Ғарыш қызметі саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу: 1) Ғылыми мақсаттағы ғарыш жүйесінің ақпаратын ғылыми- әдістемелік қамтамасыз етуді және өңдеу технологиясын әзірлеу. 2) Термоэмиссиялық өңдегіш ректорының базасында ғарыштық ядролық энерго- қондырғыш және «Байқоңыр» ғарыш айлағында ТӨР ұшу алдында дайындау үшін техникалық позиция құруға концептуалды жоба, техникалық ұсыныс және ТЭН әзірлеу. 3) Күн энергиясын кемінде 0,4 (40%) қайта өңдеу коэффициентімен жаңа буын күн батареясының экспериментті үлгісін әзірлеу және жасау. 4) Қазақстан Республикасында ғарыш техникасының жүйелі ғылым зерттеулерін жүргізу. 5) Жер маңындағы ғарыш кеңістігінің жер үсті және спутниктік мониторингі желісін ұйымдастыру. Түрлендірген прототип-аспаптар базасында ғарыш кеңістігін табиғи иондармен қанықтырып сәулелендірудің борттық өлшемдер сегментін құру. 6) Ғылыми мақсаттағы ҒА радио-геофизикалық эксперименттер дайындау. 7) Адам гендарының қызмет етуінің анықталған молекулярлы- биологиялық ерекшеліктерінің және модельды жүйелерінің негізінде ұзақ ғарыш ұшулар жағдайларында адамның денсаулығы үшін қатерді төмендету тәсілдерін әзірлеу. 8) Ғарышкерлерді психофизикалық даярлау және ұшқаннан кейін оңалту тиімділігін арттыру үшін әдістер мен аппаратура әзірлеу. 9) Мамандандырылған азық-түлік кешенін - бағытталған физиологиялық-биохимиялық қасиеттермен және ұзақ сақтау мерзімімен адаптогендерді құрастыру және эксперименталды сынау. 10) Ғарыш кеңістігі факторларының қорытпалардың, метаармидті талшықтар мен композиттердің, жұқа пленкалы, кеуек және мембраналы материалдардың, сондай-ақ конденсирленген және иондалған ортаның қасиеттеріне әсерін зерттеу жөнінде эксперименттер сериясын жүргізу. 11) ХҒЖ бортындағы және жер үсті жабдығын пайдалана отырып Жер атмосферасындағы/ионос-ферасындағы оптикалық және электродинамикалық процестерді зерттеу жөнінде синхронды эксперименттер жүргізу. 12) Микрогравитация жағдайларында кристалдар өсіру және наномөлшерлі жартылай өткізгіш құрылымдарды молекулярлы-сәулелі эпитаксиясы жөнінде эксперименттер жүргізу үшін технологиялық қондырғылар әзірлеу, жасау және сынау. 13) Микрогравитация жағдайларында материалдардың механикалық-пайдалану қасиеттерін талдамалы өлшеу үшін ғылыми аппаратура кешенін әзірлеу, жасау және сынау. 14) Галактикалық ғарыш сәулелерін, рентген және гамма сәулелерін шығарудың энергетикалық спектры мен элементтік құрамын зерттеу үшін ғылым аппаратура кешенін әзірлеу, жасау және сынау. 15) Объектілерді жоғары температуралы экспозициялау, ауа мен суды тазалау, ғарышкерлер жағдайы мен борттық аппаратураның жұмыс істеу қабілетін бақылау үшін технологиялық қондырғыларды әзірлеу, жасау және сынау 16) ВКО-УФ»орбиталық ғарыш телескопындағы жоспарланған объектілерді қадағалау бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру. 17) Планеталық мониторингтің халықаралық желісіне кіру үшін қадағалау деректерінің ақпараттық-талдау орталығын ұйымдастыру. 18) Жоғары және аса жоғары шешімді ғарыш түсірімділері мен қазақстандық ЖҚЗ ҒА деректерін қабылдау үшін Астанадағы, Алматыдағы, Атырау мен Байқоңырдағы қабылдау орталықтарын жаңғырту, шетелдік және отандық ҒА-нан тікелей түсіру режімімен Қазақстан аумағының ғарыш түсірімділерін жүйелі қабылдауды қамтамасыз ету. 19) ЖҚЗ деректерін радиометриялық түзету және нақтылығы жоғары географиялық байлаудың, ғарыш түсірімділерін құрылымдық талдаудың, ірі масштабты ЦМР мен ЦММ қалыптастырудың жаңа тиімді технологияларын енгізу. 20) Цифрлы ғарыш бейнелері мен электронды каталогтардың ұлттық мұрағатын ағымдағы жаңарту және актуализациялаудың технологиялық кешендерін жаңғырту, ақпаратты рұқсат етілмеген қолжетімдіктен сақтау мен қорғауға кепілдік беру. 21) Қазақстанның түрлі жер-климат аймақтарындағы тесттік полигондар желісін кеңейту және жүйелі стационарлы және маршрутты спутникке қарасты бақылауларды қамтамасыз ету. 22) Ғарыш монитторингінің ведомстволық және жағдайлық орталықтарының пилоттық жобаларын орындау. 23) GPS-қабылдағыштарының (GPS, ГЛОНАСС) өрістетілген синхрондалған желісі мен жер қабаты учаскелерінің шиырылған-формасы өзгерген жағдайын талдау үшін алынған ақпаратты қабылдау және өңдеу кешені. 24) Қазақстанның негізгі өңірлеріндегі өрт және су тасқыны қатерін бағалау және мониторингі үшін кешенді ГИС технологияларын құру. 25) ЖҚЗ деректерінің негізінде дәнді дақылдар аурулары мен зиянкестерін ерте анықтау, диагностикасы мен дамуын бақылау технологиялар кешенін құру. 26) Дешифрлеу каталогтарын әзірлеумен ЖҚЗ көп жылғы деректерінің қатарларын пайдалана отырып, егістік жерлердің өнімділігін бағалау технологиялары кешенін құру. 27) Жоғары шешімді ЖҚЗ деректерін пайдалана отырып, Сырдария өзенінің сағасындағы суландыру жүйелерінің мониторингі үшін ГИС-технологиялар кешенін құру. 28) Каспий теңізінің Қазақстандағы бөлігінің, Арал өңірінің және Семей ядролық полигонының аумағы жағдайының ғарыш мониторингінің кіші жүйесін құру. 29) Спутниктік геодезия деректеріне және Жер қабатының шиырылған жағдайының вариацияларын талдауға негізделген табиғи және техногенді сипаттағы сейсмикалық процестерді болжаудың тиімді әдістерін әзірлеу және ионосфера жағдайының мониторингі мен бақылау пункттерін құру. 30) Спутниктік геодезия мен ЖҚЗ деректеріне негізделген Қазақстан аумағындағы табиғи процестер мен қауіпті экзогенді құбылыстардың (су тасқыны, сельдер, шөлейттену, метереологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар) ғарыш мониторингінің жүйесін құру. 31) Өнеркәсіптік агломерациялар, қалаланған аумақтар, оның ішінде биік құрылысты қалалардағы жер қыртысының жоғары горизонттары учаскелерінің ширыққан жағдайының жер үсті-ғарыштық жүйесін құру. 32) Көмірсутекті шикізатты үдемелі өндіретін, ірі су қоймалары мен гидротехникалық құрылыстар аумағының спутниктік инженерлік-геологиялық мониторингі жүйесін және спутник геодезия мен ЖҚЗ деректеріне негізделген осы аумақтардағы жер қыртысы учаскелерін шиырылған жағдайын кешенді талдау жөніндегі аппараттық-бағдарламалық жүйесін құру. 33) Ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздігі аясындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жүйелеу. 34) РП ОЧ РН, «Днепр» РС-20 авариялық құлау аймақтарының, оларға іргелес халық орналасқан пункттердің, сондай-ақ трасса астындағы аумақтардың экологиялық, санитарлық- гигиеналық жағдайын кешенді бағалау. РКД әсері тиетін аумақтардың экологиялық және санитарлық- гигиеналық мән жайының атласын әзірлеу және шығару. 35) КРТ және ВЭЖХ әдістерімен қоршаған орта объектілерінде айналу өнімдерін физикалық-химиялық диагностикасы жүйесін құру. 36) КРТ және оларды өңдеу өнімдерімен ластанған жерлерді детоксикациялаудың тиімді экологиялық қауіпсіз әдістері мен технологияларын әзірлеу. 37) РКД экологиялық қатерін бағалауға және табиғи экожүйелер негізінде нормалауға әдістемелік тәсілдерді негіздеу, НДМГ химиялық трансформациялау өнімдерінің өсімдіктер мен хайуандарға әсерінің токсикологиялық сипаттамасын беру, экологиялық-гигиеналық нормативтер әзірлеу. 38) Ғарыш аппараттары ұшыруларының атмосфераның түрлі қабаттарына (озонды қоса), электр және геомагнитті өрістерге әсерінің деректерін талдау және шұғыл бақылау үшін мониторинг пункттері мен ақпарат жинау орталығын, «Байқоңыр» ғарыш айлағында орналастырумен құру. 39) «Байқоңыр» ғарыш айлағына тікелей жақын жерде цифрлы сейсмикалық және инфрадыбыстық станциялардың жергілікті желісін құру. 40) Техникалық регламенттер мен стандарттар әзірлеу, ғарыш қызметі саласында техникалық реттеу мәселелері жөнінде нормативтік актілер қорын құру. Ғарыш техникасы объектілерінің сәйкестігін растау үшін схемалар құру және нормативтік- әдістемелік қамтамасыз ету. 2. Жабдық пен негізгі құралдар сатып алуға капиталды трансферттер аудару. |