ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
2008 жылы 700 бірліктен кем емес физика кабинеттерімен қамтамасыз етіледі, оның ішінде:
Ақмола облысы - 66 бірліктен кем емес;
Ақтөбе облысы - 72 бірліктен кем емес;
Алматы облысы - 48 бірліктен кем емес;
Атырау облысы - 70 бірліктен кем емес;
Шығыс Қазақстан облысы - 122 бірліктен кем емес;
Жамбыл облысы - 29 бірліктен кем емес;
Батыс Қазақстан облысы - 15 бірліктен кем емес;
Қарағанды облысы - 46 бірліктен кем емес;
Қостанай облысы - 4 бірліктен кем емес;
Павлодар облысы - 42 бірліктен кем емес;
Солтүстік Қазақстан облысы - 85 бірліктен кем емес;
Оңтүстік Қазақстан облысы - 71 бірліктен кем емес;
Астана қаласы - 30 бірліктен кем емес.
Соңғы нәтиже:
- халықтың барлық жіктері үшін сапалы білім алу қолжетілімділігін қамтамасыз ету;
- физика кабинеттерінде оқу жабдығы жоқ мектептер санын азайту, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және нормативтік талаптарға сәйкес жарақтандыру;
- білім беру үрдісін оқу әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру;
- бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде оқыту сапасын арттыру.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: 1 физика кабинетінің жоспарланып отырған орташа құны - 3446,3 мың теңге.
Уақыттылығы: жасалған шарттарға сәйкес физика кабинеттерімен қамтамасыз ету.
Сапасы:
жаңа ақпараттық және денсаулық сақтайтын оқыту технологиясын енгізу негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жетілдіру жолымен білім алу үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
256-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Сенім білдірілген агенттер қызметіне ақы төлеу»
деген 050 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 64060 мың теңге (алпыс төрт миллион алпыс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауда мемлекеттік білім беруді несиелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 маусымдағы № 1018 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: берілген бюджеттік несиені қайтарудың тиімділігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің), олардың бюджеттік несиелеуге байланысты тапсырмаларды атқаруына сыйақы төлеу жолымен, бюджеттік несиелерге қызмет көрсету мен қайтаруын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 050 | | Сенім білдірілген агенттер қызметіне ақы төлеу | Сенім білдірілген өкілдерге (агенттерге) тапсырманы атқарғаны үшін сыйақы төлеу | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: сенімді тұлғаға оның мемлекеттік білім және мемлекеттік студенттік несиелерді қайтару және қызмет көрсету бойынша жүргізген жұмысына сыйақы төлеу.
Соңғы нәтиже: заемшылардың алынған несиені өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындауының толықтығы және уақтылығы.
Қаржы-экономикалық нәтиже: сенім білдірілген өкілдер (агенттер) қызмет көрсеткен несиелерді қайтару.
Уақтылығы: сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) міндеттемелерін өз уақытында орындауы.
Сапасы: мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік несиелерді қайтару және қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
257-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 055 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 10197137 мың теңге (он миллиард бір жүз тоқсан жеті миллион бір жүз отыз жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19-1 Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы; 2001 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы; «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің шаралары туралы» 1996 жылғы 11 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 2895 Жарлығы; «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын одан әрі жүзеге асыру бойынша іс-шаралар» 2007 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің № 310 Жарлығы; «2007-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 348 Жарлығы; «Республикалық бюджет есебінен орындалатын қолданбалы ғылыми зерттеу бағдарламаларын құрудың және іске асырудың кейбір мәселелері турады» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 қаулысы; «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 қаулысы; «2006-2008 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында биотехнология жөніндегі кластерді қалыптастыру үшін қазіргі заманғы технологияларды әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы № 554 қаулысы, 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында фармацевтикалық кластерді дамыту үшін экспортқа бағдарланған бірегей фитопрепараттарды әзірлеу және өндірісті ұйымдастыру» ғылыми-техникалық бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 417 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканың базалық салаларының қажеттіліктерін ғылыми-техникалық, ғылымды көп қажет ететін жаңа өндірістердің ғылыми негіздерін әзірлеуді қамтамасыз ету, зерттеу-әзірлеу-кадрлар даярлау»өнеркәсіптік игерудің бірыңғай ғылыми-өндірістік тізбекке көшуге септігін тигізетін ғылыми-техникалық және өзге салаларда инновациялық қызметті дамыту, қолданбалы бастамашыл және тәуекелдік ғылыми зерттеулер мен зерттемелердің дамуына ықпал ету. Қазақстан Республикасы Президентінің Республикада мемлекеттік және тарихи сана-сезімді қалыптастыру қызметін ғылыми-талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету, мемлекет тарихы мен Қазақстанның мемлекеттігін құру және теориялық негіздеу.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу. Отандық технологиялардың бәсекелестік қабілеттілігін көтеру, өндірістің ғылымды көп қажет ететін салаларын тұрақты дамытуды ғылыми қамтамасыз ету. Қажетті жабдықтар мен аспаптар, реактивтер, қосалқы бөлшектер сатып алуда бірінші кезектегі қажеттілікті қанағаттандыру; ғылыми ұйымдарды осы заманғы жабдықпен, аспаппен және есептеу техникасымен жабдықтау; осы заманғы жоғары өнімді жабдықтарды және ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде ғылыми зерттеулердің деңгейін көтеру, ғылыми зерттеулер мен зерттемелерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар мен зерттеу ұжымдарын қаржыландыру көздерін кеңейту; ғылыми ұйымдардың кеңейтілген аясы үшін қаржы қаражаттарының қолайлылығын қамтамасыз ету. Қазақстандық қоғамда қазақстандық ұлтты дамыту үшін оңтайлы ішкі және халықаралық жағдай жасауға бағытталған мемлекет стратегиясының міндеттеріне сай келетін мемлекеттік сана-сезім мен тарихи білім идеологиясын қалыптастыру. Отандық тарихтың және Қазақстан мемлекетінің жаңа жағдайдағы тарихының теоретикалық-әдістемелік параметрлерін және зерттеу негіздемелерін әзірлеу.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 055 | | Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер | 1) Негізгі ғылыми бағыттардың 5 басымдығына сәйкес 6 бағдарлама аясында орталықтар мен институттар мен іргелі ғылыми зерттеулерді жүргізу: физика, математика, механика және информатиканың іргелі мәселелері; ғарыш кеңістігін зерттеу және қолданудың ғылыми- әдістемелік негіздерін дамыту, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-әкономикалық және технологиялық дамуы мүддесінде Жерді ғарыштан зерттеу; әр түрлі функционалды бағыттардағы ғылыми негіздер мен жаңа перспективалық материалдарды жасау технологияларын әзірлеу; минералдық және су ресурстарын, геологиялық-географиялық жүйелерді толтыру және игеру, минералдық және су ресурстарының, геологиялық-географиялық жүйелердің орнын толтыру және игеру, табиғи және техногендік апаттардан келген шығындарды азайту проблемаларын ғылыми қамтамасыз ету; денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау үшін ғылыми қажетсінетін технологияларды жасаудың биологиялық негіздері; Қазақстанның еркін демократиялық қоғамға қозғалысының әлеуметтік-экономикалық, саяси және тарихи-мәдениеттік модельдері мен механизмдерін жүйелі негіздеу және әзірлеу, қазіргі заманға жаһанданған процестерінің мәнмәтінінде Қазақстанның жылдамдатылған модернизациялануының ғылыми-әдістемелік нысанын дамыту. Жоғарыда аталған іргелі зерттеулер бағдарламаларын іске асыруды, үйлестіруді алып жүруді қамтамасыз ету. 2) Мемлекеттік маңызы бар ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру: 2006-2008 жылдарға арналған «Биотехнология жөніндегі кластерді қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы технологияларды әзірлеу»; 2007-2009 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында фармацевтикалық кластерін дамыту үшін экспортқа бағдарланған бірегей фитопрепараттарды әзірлеу және өндірісті ұйымдастыру»; 2006-2008 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының биологиялық және химиялық қауіпсіздігін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету»; 2006-2008 жылдарға арналған» «Құс тұмауы: зерттеу, күресу құралдары мен әдістерін әзірлеу»; 2007-2009 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында наноғылымды және нанотехнологияларды дамыту»; 2008-2010 жылдарға арналған «Қазақстанның биотүрлілігін сақтап қалу үшін өсімдіктердің, жануарлардың, микроағзалардың және ерекше генетикалық банктің жинағын толықтыру, зерттеу және ұстап тұру»; 2007-2008 жылдарға арналған «Тау-кен мен көмірсутегі секторлары үшін және олармен байланысты қызмет көрсету салаларының жаңа технологиялары»; 2008-2010 жылдарға арналған «Каспий акваториясының биоценозын эколого- эпидемиологиялық зерттеу және оны сауықтыру бойынша шараларды әзірлеу»; 2008-2010 жылдарға арналған «Жаңғыру аралындағы биологиялық полигон қызметінің салдарын кешенді эколого-эпидемиялық зерттеу және оны жою бойынша шараларды әзірлеу»; 2008-2010 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында жаңартылған энергетиканы дамыту»; 2008-2010 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауы үшін А/Н5N1 тұмауына қарсы вакцина әзірлеу». 2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ғылым мен ғылыми-техникалық саланың ақпараттық инфрақұрылымын дамыту жөніндегі қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу. Мобильді микрокомпьютерлер мен арнайы мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық құралдарды жасау. Ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық. Орталықтардың ғылыми қызметкерлерін оқыту және сынақтау. Қазақстанның даму негізі ретінде Ұлттық идея бағдарламасы шегінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу (Қазақстан Республикасында саяси жүйе мен партиялық құрылыстың дамуының ұлтаралық, конфессиялық, азаматтық және рухани қоғамдық дамудың басқа да маңызды мәселелерінің келісім саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер). Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу. Ғылыми-техникалық дамудың басымдылығын айқындау үшін форсайттық зерттеулер жүргізу. Шетелдік ғалымдарды, ұйымдар мен халықаралық бағдарламалар мен жобаларды, соның ішінде қазақ диаспорасы өкілдерін тарту арқылы қазақстандық ғылыми жобаларды іске асыру. Қолданбалы бастамашыл және тәуекелдік ғылыми зерттеулер мен зерттемелерді қаржыландыруға гранттарды беру. Қазақстанның қазіргі заманғы әлеуметтік-саяси тарихын жүйелі жинақтау және қоғамдық тәжірибеге енгізу 3) Ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларға ғылыми-техникалық сараптама жүргізу. Бағдарламалар мен жобалар жөніндегі барлық есептердің аралық және қорытынды сараптамасын жүргізу. 4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес: инженерлік бағдардағы 5 мемлекеттік жоғары оқу орындары үшін конкурстық негізде ғылыми-зертханалық жабдықтарды сатып алу үшін; ашық түрдегі нанотехнологиялар мен жаңа материалдар, биотехнологиялар, ядролық технологиялар мен жаңартылған энергетика технологиялары, сонымен қатар, ақпараттық және космостық технологиялар бағыттар бойынша 4 ұлттық ғылыми зертхана үшін ғылыми-зертханалық жабдықтарды сатып алу үшін күрделі трансферттер аудару. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Төрағасының бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес жабдықтарды сатып алу. 5) ҚР БҒМ «Биологиялық зерттеулер орталығы» РМК ғылыми ұйымдарының ғимараттарына мемлекеттік сараптамаға сәйкес күрделі жөндеу жүргізуге арналған күрделі трансферттерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының бұйрығы сәйкес аудару: - ҚР БҒМ БЗО «М.Айтқожин атындағы биология және биохимия молекулярлық институты» ЕМК (2006 жылғы 27 желтоқсандағы № 7-705/06 жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама қорытындысы); - ҚР БҒМ БЗО «Ботаника және фитоинтродукция институты» ЕМК (2006 жылғы 17 қазандағы 7-526-2/06 жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама қорытындысы); - ҚР БҒМ БЗО «Микробиология және вирусология институты» ЕМК (2006 жылғы 27 желтоқсандағы № 7-708/06 және 2007 жылғы 29 мамырдағы № 7-259/07 жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама қорытындысы); - ҚР БҒМ БЗО «Адам және жануарлар физиологиясы институты» ЕМК ғимараты (2007 жылғы 30 мамырдағы № 7-270/07 жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама қорытындысы); - ҚР БҒМ БЗО «Зоология институты» ЕМК ғимараты (2007 жылғы 30 мамырдағы № 7-271/07 жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама қорытындысы); - ҚР БҒМ БЗО «Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы» ЕМК (2006 жылғы 04 қыркүйектегі № 15-351/06 жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама қорытындысы); - ҚР БҒМ БЗО «Алтай ботаникалық бағы» ЕМК (2006 жылғы 22 тамыздағы № 9-705/06 жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама қорытындысы); - ҚР БҒМ БЗО «Ботаника және фитоинтродукция институты» ЕМК-ның «Жезқазған ботаникалық бағы» филиалы (2006 жылғы 14 қыркүйектегі № Ж-12-80/06 жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама қорытындысы). - ҚР БҒМ «ҚР ұлттық биотехнологиялар орталығы» РМК ғылыми ұйымдарының ғимараттарына мемлекеттік сараптамаға сәйкес күрделі жөндеу жүргізуге арналған капиталдық трансферттерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес аудару: - ҚР БҒМ ҰБО «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЕМК (2007 жылғы 29 мамырдағы № 7-263/07 жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама қорытындысы); - ҚР БҒМ ҰБО «Биология және биотехнологиялық өсімдіктер институты» ЕМК (2008 жылғы 11 наурыздағы № 7-118 жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама қорытындысы). | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институты |
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Жобалар конкурсы нәтижесіне сәйкес басым бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітілген тақырыптар бойынша, іргелі және қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу. Ғылыми ұйымдарға, соның ішінде мемлекеттік жоғары оқу орындарындағы 5 ғылыми зертханаларға жекелеген құралдар мен жабдықтарды сатып алу, ашық түрдегі ұлттық зертханаларды жабдықтау және ғылыми ұйымдардың ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу. Жабдықтар сатып алу ғылыми ұйымдардың ағымдағы міндеттерді сапалы әрі мезгілінде орындауына мүмкіндік береді және олардың өңдейтін ақпаратының шапшаңдығын арттырады. Ғылыми ұйымдардың ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу ғылыми зертханалардың сапасын және ғылыми қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Ғылыми жарияланымдар, соның ішінде патенттер мен патенттердің алды және басқа да құжаттар, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының қорытындысы болып табылатын конструкторлық-технологиялық және техникалық-экономикалық құжаттама.
Соңғы нәтиже: Табиғи және әлеуметтік жүйелер туралы жаңа білімдер алу, жүйелі экономиканың қайта ұйымдастырудың ғылыми негіздерін, қоғамның, мәдениеттің, ғылымның тұрақты дамуын әзірлеу; Қазақстандық ғылым ұстанымының ТМД қатысушы елдерінің жалпы ғылыми-технологиялық кеңістігі шеңберінде және ғылыми еңбектің әлемдік бөлігінде нығайту; экспорттық және импортты ауыстырушы өнімдерді көбейту және ғылыми өндірістерді дамытуға ықпал ететін қорытындыларды алу; ғылыми зерттеу мен зерттемелердің дамуына ықпал ету, жоғары тәжірибелік әлеуеті бар ғылыми зерттеу мен зерттемелерді өткізуде сапа мен қызығушылықты арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- бір ұйымға жабдықтар сатып алуға арналған орташа шығыстар - 47 254 800,0 теңге;
- бір ғылыми лабораторияға сатып алынатын жабдықтарға кететін орташа шығыстар - 288 889 теңге;
- бір ұйымның күрделі жөндеуіне арналған орташа шығыстар - 19057900 теңге.
Уақыттылығы: шарт бойынша жұмысты жүргізу кестесіне сәйкес.
Сапасы: ғылыми мақалалар, авторлық куәліктер, патенттер, патенттер алды, технологиялық әзірлемелер мен регламенттер, тәжірибе үлгілері, технологиялық процестер. Қазіргі заманғы құрал-жабдықтарды қолдану, ғылыми еңбек жағдайын жақсарту есебінен ғылыми зерттеулердің сапасын көтеру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
258-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Білім беру сапасын қамтамасыз ету»
деген 056 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 794303 мың теңге (жеті жүз тоқсан төрт миллион үш жүз үш мың теңге).
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативті-құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңының 4, 23-баптары; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 55, 58, 59, 65-баптары; «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредитациялаудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 976 қаулысы; «Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысы; «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: оқу жетістіктеріне тәуелсіз баға жасау, жоғары сапалы білімді қамтамасыз ететін сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін жасау. Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттар негізінде білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін жетілдіру. Халықаралық талаптарға сәйкес жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз ету. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын «Қазтест» жүйесін құру
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Ұлттық бірыңғай тестілеуді, оқушыларға аралық мемлекеттік бақылауды және білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кезіндегі, аттестаттаудан өту кезіндегі педагогикалық қызметкерді тестілеу кешенді тестілеуден өткізу. Мемлекеттік міндетті білім стандарттарын әзірлеу және талдау, оқушылар контингенттерін құру механизмін жетілдіру. Жоғары оқу орындарының халықаралық аккредиттеуден өтуі. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын «Қазтест» жүйесін пысықтау және сынау
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 056 | | Білім беру сапасын қамтамасыз ету | Ұлттық бірыңғай тестілеу, аралық мемлекеттік бақылау және білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кезіндегі кешенді тестілеуге, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлердің аттестаттау кезіндегі қатысушылар бойынша мәліметтерді жасау. Ұлттық бірыңғай тестілеуді, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кезіндегі кешенді тестілеуді және білім алушыларды аралық мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ аттестаттау кезіндегі педагогикалық қызметкерлерді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу үшін тест тапсырмаларын жасау және сараптамадан өткізу, бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру. Ұлттық бірыңғай тестілеуді, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау кезінде кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу және педагогикалық қызметкерлерді тестілеу. Орта білім берудің бастауыш және негізгі саласында және жоғары оқу орындарының 2 (3) курстарында білім алушыларға мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу. Мемлекеттік комиссия мүшелерімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдерімен, ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінің қызметкерлерімен тест тапсырмаларының авторларымен және сарапшылармен семинарларды өткізу. Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізімге сәйкес Қызылорда облысы Төретам кентінде (Байқоңыр қаласының мектеп бітірушілері үшін) тестілеу пунктін ашу үшін күрделі трансферттер аудару. Танылған шет елдік аккредиттеу агенттіктері арқылы аккредиттеуден өтуге дайындалу мақсатында жоғары оқу орындарының өзіндік бағалаудан өтуі. «Казтест» жүйесінің енгізу және дамыту тұжырымдамасын пысықтау. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын «Қазтест» жүйесін пысықтау. Интерактивті тестілеу үшін жүйенің сапасын сынау. Нысаналы топтарда «Қазтест» жүйесінің сапасын сынау | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру саласындағы бақылау комитеті, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: