Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 166 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
II «Қаржы секторын тұрақтандыру» деген бөлімде:
«Жүйе құраушы екінші деңгейдегі банктерді жай және ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу, сондай-ақ реттелген қарыздар беру арқылы қосымша капиталдандыру» деген 2-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 2.6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2.6 | ЕБД-ге қаржыландыруды беру шарттары (оның ішіне 2008 жылы бюджет қаражатынан капиталдандыруға алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан бөлінген «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның ақшалай қаражатын депозитке орналастыру жолымен), акцияларды қайта сатып алу, акционерлер арасындағы өзара қарым-қатынастардың және корпоративтік басқаруды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары туралы уағдаластықтарға қол жеткізу (іске асыру туралы келісімдерге, опциялық келісімдерге, акционерлер арасындағы келісімдерге және өзге де келісімдерге қол қою) | ЭБЖМ, Қаржымині, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ЕДБ | Үкімет қаулысы | 2009 жылғы ақпан |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |