7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кем дегенде 2150 сырқатқа Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығының емдеу-диагностикалық көмегін көрсетуі және Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы және «Қарағай» республикалық оңалту орталығы санаторийлік-сауықтыру (оңалту) көмегін көрсетуі, оларды патогенетикалық және симптоматикалық препараттармен қамтамасыз ету (сырқаттардың болжамданған орташа жылдық саны - 1230). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес кем дегенде 18 бірлік медициналық, диагностикалық, зертханалық және медициналық емес жабдық санитарлық автокөлік сатып алу. Жобалық-сметалық құжаттар мен Мемсараптама қорытындысына сәйкес «Қарағай» республикалық оңалту орталығына, Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығына күрделі жөндеу жүргізу.
Түпкілікті нәтиже: жоғары білікті медициналық көмек пен санаторийлік ем алған сырқаттардың арасында аурушаңдық, мүгедектік және өлім-жітім бойынша көрсеткіштерді жақсарту; жаңадан анықталған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын сырқаттарды сауықтыру көрсеткішінің өсуі және туберкулезге қарсы күрес шеңберінде басқа адамдарға туберкулез микробактериясының тұрақты штаммдарының берілу қаупінің азаюы.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір сырқатты емдеуге жұмсалатын туберкулезге қарсы препараттарды сатып алудың орташа шығыстары 73,5 мың теңге, бір бірлік жабдық сатып алудың орташа құны 1365,2 мың теңге, жобалау-сметалық құжаттармен мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес күрделі жөндеуді жүзеге асыру.
Уақтылығы: мамандандырылған стационарлық және оңалту медициналық көмегін уақтылы және сапалы көрсету.
Сапа: негізделген шағым жоқ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
274-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ана мен баланы қорғау»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 5650457 мың теңге (бес миллиард алты жүз елу миллион төрт жүз елу жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 25, 26-баптары; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 12, 13-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; «Азаматтардың дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 962 қаулысы; «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008-2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ана мен баланың денсаулығын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: әйелдерге, балалар мен жасөспірімдерге, оның ішінде республика өңірлеріне мамандардың барып жоғары мамандандырылған, консультативтік-диагностикалық, ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуі; балаларға санаторийлық, оңалту, сауықтыру көмегін көрсету; ана мен баланың денсаулығын сақтау саласында диагностиканың, емдеу мен оңалтудың тиімді әдістерін енгізу.
ҚР Үкіметінің 2008.26.05. № 498 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Ана мен баланы қорғау | Мынадай 3 бейін бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету: педиатриялық, балалар хирургиясы, акушерлік-гинекологиялық. Балаларға және тікелей балаға күтім жасауды жүзеге асыратын ананың (әкенің) немесе өзге адамның болуы бойынша «Алатау» балалар клиникалық санаторийінде 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, Республикалық балаларды оңалту орталығында, 11 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, аурудың ауыр дәрежесінде және/немесе өзіне-өзі қызмет көрсете алмаған жағдайда 11 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға санаторийлік, оңалту және сауықтыру көмегін көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына, «Алатау» балалар клиникалық санаторийі, «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасына, «Алатау» балалар клиникалық санаторийіне, Республикалық балаларды оңалту орталығына медициналық жабдықтар (емдеу және диагностика- лық) мен медициналық емес жабдықтар, автокөліктер сатып алуға және жобалық-сметалық құжаттамалар мен мемлекеттік сараптаманың қорытындыларына сәйкес «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасына және «Педиатрия және балалар хирургиясы» ҒО күрделі жөндеуден өткізуге күрделі трансферттер аудару. Балалардың сал ауруымен ауыратын балаларға оңалту көмегін көрсету және тікелей сырқат балаға күтім жасауды жүзеге асыратын ананың (әкенің) немесе өзге адамның болуы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес медициналық (емдеу және диагностикалық) және медициналық емес, автокөлік жабдықтар сатып алу. «Балбұлақ» республикалық балалар оңалту орталығын күрделі жөндеуден өткізу. Жіті және созылмалы бүйрек қызметінің жетіспеушілігі бар науқастарға гемодиализ сеанстары мен иммундық-супрессивтік терапия жүргізу. | Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы | Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы «Алатау» балалар клиникалық санаторий Республикалық балаларды оңалту орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы |
ҚР Үкіметінің 2008.26.05. № 498 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауруларды диагностикалау мен емдеудің барынша күрделілігі кезінде Қазақстан Республикасының әйелдері мен балаларына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Лейкемиямен ауыратын балаларды (болжамды орташа жылдық саны 170) және гемодиализ сеанстарын өткізуге мұқтаж балаларды (болжамды орташа жылдық саны 40) қоса алғанда, емдеуге жатқызудың болжамды орташа жылдық саны 18715; санаторийлік көмек көрсету (болжамды орташа жылдық саны 1 530); БЦС, қант диабетімен, тірек-қимыл аппаратының ауруларымен ауыратын балаларға оңалту көмегін көрсету (болжамды орташа жылдық саны 3500 және күтіп бағуды жүзеге асыратын 300 адамның болуы); іс-жүзіндегі денсаулық сақтауға диагностика мен емдеудің тиімді әдістерін енгізу. Кемінде 129 бірлік медициналық жабдықтар (емдеу және диагностикалық) мен медициналық емес жабдықтар, автокөліктер сатып алу. Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаларға сәйкес «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасына, «Педиатрия және балалар хирургиясы» ҒО және «Балбұлақ» республикалық балалар оңалту орталығын, «Алатау» балалар клиникалық санаторийіне күрделі жөндеу жүргізу.
Түпкі нәтиже: жоғары мамандандырылған медициналық, санаторийлік, оңалту және сауықтыру көмегін алған ана мен баланың денсаулығын нығайту; созылмалы аурулар кезінде тұрақты оңалуға жету; күрделі аурулар кезіндегі асқынуларды төмендету; әйелдер мен балалардың арасындағы мүгедектікті төмендету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ЖММК бойынша бір емделген жағдайға арналған орташа шығыстар - 183,8 мың теңге; санаторийлік және оңалту көмегін көрсету бойынша баланы бір емделген жағдайға арналған орташа шығыстар - 233,4 мың теңге; лейкемиямен ауыратын балаларға химиялық терапия жүргізуге бір емделген жағдайға арналған орташа шығыстар - 2922,5 мың теңге; бүйрек қызметінің жетіспеушілігі бар сырқаттарды, сондай-ақ бүйрек ауыстырып салынған сырқаттарды иммундық-супрессивтік препараттармен қамтамасыз етуге арналған орташа шығыстар - 470,3 мың теңге; «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы бойынша бір емделген жағдайға арналған орташа шығыстар - 92,4 мың теңге. Жабдықтарды сатып алуға орташа шығыстар - 6642,5 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: негізделген шағым жоқ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
275-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1016051 мың теңге (бір миллиард он алты миллион елу бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедеі Заңы; «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 29-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 18, 48, 51-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының сот-сараптама жүйесін дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 ақпандағы № 119 қаулысы, «Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 102 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика кадрларының кәсіби деңгейін арттыру, олардың кәсіби білімдері мен дағдыларын практикалық денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес тереңдету; саланы аса тапшы мамандықтар бойынша және жаңа технологияларды, емдеу мен диагностиканың әдістерін енгізе отырып, жоғары білікті көмек көрсету үшін білікті мамандармен қамтамасыз ету. Халықаралық стандарттарды фармацевтика саласына енгізу, оның ішінде дәрілік заттарды сараптауды жүзеге асыратын зертханаларды халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аккредиттеу мақсатында фармация саласында қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау | Саланың қажеттілігіне сәйкес мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары мен ведомстволық медициналық-санитарлық қызмет кадрларының емдік, педиатриялық, стоматологиялық, фармацевтикалық, медициналық- биологиялық, медициналық алдын алу, мейірбикелік бейіндер бойынша, денсаулық сақтау жүйесі менеджерлерінің, медициналық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамының, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. Аса тапшы мамандықтар бойынша медицина кадрларын даярлау, дәрілік заттардың сапа менеджментінің жүйелерін жасау саласындағы мемлекеттік фармацевтикалық сектордың және санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау мамандарын шетелде даярлау. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін жоғары білікті шетел мамандарын шақыруды ұйымдастыру. Мамандарды даярлау мерзімі 2 аптадан 10 айға дейін. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының орта есеппен 14 905 маманының біліктілігін арттыру және қайта даярлау, медицина және фармацевтика кадрларының ел ішінде біліктілігін арттыру мақсатында 10 шетел маманын тарту.
Түпкі нәтиже: денсаулық сақтау саласын жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз ету; 5 жыл ішінде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының барлық мамандарының біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 маманның ел ішінде біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жұмсалатын орташа шығыс 36,1 мың теңге және шетелде - 1503,6 мың теңге және бір шетелдік маманды шақыруды ұйымдастыру үшін - 1793,1 мың теңге.
Уақтылығы: Бюджеттік бағдарламаны іске асырудың мерзімдеріне сәйкес (конкурстық рәсімдерге және шарттарға сәйкес).
Сапасы: оқыту нәтижесінде алған кәсіби білімдері мен дағдыларын мамандардың сапалы медициналық көмек көрсету үшін пайдалануы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
276-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 12176180 мың теңге (он екі миллиард бір жүз жетпіс алты миллион бір жүз сексен мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы« 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек бағыттарының қол жетімділігін қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің сапасы мен мүмкіндіктерін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша халық үшін жағдай жасау.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау | «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес сомалар шегінде мынадай іс-шаралар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру: Алматы қаласында «Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығы» РМҚК жанынан 150 төсектік емдеу корпусын, Астана қаласында 180 төсектік кардиохирургия орталығын, Павлодар қаласында 50 төсектік Павлодар кардиохирургия орталығын, Астана қаласында Травматология және ортопедия ҒІИ РМКК қабылдау бөлімшесінің үстінен 4-ші қабатты жалғастырып, оны 4-қабатты операциялық блок жапсаржайы етіп салу; Астана қаласында жедел көмек станциясы бар 240 төсектік жедел медициналық көмек ҒЗИ, Астана қаласында сыртқы инженерлік желілері бар 160 төсектік республикалық нейрохирургия ғылыми орталығын, Астана қаласында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын диагностикалық орталық, Астана қаласының сол жағалауында «Жаңа» ПС РПК-88 дейін кабельдік желі (медициналық кластерге арналған), «РПК-88» трансформаторлық кіші станциясынан Астана қаласында жедел жәрдем станциясы бар 240 төсектік Жедел медициналық жәрдем ҒЗИ объектісіне дейін сыртқы электрлік желіні салу Алматы қаласында 100 төсектік кардиохирургия орталығы мен Астана қаласында «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК, Қарағанды қаласында «Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК, Шымкент қаласында «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК, Алматы қаласында «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» РМҚК жанынан ЗООтөсектік көп бейінді ауруханалар құрылысы жобаларының мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамаларын өткізу, жобалау- сметалық құжаттамаларын әзірлеу және салу; Алматы қаласындағы 125 төсектік «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығының демалыс корпусы құрылысының жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын түзету және мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Алматы қаласында «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» РМҚК жанынан 150 төсектік емдеу корпусын, Астана қаласындағы Травматология және ортопедия ҒІИ РМКК қабылдау бөлімшесінің үстінен 4 қабатты жалғастырып, оны 4-қабатты операциялық блок жапсаржайы етіп салу, Астана қаласында жедел көмек станциясы бар 240 төсектік жедел медициналық көмек ҒЗИ, Астана қаласында сыртқы инженерлік желілері бар 160 төсектік республикалық нейрохирургия ғылыми орталығын, Астана қаласында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын диагностикалық орталық, Астана қаласының сол жағалауында «Жаңа» ПС РПК-88 дейін кабельдік желі (медициналық кластерге арналған), «РПК-88» трансформаторлық кіші станциясынан Астана қаласында жәрдем станциясы бар 240 төсектік Жедел медициналық жәрдем ҒЗИ объектісіне дейін сыртқы электрлік желіні Астана қаласында 180 төсектік кардиохирургия орталығын, Алматы қаласында 100 төсектік кардиохирургия орталығын, Павлодар қаласында 50 төсектік Павлодар кардиохирургия орталығын, Астана қаласында «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК, Қарағанды қаласында «Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК, Шымкент қаласында «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК, Алматы қаласында «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» РМҚК жанынан ЗООтөсектік көп бейінді ауруханалар бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес салу бойынша жұмыстар, Алматы қаласында 125 төсектік «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығының демалыс корпусы құрылысының жобасы бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасы.
Түпкілікті нәтиже: жекелеген медициналық көмек түрлерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру үшін денсаулық сақтау объектілерін салу.
Уақтылылығы: қызметтерді көрсетушілермен жасалған шарттарға сәйкес құрылыс бойынша жұмыстардың көлемін орындау.
Сапасы: ҚР ҚНЕ-ге сәйкес денсаулық сақтау объектілерін салу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
277-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Сот-медицина сараптамасы»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1347043 мың теңге (бір миллиард үш жүз қырық жеті миллион қырық үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы« Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарғысы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қылмыстық, азаматтық іс жүргізу заңнамасымен, соттың уәждемеленген анықтамасымен қарастырылған қылмыстық, әкімшілік немесе азаматтық процестердің қатысушылары болып табылатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сот-медициналық сараптамалар жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Сот-медицина сараптамасы | Сот-медициналық сараптамасының өндірісі. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдықтарды, автокөліктердің жабдықтарын сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сот медицинасы орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Жылына орта есеппен 220 мың сот-медициналық сараптаманың өндірісі. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес кемінде 266 медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдықтардың бірлігін, кемінде 3 автокөліктің бірлігін сатып алу.
Түпкілікті нәтиже: қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін «Сот медицинасы орталығы» ММ мен оның аумақтық бөлімшелерінің сот-медициналық сараптамасын жүргізу.