар шотына ақша түскен күнi оларды Мемлекеттік мекеменiң ағымдағы шотына аударуға.
3.1.4. Карточка ұстаушыға не Банкте, Банктiң қызмет көрсететiн филиалында үзiндi көшірмелерді алуға уәкiлеттi жауапты қызметкерге ай сайын оны берiп отыруға не почта арқылы жiберуге.
3.1.5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шарттың қолданылу мерзiмiне қарамастан ағымдағы шот және олар бойынша жасалатын операциялар бойынша банктiк құпияның сақталуына кепiлдiк беруге.
3.1.6. Қағидалардағы барлық өзгерiстер туралы Мемлекеттiк мекеменi Банк филиалдарына хабарландыру орналастыру жолымен хабардар етiп отыруға.
3.1.7. Банктiң бастамасымен Карточканы жабу жағдайында Мемлекеттiк мекемелердi жабылған күннен бастап ____ банктiк күн iшiнде жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
3.2. Мемлекеттiк мекеме:
3.2.1. Ағымдағы шот ашу және карточка(лар) шығару үшiн Банкке бiр мезгiлде Карточканы оның атына шығару қажет уәкiлеттi өкiл(дер)дiң Т.А.Ә. көрсете отырып, мiндеттi түрде жеке куәлiгiнiң(тер) және СТН-нiң көшiрмелерiн қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде және Банктiң iшкi Қағидаларында белгiленген құжаттарды беруге.
3.2.2. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, осы Шарттың және Ереженiң талаптарын сақтауға, оларды Карточка(лар) ұстаушының (лардың) сақтауын қамтамасыз етуге.
3.2.3. Карточканың(лар) сақталуын қамтамасыз етуге.
3.2.4. Карточка(лар) жоғалған немесе ұрланған жағдайда шұғыл түрде Банкке Ережеде көзделген тәртiппен Карточканы жабу туралы ауызша немесе жазбаша өтiнiшпен жүгiнуге.
3.2.5. Банктi деректемелерiнiң (Мемлекеттiк мекеменiң атауы, орналасқан жері, Карточканы (ларды) ұстаушының (лардың) Т.А.Ә. өзгергенi және басқалары) туралы _____ банктiк күн iшiнде жазбаша хабардар етуге.
3.2.6. Банктен тиiстi жазбаша хабарлама алған кезде Карточканы(лар) пайдалануды тоқтатуға және хабарламаны алған күннен бастап _____ банктiк күн iшiнде осы Шарт шеңберiнде шығарылған барлық Карточкаларды Банкке қайтарып беруге.
3.2.7. Қалаған кезде Банк филиалында Карточка бойынша ___________ теңге сомасынан асатын қолма-қол ақша алуға бiр банктiк күн бұрын осы Банк филиалының басшысына жазбаша өтiнiш ұсынып, осы сомадағы ақшаны ала алуға.
3.2.8. Карточка ұстаушының жұмыстан босату туралы өтiнiш берген күнiнен бастап немесе Карточка ұстаушының қайтыс болған күнiнен бастап бұл туралы ______ банктiк күн iшiнде Банктi жазбаша түрде хабардар етуге, Карточканы Банкке қайтаруға.
3.2.9. Ағымдағы шотқа қате есептелген ақшаны Банкке шұғыл түрде және толық көлемде қайтаруға.
3.2.10. Карточканы жоғалтқан жағдайда/___________ түрдегi әрбiр карточка үшiн ___________ теңге есебiнен ақшаны Банктiң ______________ шотына аудару жолымен шығаруға/ауыстыруға қызмет ақысын төлеуге.
3.2.11. Ақша ағымдағы шотқа аударылған күнi Банкке ағымдағы шотқа қызмет көрсеткенi үшiн ағымдағы шотқа есептелген соманың ____ %-ы мөлшерiнде бiрыңғай комиссияны төлеуге.
3.2.12. Мемлекеттік мекеме бiрыңғай комиссиямен Банктiң мынадай қызметтерiнiң құнын төлейдi:
________________________________________________________________________________________,
________________________________________________________________________________________,
________________________________________________________________________________________,
________________________________________________________________________________________,
________________________________________________________________________________________,
________________________________________________________________________________________.
3.2.13. Комиссияның 3.2.11-тармақта көрсетiлген мөлшерi Банкке жеке төлеуге берiлетiн шотпен, Мемлекеттiк мекеменiң ақшасын Ағымдағы шотқа есептеуден бөлек төленедi және кейiннен Мемлекеттік мекеме Ағымдағы шотындағы ақшаны пайдаланбаған жағдайда Мемлекеттік мекемеге қайтаруға жатпайды.
3.2.14. Мөрдi жоғалтқан және қойылған қолдардың үлгiлерi бар құжатта өзгерiс болған жағдайда Банкке келесi күннен кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi.
4. Төлем карточкасы жүйесi арқылы есеп айырысуларды жүргiзу
талаптары
4.1. Банк Карточкалары үшiн Төлем карточкасы жүйесiмен есеп айырысу валютасы АҚШ доллары немесе еуро болып табылады. Төлем карточкасы жүйесi арқылы жасалған Карточкалық операция сомасы осы Карточкалық операция бойынша Банкпен есеп айырысу күнiне белгiлеген АҚШ долларына немесе еуроға айырбасталады. Егер ағымдағы шот теңгемен жүргiзiлсе, онда Банк ағымдағы шоттан соманы валютаны сатудың ағымдағы шоттан ақша алынатын күнге белгiлеген бағамы бойынша Карточкалық операцияның АҚШ долларындағы не еуродағы сомасына балама теңгемен алады.
5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
5.1. Банк:
5.1.1. Ережені бiр жақты тәртiппен (Осы Шартта көзделген тәртiппен кейiннен Мемлекеттік мекеменi хабардар ете отырып) өзгертуге.
5.1.2. Мемлекеттік мекеменiң қосымша акцептiнсiз ағымдағы шоттан оларды тiкелей дебеттеу жолымен:
- карточкалық операция сомасын;
- тарифтерге сәйкес Банкке тиесiлi сыйақыларды;
- ағымдағы шотқа қате есептелген ақшаны ала алады.
5.1.3. Карточкалық операция жасалғаннан кейiн 45 (қырық бес) күнтiзбелiк күн өткен соң ол бойынша Мемлекеттік мекеме жасаған наразылықты қарауға қабылдамауға.
5.1.4. Мемлекеттік мекеме Банкке осы Шартты бұзу туралы жазбаша өтiнiш ұсынған жағдайда ағымдағы шоттағы ақша есептен шығарылған күннен бастап 30 (отыз) күнтiзбелiк күн өткен соң ағымдағы шотқа қызмет көрсеткенi үшiн Мемлекеттік мекемеге сыйақыны қайтармауға.
5.1.5. Карточканы (және) оны (оларды) кейiннен алу және осы Шартты бiр жақты тәртiпте бұзу құқығымен оқшаулауға:
- Мемлекеттік мекеме және/немесе Ұстаушының(лар) осы Шарттың және/немесе Ереже талаптарын бұзған жағдайда;
- ағымдағы шотқа ақша қате есептелген жағдайда;
- өзге жағдайларда Банктiң өз қарауы бойынша.
5.1.6. Карточканы(лар) Ұстаушының(лар) не жауапты қызметкердiң Карточканы алу үшiн Банкке Карточка алуға Өтiнiш берген күнiнен бастап 3 (үш) күнтiзбелiк айдан аса келмеу жағдайында Карточканы жоюға және оларға шығарғаны үшiн төленген сыйақыны Мемлекеттік мекеме қайтармауға құқылы.
5.2. Мемлекеттік мекеме:
5.2.1. Мемлекеттік мекеменiң ағымдағы шотындағы ақшасы шегiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Ережеге қайшы келмейтiн Карточкалық операцияларды жасауға.
5.2.2. Ағымдағы шот бойынша үзiндi көшірмелер алуға.
5.2.3. Ережеде және осы Шартта көзделген тәртiпте Карточканы (лар) оқшаулау/оқшауландырудан шығару туралы Банкке ауызша немесе жазбаша өтiнiшпен жүгiнуге.
5.2.4. Банктi жазбаша хабардар ете отырып, Карточка (лар) бойынша Карточкалық операциялардың кейбiр түрлерiне шектеу және белгiлi бiр уақыт iшiнде Карточка (лар) бойынша қол жетiмдi барынша көп соманы белгiлеуге.
5.2.5. Өз бастамашылығы бойынша Карточканы (лар) жабуға Карточка(лар) ұстаушының(лар) қатысуынсыз бастамашылық жасауға құқылы.
6. Тараптардың жауапкершiлiгі
6.1. Банк мыналрға жауапкершілікті көтереді:
6.1.1. Осы Шарттың тиiсiнше орындалуына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес банктiк құпияның жария етiлмеуiне.
6.1.2. Мемлекеттік мекеменiң пайдасына Банкке түскен ақшаны ағымдағы шотқа аударуды кiдiрткенi үшiн - әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн уақтылы аударылмаған соманың 0,02 % мөлшерiнде.
6.1.3. Мемлекеттік мекеме осы Шарттың талаптарын сақтаған және ағымдағы шоттан сұратылған сома бар болған жағдайда Банк Филиалында Мемлекеттік мекемеге қолма-қол ақша берудi кiдiрткенi үшiн әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн уақтылы берiлмеген соманың 0,02 % мөлшерiнде.
6.1.4. Ағымдағы шот бойынша қате жүргiзiлген операция үшiн. Бұл жағдайда Банктiң жауапкершiлiгi қате жүргiзiлген операцияны жоюмен шектеледi.
6.2. Банк:
6.2.1. Үшiншi тараптың Карточкаға қызмет көрсетуден бас тартуына.
6.2.2. Карточка бойынша Мемлекеттік мекеме мүдделерiн қозғауы мүмкiн болған үшiншi тарап белгiлеген лимиттер, шектеулер және қосымша сыйақылар үшiн.
6.2.3. Мемлекеттік мекеменiң жоғалған және /немесе ұрланған Карточканы оқшаулау туралы өтiнiшпен Банкке уақтылы жүгiнбеу салдарына.
6.2.4. Карточка ұстаушысын жұмыстан босату не оның қайтыс болуы туралы Банктi уақтылы жазбаша хабардар етпеу салдарына.
6.2.5. Төлем құжаттарының тиiсiнше ресiмделмеу: Мемлекеттік мекеменiң Банк қызметтерiнiң құнын дұрыс есептемеуi, Мемлекеттік мекеменiң Карточканың(лар) нөмiрiн(лер), Мемлекеттік мекеменiң атауын, Карточка ұстаушының тегiн, атын, әкесiнiң атын дұрыс көрсетпеу және т.б. жағдайларда ағымдағы шотқа ақша аударудың кiдiруі үшін жауапты болмайды.
6.3. Мемлекеттік мекеме:
6.3.1. Осы Шарттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiсiнше орындалуына.
6.3.2. Төлем шарттарында көрсетілген деректемелердің толықтығы мен дұрыстығына, сондай-ақ Банкке электронды және қағаз нұсқаларында ұсынылған тiзiмдегi ақпараттың дұрыстығына.
6.3.3. Жоғалған/ұрланған Карточканың оқшаулау туралы - уақтылы жүгінбеу салдарларына - Банкке толық көлемде келтірілген залалға.
6.3.4. Шарттың талаптарына сәйкес ағымдағы шотқа қате аударылған ақшаның қайтарылмауына.
6.3.5. Ағымдағы шот бойынша ақшаның жұмсалуына жеткіліксіз бақылау, Қағидалар мен Шарттың сақталмауы сақталмауына - Банкке толық көлемде келтірілген залалға.