____________________________________________________________________
(нормативтік құжаттың атауы, нөмірі және күні (қажет болған кезде
тармақтардың нөмірін көрсету)
________________________________________талаптарына сәйкес келмейді.
3. Ұсынылған өнімді сертификаттау сынақтарынан алынған нәтижелерді талдау негізінде Сіздің сәйкестік сертификатын ресімдеу және беру туралы өтініміңіз қабылданбайды.
4. Сіздің осы өнімді сәйкес келтіруіңіз немесе пайдаға асыруыңыз не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоюыңыз қажет.
Қосымша: 200__жылғы «____»_________№___________сертификаттау сынақтарының хаттамасы бетте.
____________________________ М.О._____________________________
(уәкілетті адамның қолы) (аты-жөні, тегі)
Техникалық регламентке
6-қосымша
Қызметтерді сертификаттау схемасы
Схе- маның нөмі- рі | Орын- далу шебер- лігін баға- лау | Қызмет- тер көрсету процесін бағалау | Кәсіп- орынды аттес- таттау | Менед- жмент жүйе- сін серти- фикат- тау | Қызмет- тердің нәтиже- сін іріктеп тексеру | Инспекциялық бақылау |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | + | | | | + | Қызметтердің нәтижелерін тексеру |
2 | | + | | + | | Қызметтер көрсету процесінің тұрақтылығын бақылау |
3 | | | | | + | Қызметтердің нәтижелерін іріктеп тексеру |
4 | | | + | | + | Қызметтердің нәтижелерін іріктеп тексеру |
5 | | | | + | | Қызметтер көрсету процесінің тұрақтылығын бақылау |
Ескертпе.
* - Материалдық емес қызметтерді сертификаттау социологиялық бағалау әдісімен жүзеге асырылады
Қызметтерді сертификаттау схемаларын қолдану
1. 1-схема қызметтерді орындаушының шеберлігін бағалауды көздейді, жұмыс жағдайын, технологиялық, нормативтік құжаттаманы білуін, жұмыс тәжірибесін, біліктілігін арттыру туралы мәліметтерді тексеруді және қызметтер көрсету нәтижесін (жөнделген, тазартылған және басқа бұйымдар) іріктеп тексеруді, сондай-ақ кезекті инспекциялық бақылауды қамтиды. Кәсіпкер-азаматтар мен шағын кәсіпорындар көрсететін қызметтерді сертификаттау үшін қолдану ұсынылады.
2. 2-схема мынадай екі тәсілмен:
технологиялық процесті, орындаушы шеберлігін, қызмет көрсету жағдайларын тексерумен;
менеджмент жүйесін бағалаумен жүзеге асырылуы мүмкін қызметтер көрсету процесін бағалауды көздейді.
Инспекциялық бақылау қызмет көрсету процесінің тұрақтылығын бақылау жолымен жүзеге асырылады.
Технологиялық процесті тексергенде:
1) технологиялық құжаттаманың толықтығы;
2) жабдықтардың орындалатын техпроцесс талаптарына сәйкестігі;
3) орындаушылар біліктілігінің орындалатын технологиялық процесс талаптарына сәйкестігі;
4) технологиялық тәртіптің сақталуы;
5) керек-жарақтың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдардың орындалатын технологиялық процесс талаптарына сәйкестігі бақыланады.
Менеджмент жүйесін бағалау кезінде:
1) сапа саласындағы саясат;
2) сапа жөніндегі нұсқау;
3) менеджмент жүйесі элементтерінің белгіленген талаптарға сәйкестігі;
4) сапа салаларында белгіленген мақсаттарға жету көзқарасы тұрғысынан менеджмент жүйесінің тиімділігі тексеріледі.
Өтінім берушіде менеджмент жүйесіне сертификат болған кезде менеджмент жүйесін бағалау жүргізілмейді.
3. 3-схема қызметтер нәтижесін жаппай тексеруді көздейді. Схема материалдық қызметтерді (жеке тапсырыстар бойынша бұйымдарды жөндеу және дайындау) сертификаттау үшін қолданылуы мүмкін.
Инспекциялық бақылау қызметтер нәтижесін іріктеп тексеру жолымен жүзеге асырылады.
4. 4-схема кәсіпорынды аттестаттауды көздейді, ол:
оның материалдық-техникалық базасының жай-күйін;
тұтынушыларға қызмет көрсетудің санитарлық-гигиеналық жағдайларын;
нысаналы қызметтермен қатар қосымша қызметтерді де қоса алғанда, қызметтердің түр-түрі мен сапасын;
қызмет көрсетудің анықтығы мен уақтылығын;
қызмет көрсету сапасын (қатынас әдебі, жайлылық, келісімділік, тұтынушы сұранымының есебі және т.с.с);
қызмет көрсетуші персоналдың кәсіби шеберлігін тексеруді қамтиды.
Қонақ үйлерді, мейрамханаларды, шаштараздарды, кинотеатрларды және басқаларды сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.
Кәсіпорынды бағалаудың нәтижесінде тұтастай алғанда дәреже (санат, сынып, жұлдызша) берілуі мүмкін.
Инспекциялық бақылау социологиялық әдістерді пайдаланып жүзеге асырылуы мүмкін.
4. 5-схема менеджмент жүйесін және оның жұмыс істеуінің тұрақтылығын кейіннен инспекциялық бақылауды сертификаттауды көздейді.
Менеджмент жүйесін сертификаттауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің нормативтік құжаттарына сәйкес менеджмент жүйелері бойынша сарапшы-аудиторларды тарту арқылы қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі орган жүзеге асырады. Сертификаттау кезінде барлық қызмет түрлері қолданылуы мүмкін.
Ескертпе - Материалдық емес қызметтерді сертификаттау сараптау немесе социологиялық бағалау жолымен жүзеге асырылады.
Техникалық регламентке
7-қосымша
Қызметтерді сертификаттауды жүргізуге арналған
өтінім бойынша
200__жылғы «__»_________№__________
ШЕШІМ
______________________________________________________________
(сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы)
қоса берілген құжаттармен бірге_____________________________________
____________________________________________________________________
(өтінім берушінің атауы, мекен-жайы, телефоны)
____________________________________________сертификаттауға арналған
(қызметтердің атауы, СЭҚ ӨЖ коды)
200_жылғы «__»_________ өтінімін қарап, сәйкестікті растау жөніндегі орган ШЕШТІ:
1. Сертификаттау______________________________________________
(сертификаттау схемасының нөмірі)
_________________________________________схемасы бойынша жүргізілсін
2. Сертификаттау үшін сынаулар________________________________
_________________________________________________________жүргізілсін
(аккредиттелген сынақ зертханасының атауы)
3. Сертификаттау______________________________________________
____________________________________________________________________
(нормативтік құжаттың атауы, нөмірі және күні (қажет болған кезде, тармақтардың нөмірін көрсету)
______________________________________талаптарына сәйкес жүргізілсін
4. Инспекциялық бақылау_______________________________________
____________________________________________________жүзеге асырылсын
(тексеру кезеңділігін көрсету)
5. Жұмыстар___________________________________________________
_______________________________________________негізінде жүргізілсін
(шарттың нөмірі мен күнін көрсету)
____________________________ М.О._____________________________
(уәкілетті адамның қолы) (аты-жөні, тегі)