6) авариялық жағдайлардың алдын алу тәсілдері, оның ішінде құрал-жабдыққа қойылатын талаптар мен өрт сөндіру, жарылыстан қорғау тәсілдері мен құралдарының тізбесі қамтылуы тиіс.
47. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді өнеркәсіптік қолдануды қажетті біліктілігі бар, қауіпсіз еңбек әдістері мен тәсілдерін оқыған, қажетті қорғау құралдарымен қамтамасыз етілген және қауіпсіздік пен жұмыс істейтін персоналдың еңбегін қорғау талаптарына сәйкес лак-бояу материалдарымен және еріткіштермен жұмыстарға жіберілген персонал жүзеге асыруы тиіс.
48. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді өнеркәсіптік қолдану кезінде жарылыс қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және химиялық қауіпсіздік мынадай:
1) лак-бояу материалдарын және еріткіштерді қолданумен байланысты қауіпті азайтуға әкеп тірейтін технологияларды және жабдықтарды, еңбек тәсілдері мен әдістерін таңдау;
2) лак-бояу материалдары мен еріткіштерді қолдану қауіпсіздігіне бақылау жасайтын техникалық құралдарды пайдалану және тиісінше күтіп ұстау;
3) лак-бояу материалдары мен еріткіштерді қолдану кезінде бөлінетін зиянды химиялық заттардың жұмыс аймағы ауасында, атмосфералық ауада және қоршаған орта объектілерінде болуына өндірістік зертханалық бақылау жүргізу;
4) жұмыс істейтін персоналға тікелей немесе ықтимал қауіп туралы ескертуге, белгілі бір әрекеттерге тыйым салуға, нұсқамаға немесе рұқсат етуге арналған, сондай-ақ пайдалануы қауіпті және зиянды факторлардың әсерін жоятын немесе азайтатын құралдардың орналасқан жері туралы ақпаратқа арналған қауіпсіздік белгілерін пайдалану;
5) жұмыс істейтін персоналға қажетті жеке және ұжымдық қорғау құралдарын, арнайы киім, жеке гигиена құралдарын, алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралдарын беру;
6) персоналдың білімдерін тексеру, авариялық оқиғалардың алдын алу тәсілдерін пысықтау және оларды жоюға қажетті құралдармен жарақтандыру;
7) қауіпсіз еңбек жағдайларымен және лак-бояу материалдарымен және еріткіштері мен жұмыс істеумен айналысатын жұмыс істейтін персоналға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өтемақылар беруді қамтамасыз ету жолымен іске асырылатын шаралармен қамтамасыз етілуі тиіс.
4.8. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің қалдықтарын кәдеге жарату және жою кезіндегі қауіпсіздік талаптары
49. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің қалдықтарын кәдеге жарату және (немесе) жою осы процестердің өтінім беруші химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортында әзірлеген, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлардың өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге зиянды әсер етуді азайтуға бағытталған шараларды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
50. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің қалдықтарын кәдеге жарату және (немесе) жою кезінде жұмыс аймағы ауасындағы, атмосфералық ауадағы, ашық су қоймаларының суындағы және топырақтағы зиянды химиялық заттардың концентрациялары шектік рұқсат етілетін концентрациялардан аспауы тиіс.
51. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің қалдықтарын қайталама шикізатты, лак-бояу материалдарын, еріткіштерді немесе жылу жеткізгіштерді алу үшін оларды пайдаланумен байланысты жою басымдық болып табылады.
52. Кәдеге жарату лак-бояу материалының еріткіштердің қалдықтарын өнеркәсіптік қайта өңдеу (немесе) әр түрлі тұтынушылық қасиеттері бар қайталама өнімге айналдыру жолымен жүргізілуі тиіс.
53. Кәдеге жаратылуы мүмкін емес қалдықтар өнеркәсіптік қалдықтарды термикалық залалсыздандыру жолымен және (немесе) залалсыздандыру мен көму жөніндегі полигондарда көму жолымен жойылуы тиіс.
54. Лак-бояу материалдарының және еріткіштердің қалдықтарын кәдеге жарату және жою кезінде экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптары сақталуы және жұмыс істейтін персоналдың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес еңбекті қорғау қауіпсіздігі жөніндегі шаралар қамтамасыз етілуі тиіс.
4.9. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің адамға
және қоршаған ортаға әсер ету қатерін бағалау
55. Лак-бояу материалдары мен еріткіштер азаматтардың өмірі мен денсаулығы, жеке және заңды тұлғалардың мүліктері, мемлекеттік мүлік, қоршаған орта, жануарлардың өмірі мен денсаулығы және өсімдіктер үшін қауіпті болып табылады.
56. Лак-бояу материалдары мен еріткіштері зиянды әсер етудің мынадай түрлерін тудыра алады:
1) адамға - теріге және көру органдарына жалпы уыттылық, тітіркендіруші әсер ету, тыныс жолдары немесе тері арқылы организмге түскен кезде сенсибилизациялық әсер, мутагендік әсер, канцерогендік әсер, эмбриотроптық, гонадотроптық және тератогендік әсер ету;
2) қоршаған ортаға, жануарларға және өсімдікке - күшті және созылмалы уыттылық, мутагендік әсер, канцерогендік әсер, эмбриотроптық, гонадотроптық және тератогенді әсер ету;
3) жарылыс, өрт кезінде мүліктің зақымдануы немесе бұзылуы.
57. Қатерді бағалауды жаңа лак-бояу материалдары мен еріткіштерді әзірлеу кезінде өндіруші жүзеге асырады және ол мынадай міндетті кезеңдерді жүргізуді қамтиды:
1) қауіп көздері мен түрлерін айқындау;
2) жарылыс қаупінің, өрт қауіпінің және химиялық қауіптің сандық көрсеткіштерін айқындау;
3) қауіптің туындау ықтималдығын айқындау және зиянды факторлардың азаматтардың өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлардың өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге әсерін бағалау.
4.10. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді
тұтынушыларды адастыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу
58. Тұтынушы үшін лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сақтау, тасымалдау, өткізу немесе қолдану жөніндегі ақпарат өнімнің ескерту таңбасы, қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулық және химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты түрінде беріледі.
59. Ескерту таңбасына және химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортына кіретін ақпараттың құрамына, мазмұнына және нысанына қойылатын ең аз талаптар «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
60. Ескерту таңбасы орамға мәтін, нышан, пиктограммалар түрінде басылады.
61. Тұтынушыға арналған ақпарат анық және жеңіл оқылатын болуы тиіс.
Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сақтау, тасымалдау, пайдалану және кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік талаптары қалған ақпараттан басқа қаріппен, түспен немесе өзге де тәсілмен ерекшеленуі тиіс.
62. Ақпаратты басу құралдары өнімді сақтау, тасымалдау, өткізу және қолдану кезінде таңбаның орнықтылығы қамтамасыз етілуге тиіс.
63. Тұтынушы үшін ақпараттың қажетті мәтіні толығымен орналастыру ыдыс бірліктерінің мөлшерлері шағын, техникалық жағынан қиын болған жағдайда, (0,3 текше дециметрге дейін) әрбір ыдыс бірлігіне қоса берілген қосымша бетке орналастырылады.
4.11. Сәйкестік презумциясы
64. Үйлестірілген стандарттардың талаптарына сәйкес дайындалған лак-бояу материалдары мен еріткіштер осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес деп есептеледі.
5. Өнімнің сәйкестігін растау тәртібі
65. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сәйкестендіру сәйкестікті растаған кезде және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырған кезде жүргізіледі.
66. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сәйкестендіру:
1) өнімнің үлгіге және (немесе) оның сипаттамасына сәйкестігін;
2) лак-бояу материалы мен еріткіштің техникалық реттеу объектісіне тиесілілігін және осы техникалық регламенттің 2-бабында көрсетілген негізгі ұғымға сәйкестігін;
3) лак-бояу материалы мен еріткіштің өнім партиясының маркасына, типіне тиісілілігін;
4) лак-бояу материалы мен еріткіштің мақсатын растау мақсатында жүргізіледі.
67. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сәйкестендіру екі кезеңмен:
1) лак-бояу материалы мен еріткіштер үлгісінің сынамаларын іріктеу кезінде;
2) сынақтар жүргізу кезінде жүзеге асырылады.
68. Сәйкестендіру нақты лак-бояу материалы мен еріткіштің және (немесе) оның сипаттамаға сәйкестігін растау үшін жиынтық түрінде жеткілікті көрсеткіштер мен талаптар бойынша жүргізіледі. Лак-бояу материалы мен еріткіштің сипаттамасы ретінде тауарға ілеспе құжаттама, жеткізу шарттары, ерекшеліктері мен өнімді сипаттайтын басқа да құжаттар пайдаланылуы мүмкін.
69. Лак-бояу материалы мен еріткішті сертификатқа сәйкестігіне сәйкестендіру жүргізу кезінде лак-бояу материалы мен еріткіш партиясының нөмірі және нақты сәйкестік сертификатын сертификатталған нақты өнімге жатқызуға мүмкіндік беретін басқа да деректер көрсетіледі.
70. Лак-бояу материалы мен еріткішті сәйкестендіру мынадай белгілері, параметрлері мен талаптары бойынша:
1) Лак-бояу материалы мен еріткіші үлгісінің сынамаларын іріктеу кезінде:
тұтынушы үшін ақпараттың сәйкестігіне таңбалау;
өтініш берілген өнімнің сәйкестігіне лак-бояу материалы мен еріткішінің атауы;
бірліктердің саны немесе партиясының көлемі;
орамның сәйкестігі бойынша.
2) Сынақтар жүргізу кезінде:
сыртқы түрі (агрегаттық жай-күйі - сұйық, ұнтақ, паста);
осы техникалық регламенттің 4-бөлімінде көзделген талаптарға сәйкес негізгі немесе қолданыстағы зат;
тағайындалу көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.
71. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сәйкестендіру кезінде мынадай:
1) құжаттама;
2) көрнекі;
3) аспаптық;
4) сынау әдістерінің бірі немесе олардың үйлесімділігі пайдаланылуы тиіс.
72. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерін сәйкестендіруді:
1) сынақ зертханалары;
2) сәйкестікті растау жөніндегі органдар;
3) өз құзыреті шегінде бақылау жүргізу кезінде уәкілетті органдар жүргізеді.
73. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарына сәйкес өтініш беруші міндетті және ерікті сертификаттау нысандарында жүзеге асыруы тиіс.
74. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің сәйкестігін және сәйкестік туралы декларацияны міндетті растауды:
1) бөлшек саудаға арналған конденсациялық және полимерленген шайырлардан жасалған лактар, эмальдар, бітегіштер мен тығыздағыштар үшін және целлюлоза эфирлерінен жасалған эмальдар мен олифтер үшін;
2) Қазақстан Республикасы қосылған және осыған ұқсас өнімді сертификаттау көзделген халықаралық шарттардың қолданылу саласына жатқызылған лак-бояу материалдары мен еріткіштер үшін өтінім берушімен жасалған шарт негізінде сәйкестікті растау жөніндегі орган жүргізуге тиіс.
75. Сәйкестікті міндетті растауды жүргізу тәртібі, сертификаттың мазмұны мен нысаны техникалық реттеу жүйесінің талаптарына сәйкес белгіленеді.
76. Сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі - сәйкестікті растау (бағалау) схемасына байланысты.
77. Егер лак-бояу материалы мен еріткіші құрамында олардың қауіпсіздік деңгейіне әсер ететін конструктивтік өзгерістер болмаса, онда сәйкестік сертификаты сәйкестікті қайта растау рәсімінсіз берілуі мүмкін.
78. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің сәйкестігін ерікті растау тәртібі Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
79. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің осы техникалық регламент талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда өнімді нарықтан қайтарып алу Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Үйлестірілген стандарттардың тізбесі
80. Үйлестірілген стандарттардың тізбесі:
1) МСМСТ 6806-73 «Лак-бояу материалдары. Ию кезіндегі пленканың созылғыштығын анықтау әдісі»;
2) МСМСТ 8420-74 «Лак-бояу материалдары. Шартты тұтқырлықты анықтау әдістері»;
3) МСМСТ 8832-76 «Лак-бояу материалдары. Сынауға арналған лак-бояу жабынын алу әдістері»;
4) МСМСТ 9980.2-86 «Лак-бояу материалдары. Сынауға арналған сынамаларды іріктеу»;
5) МСМСТ 9980.3-86 «Лак-бояу материалдары. Орам»;
6) МСМСТ 9980.4-2002 «Лак-бояу материалдары. Таңбалау»;
7) МСМСТ 9980.5-86 «Лак-бояу материалдары. Тасымалдау және сақтау»;
8) МСМСТ 14243-78 «Лак-бояу материалдары. Бос пленкаларды алу әдістері»;
9) МСМСТ 15140-78 «Лак-бояу материалдары. Адгезияны анықтау әдістері»;
10) МСМСТ 17537-72 "Лак-бояу материалдары. Ұшпа және ұшпайтын, қатты және пленка түзетін заттардың салмақтық үлесін анықтау әдістері";
11) МСМСТ 18299-72 "Лак-бояу материалдары. Созу, салыстырмалы ұзарту кезінде, үзілу және серпінділік модулі кезінде беріктік шегін анықтау әдісі";
12) МСМСТ 19007-73 "Лак-бояу материалдары. Кебу уақыты мен дәрежесін анықтау әдісі";
13) МСМСТ 19266-79 "Лак-бояу материалдары. Түсті анықтау әдістері";
14) МСМСТ 20811-75 «Лак-бояу материалдары. Жабындарды қырнауға сынау әдістері»;
15) МСМСТ 21513-76 «Лак-бояу материалдары. Лак-бояу пленкасының су- және ылғал сіңіруін анықтау әдістері»;
16) МСМСТ 21903-76 «Лак-бояу материалдары. Шартты жарыққа төзімділігін анықтау әдістері»;
17) МСМСТ 23955-80 «Лак-бояу материалдары. Қышқылдық санды анықтау әдістері»;
18) МСМСТ 27037-86 «Лак-бояу материалдары. Ауыспалы температуралардың әсеріне төзімділігін анықтау әдісі»;
19) МСМСТ 27271-87 «Лак-бояу материалдары. Жарамдылық мерзімін бақылау әдісі»;
20) МСМСТ 28513-90 «Лак-бояу материалдары. Тығыздықты анықтау әдісі»;
21) МСМСТ 29317-92 «Лак-бояу материалдары және оларға арналған шикізат. Кондиционирлеуге және сынауға арналған температуралар мен ылғалдық»;
22) МСМСТ 29318-92 «Лак-бояу материалдары. Өнімнің боялған бетпен үйлесімділігін бағалау. Сынау әдістері»;
23) МСМСТ 29319-92 «Лак-бояу материалдары. Түсті көрнекі салыстыру әдісі»;
24) МСМСТ 896-69 «Лак-бояу материалдары. Жалтырды анықтаудың фотоэлектрлік әдісі»;
25) МСМСТ 4765-73 «Лак-бояу материалдары. Соққы кезіндегі беріктігін анықтау әдісі»;
26) МСМСТ 30991.4-2002 «Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Құрамында «еріген» сүрменің болуын анықтау. Жалынды атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдісі және Б родаминін пайдалану арқылы жасалатын спектрофотометрикалық әдіс»;
27) МСМСТ 30991.5-2002 «Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Құрамында «еріген» барийдің болуын анықтау. Жалынды атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдісі»;
28) МСМСТ 30991.6-2002 «Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Құрамында «еріген» кадмийдің болуын анықтау. Жалынды атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдісі және полярографикалық әдіс»;
29) МСМСТ 30991.7-2002 «Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Сұйық және ұнтақ бояулардың пигмент бөлігінде «еріген» алты валентті хромның болуын анықтау. Дифенилкарбазидті пайдалану арқылы жасалатын спектрофотометрикалық әдіс»;
30) МСМСТ 30991.8-2002 «Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Бояудың сұйық бөлігінде жалпы «еріген» хромның болуын анықтау. Жалынды атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдісі»;
31) МСМСТ 30991.9-2002 «Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Бояудың пигмент бөлігінде және сумен сұйытылатын бояулардың сұйық бөлігінде «еріген» сынаптың болуын анықтау. Жалынсыз атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдісі»;
32) МСМСТ 30991.10-2002 «Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Құрамында жалпы қорғасынның болуын анықтау. Жалынды атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдісі»;
33) МСМСТ 30991.11-2002 «Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Құрамында жалпы сынаптың болуын анықтау. Жалынсыз атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдісі»;
34) МСМСТ 30991.1-2002 «Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Сұйық немесе ұнтақ түрлеріндегі лак-бояу материалдарынан қышқыл шайғындар дайындау»;
35) МСМСТ 30991.2-2002 «Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Кепкен лак-бояу пленкаларынан қышқыл шайғындар дайындау»;
36) МСМСТ 30991.3-2002 «Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Құрамында «еріген» қорғасынның болуын анықтау. Жалынды атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдісі және дитизонды пайдалану арқылы жасалатын спектрофотометрикалық әдіс».
7. Мерзімі және қолданысқа енгізу шарты
81. Осы техникалық регламент ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
82. Осы техникалық регламент қолданысқа енгізілгенге дейін берілген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды деп есептеледі.
Техникалық регламентке
1-қосымша
Техникалық регламент талаптары қолданылатын
техникалық реттеу объектілерінің тізбесі
1. Лактар
1) табиғи шайырлар негізіндегі канифоль лактар;
2) табиғи шайырлар негізіндегі янтарь түсті лактар;
3) табиғи шайырлар негізіндегі битум лактар;
4) табиғи шайырлар негізіндегі майлы лактар;
5) алкид шайырлар негізіндегі глифтал лактар;
6) алкид шайырлар негізіндегі пентафтал лактар;
7) алкид шайырлар негізіндегі этриоль лактар;
8) алкид шайырлар негізіндегі алкид-стироль лактар;
9) конденсациялық шайырлар негізіндегі карбамид- және меламиноформальдегид лактары;
10) конденсациялық шайырлар негізіндегі эпоксид және полиамид лактары;
11) конденсациялық шайырлар негізіндегі кремнийорганикалық лактар;
12) конденсациялық шайырлар негізіндегі полиуретан лактар;
13) конденсациялық шайырлар негізіндегі фенол лактар;
14) конденсациялық шайырлар негізіндегі полиэфирлік қанықпаған лактар;
15) конденсациялық шайырлар негізіндегі полиэфирлік қанық емес лактар;
16) конденсациялық шайырлар негізіндегі өзге де лактар;
17) перхлорвинилді лактар;
18) полимерлес поливинилхлоридті лактары;
19) полиакрилді лактар;
20) полимерлес полиакрилді лактар;
21) каучук лактары;
22) поливинилацеталді лактар;
23) фторпластикалық лактар;
24) өзге де полимерленген шайырлар негізіндегі лактар;
25) нитроцеллюлозалы лактар;
26) нитроалкидті лактар;
27) нитроэпоксид лактар;
28) этилцеллюлозалы лактар;
29) өзге де эфирлердегі целлюлоза негізіндегі лактар;
30) сілтілік спирт лактар мен политуралар;
31) спирт лактар мен политуралар;
32) фенолді спирт лактар мен политуралар;
33) циклогексан спирт лактар мен политуралар.
2. Бояулар:
1) су-дисперсиялық поливинилацетатты бояулар;
2) су-дисперсиялық жанғыштығы төмендетілген поливинилацетатты бояулар;
3) су-дисперсиялық стиролбутадиенді бояулар;
4) су-дисперсиялық акрилатты латекстер негізіндегі бояулар;
5) су-дисперсиялық полимерленген полимерлестер негізіндегі бояулар;
6) су-дисперсиялық өзге де бояулар;
7) қою ұсатылған майлы бояулар;
8) қолдануға дайын, сұйық ұсатылған майлы бояулар;
9) ұнтақ полиэфирлі бояулар;
10) өзге де ұнтақ бояулар.
3. Эмальдар:
1) глифталді эмальдар;
2) пентафталді эмальдар;
3) полиэфирлі эмальдар;
4) фенолді эмальдар;
5) эпоксидті эмальдар;
6) карбамид- және меламидформальдегидті эмальдар;
7) кремнийорганикалық және полиуретанді эмальдар;
8) табиғи шайырлар негізіндегі эмальдар;
9) өзге де конденсациялық шайырлар негізіндегі эмальдар;
10) перхлорвинилді эмальдар;
11) полимерлесполивинилхлоридті эмальдар;
12) полиакрилді эмальдар;
13) полимерлесполиакрилді эмальдар;
14) каучук эмальдар;
15) поливинилацеталді эмальдар;
16) фторпластті эмальдар;
17) өзге де полимерленген шайырлар негізіндегі эмальдар;
18) нитроцеллюлозалы эмальдар;
19) нитроалкидті эмальдар;
20) нитроэпоксидті эмальдар;
21) этилцеллюлозалы эмальдар;
22) өзге де целлюлоза эфирлері негізіндегі эмальдар.
4. Бітегіштер:
1) стиролбутадиенді су-дисперсиялық бітегіштер;
2) өзге де су-дисперсиялық бітегіштер;
3) глифталды бітегіштер;
4) пентафталды бітегіштер;
5) полиэфирлі бітегіштер;
6) фенолді бітегіштер;
7) эпоксидті бітегіштер;
8) карбамид- және меламинформальдегидті бітегіштер;
9) кремнийорганикалық және полиуретанды бітегіштер;
10) табиғи шайырлар негізіндегі бітегіштер;
11) өзге де конденсациялық шайырлар негізіндегі бітегіштер;
12) перхлорвинилді бітегіштер;
13) полимерлесполивинилхлоридті бітегіштер;
14) полиакрилді бітегіштер;
15) полимерлесполиакрилді бітегіштер;
16) каучук бітегіштер;
17) поливинилацеталды бітегіштер;
18) фторпластты бітегіштер;
19) өзге де полимерленген шайырлар негізіндегі бітегіштер;
20) нитроцеллюлозалы бітегіштер;
21) нитроалкидті бітегіштер;
22) нитроэпоксидті бітегіштер;
23) этилцеллюлозалы бітегіштер;
24) өзге де целлюлоза эфирлері негізіндегі бітегіштер.
5. Тығыздағыштар:
1) стиролбутадиенді су-дисперсиялық тығыздағыштар;
2) өзге де су-дисперсиялық тығыздағыштар;
3) глифталды тығыздағыштар;
4) пентафталды тығыздағыштар;
5) полиэфирлі тығыздағыштар;
6) фенолді тығыздағыштар;
7) эпоксидті тығыздағыштар;
8) карбамид- және меламинформальдегидті тығыздағыштар;
9) кремнийорганикалық және полиуретанды тығыздағыштар;
10) табиғи шайырлар негізіндегі тығыздамалар;
11) өзге де конденсациялық шайырлар негізіндегі тығыздағыштар;
12) перхлорвинилді тығыздағыштар;
13) полимерлесполивинилхлорид тығыздағыштар;
14) полиакрилді тығыздағыштар;
15) полимерлесполиакрилді тығыздағыштар;
16) каучук тығыздағыштар;
17) поливинилацеталды тығыздағыштар;
18) фторпластты тығыздағыштар;
19) өзге де полимерленген шайырлар негізіндегі тығыздағыштар;
20) нитроцеллюлозалы тығыздағыштар;
21) нитроалкидті тығыздағыштар;
22) нитроэпоксидті тығыздағыштар;
23) этилцеллюлозалы тығыздағыштар;
24) өзге де целлюлоза эфирлері негізіндегі тығыздағыштар.
6. Лак-бояу қалдықтары;
7. Бөлшек саудаға арналған лак-бояу материалдары;
8. Конденсациялық шайырлар негізіндегі лактар, эмальдар, бітегіштер және тығыздағыштар;
9. Целлюлоза эфирлеріндегі лактар мен эмальдар;
10. Су-дисперсиялық бояулар;
11. Ұсатылған майлы бояулар мен ақ сырлар;
12. Полимерленген шайырлар негізіндегі лактар, эмальдар, бітегіштер мен тығыздағыштар;
13. Олифтер.
14. Еріткіштер, сұйылтқыштар, шайғыштар және өзге де материалдар.
Техникалық регламентке
2-қосымша
Негізгі ұшпа органикалық қосылыстардың гигиеналық
нормативтері мен уыттылық көрсеткіштері
Жұмыс аймағы ауасындағы және елді мекендердің
атмосфералық ауасындағы негізгі ұшпа органикалық
қосылыстардың гигиеналық нормативтері
1-кесте
Ұшпа органикалық қосылыстар | Химиялық формула | РШКж.а. шамасы, мг/м3 | РШКатм.а. шамасы, мг/м3 | Зияндылықтың лимиттеуші көрсеткіші |
Ең үлкен бір реттік | Орташа тәуліктік |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Амилацетат (Пентилацетат) | С7Н14О2 | 100 | 0,1 | - | рефл. |
Амил спирті (Пентан-1-ол) | С5Н12О | 10 | 0,01 | - | - |
Ацетон (Пропан-2-он ) | С3Н6О | 800/200 | 0,35 | - | рефл. |
Бензин-күкірттілігі аз еріткіш | - | 300/100 | 5 | 1,5 | рефл. -рез. |
Бутилацетат | С6Н12О2 | 200/50 | 0,1 | - | рефл. |
Бутил спирті (Бутан-1-ол) | С4Н10О | 30/10 | 0,1 | - | рефл. |
Бутилцеллозольв (2-Бутоксиэтанол) | С6Н14О2 | 5 | 1 | 0,3 | рефл. -рез. |
Гексан | С6Н14 | 900/300 | 60 | - | рефл. |
Диацетон спирті (4-Гидрокси-4 метилпентан-2-он) | С6Н12О2 | 100/- | 0,3 (ӘБҚД) | - | - |
Диизобутикетон (2,6-Диметилгептан -4-он) | С9Н18О | 290 | 0,05 (ӘБҚД) | - | - |
Диэтиленгликоль (2,2'-оксидиэтанол) | С4Н10О3 | 10 | - | 0,2 | рез. |
Диэтил эфирі (Этоксиэтан) | С4Н10О | 900/300 | 1 | 0,6 | реф. -рез. |
Изобутилацетат (1 -Метилпропилацетан) | С6Н12О2 | 10 | 0,1 | - | рефл. |
Изобутил спирті (2 -Метилпропан-1-ол) | С4Н10О | 10 | 0,1 | - | рефл. |
Изопропил спирті (Пропан-2-ол) | С3Н8О | 50/10 | 0,6 | - | рефл. |
Ксилол (Диметилбен- зол (2-, 3-, 4-изо- мерлерінің қоспасы) | С8Н10 | 150/50 | 0,2 | - | рефл. |
Метилацетат | С3Н6О2 | 100 | 0,07 | - | рефл. |
Нефрас-С-150/200 | - | 300/100 | - | - | |
Пентан | С5Н12 | 900/300 | 100 | 25 | рефл. -рез. |
Пропил спирті (Пропан-1-ол) | С3Н8О | 30/10 | 0,3 | - | рефл. |
Скипидар (С-ке қайта есептегенде) | - | 600/300 | 2,0 | 1,0 | рефл. -рез. |
Сольвент нафта (С-ке қайта есептегенде) | - | 300/100 | 0,2 (ӘБҚД) | - | - |
Толуол (Метилбензол) | С7Н8 | 150/50 | 0,6 | - | рефл. |
Ауыр еріткіш | - | 50 | - | - | - |
Уайт-спирит | - | 900/300 | - | - | - |
Формальдегид | СН2О | 0,5 | 0,035 | 0,003 | рефл. -рез. |
Циклогексан | С6Н12 | 80 | 1,4 | - | рефл. |
Циклогексанон | С6Н10О | 30/10 | 0,04 | - | рефл. |
Амил спирті (Пентан - 1-ол) | С5Н12О | 10 | 0,01 | - | - |
Этиленгликоль (Этан-1,2-диол) | С2Н6О2 | 10/5 | 1,0 | - | - |
Этанол | С2Н6О | 2000/ 1000 | 5 | - | рефл. |
Этилцеллозольв (2-этоксиэтанол) | С4Н10О2 | 30/10 | 0,7 (ӘБҚД) | - | - |
Ескертпе:
ШРКж.а. - жұмыс істейтін персоналдың жұмыс аймағы ауасындағы ұшпа органикалық қосылыстың шектік рұқсат етілетін концентрациясы барлық жұмыс өтілі аралығында 8 сағат бойы күнделікті тыныстаған кезде денсаулығы жағдайында аурулар немесе ауытқулар тудырмауға тиіс.
ШРКатм.ауа. ең көп дегенде бір рет - адам ағзасында рефлекторлық реакциялар тудырмайтын, елді мекендер ауасындағы ұшпа органикалық қосылыстардың шектік рұқсат етілетін концентрациясы.
ШРКатм.а. белгісіз ұзақ уақыт тәулік бойы тыныстаған жағдайда адамға тікелей немесе жанама зиянды әсерін тигізбейтін, елді мекендер ауасындағы ұшпа органикалық қосылыстардың орташа тәуліктік - орташа тәуліктік шектік рұқсат етілетін концентрациясы.
ӘБҚД - жұмыс аймағы ауасында ұшпа органикалық қосылыстардың әсер ететін болжамды қауіпсіз деңгейі
рез. - резорбтивтік.
рефл. - рефлекторлық.
рефл.-рез. - рефлекторлық-резорбтивтік.
Шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдаланатын
су объектілерінің суларындағы және топырақтағы негізгі
ұшпа органикалық қосылыстардың гигиеналық нормативтері
2-кесте
Ұшпа органикалық қосылыстар | Химиялық формула | РШКс, мг/л | РШКт, мг/кг |
Ацетон (Пропан-2-он) | С3Н6О | 2,2 | - |
Бутилацетат | С6Н12О2 | 0,1 | - |
Бутил спирті (Бутан-1-ол) | С4Н10О | 0,1 | - |
Дифенилолпропан(2,2- (4,4'-Дигидроксифенил)пропан) | С15Н16О2 | 0,01 | - |
Изобутил спирті (2-Метилпропан-1 -ол) | С4Н10О | 0,15 | - |
Изопропил спирті (Пропан-2-ол) | С3Н8О | 0,25 | - |
Ксилол (диметилбензол (2-, 3-, 4-изомерлерінің қоспасы) | С8Н10 | 0,05 | 0,3 |
Толуол (Метилбензол) | С7Н8 | 0,5 | 0,3 |
Уайт-спирит | - | 0,1 | 0,1 |
Ескертпе:
РШКс - шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдаланатын су объектілерінің суындағы ұшпа органикалық қосылыстың шектік рұқсат етілетін концентрациясы.
РШКт - топырақтағы ұшпа органикалық қосылыстың шектік рұқсат етілетін концентрациясы.
Жұмыс аймағы ауасындағы және елді мекендердің
атмосфералық ауасындағы ауыр металдар
қосылыстарының гигиеналық нормативтері
3-кесте
Құрамында ауыр металдар бар қосылыстар | ШРКж.а., мг/м3 | ШРКатм., мг/м3 |
Ең үлкен бір реттік | Орташа тәуліктік |
Хром (VI) триоксид | 0,03/0,01 | - | 0,0015 |
Қорғасын және оның бейорганикалық қосылыстары (қорғасынға қайта есептегенде) | -/0,05 | 0,001 | 0,0003 |
Кадмий және оның бейорганикалық қосылыстары | 0,05/0,01 | - | 0,0003 |
Ескертпе:
ШРКж.а. - жұмыс істейтін персоналдар жұмыс аймағы ауасындағы ұшпа органикалық түзілістің шектік рұқсат етілетін концентрациясы барлық жұмыс өтілі аралығында 8 сағат бойы күнделікті тыныстаған жағдайда денсаулығында аурулар немесе ауытқулар болмауға тиіс.
ШРКатм.а. адам ағзасында рефлекторлық реакциялар тудырмайтын, елді мекендер ауасындағы ұшпа органикалық түзілістің ең үлкен бір реттік - шектік рұқсат етілетін концентрациясы.
ШРКатм.а. белгісіз ұзақ уақыт тәулік бойы тыныстаған жағдайда адамға тікелей немесе жанама зиянды әсер тигізбеуге тиісті, елді мекендер ауасындағы ұшпа органикалық түзілістің орташа тәуліктік - орташа тәуліктік шектік рұқсат етілетін концентрациясы.
Лак-бояу материалдарының құрамына кіретін негізгі