7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Сыртқы инженерлік желілер бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу. Щучинск-Бурабай курорт аймағының инфрақұрылымын қолдауға қажетті жағдай жасау.
Соңғы нәтиже: қазіргі заманғы жоғары тиімді және бәсекелестікке қабілетті туристік кешен құру, табиғи жағдайдағы алуан түрлі биологиялық және ландшафттық табиғатты сақтап қалу, бүлінген табиғи кешенді, мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілерін қалпына келтіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: экономикалық тиімділікке Щучинск-Бурабай курорттық аймағының инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру арқылы қол жеткізіледі. Мамандандырылған техниканың бір бірлігінің орташа құны жоспарлы шығын шегінде 4 020,0 мың теңге; негізгі активтердің орташа құны 123,6 мың теңге.
Уақыттылығы: бекітілген шартқа, жоспар-кестеге және жеткізу кестесіне сәйкес негізгі құралдар сатып алу.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.