22) 87-баптың 2) тармақшасындағы « су беру» деген сөздер « сумен жабдықтау» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 91-баптың 1-тармағындағы « халыққа ауыз су беруге арналған» деген сөздер алып тасталсын;
24) 94-баптың 2-тармағындағы « қоршаған ортаны қорғау және адам өмірінің қауіпсіздігі талаптарын» деген сөздер « экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 95-баптың 7-тармағы « құрғату» деген сөзден кейін « , сортаңданған топырақты шаю» деген сөздермен толықтырылсын;
26) мынадай мазмұндағы 95-1-баппен толықтырылсын:
« 95-1-бап. Жерді гидромелиорациялау
1. Жерді гидромелиорациялау жай-күйі судың әсеріне байланысты құрғақшылық, эрозияға ұшыраған, сортаңданған, батпақты, артық ылғалды, шайылған және басқа да жерлерді түбегейлі жақсартуды қамтамасыз ететін мелиорациялық іс-шаралар кешенін білдіреді.
Жерді гидромелиорациялау гидромелиорациялық жүйелердің, сондай-ақ жеке орналасқан гидротехникалық құрылыстардың көмегімен суды көтеру, беру, бөлу және бұру жөніндегі шараларды жүзеге асыру арқылы мелиорацияланатын жерлерде топырақтың су, ауа, жылу және қоректік режімдерін реттеуге бағытталған.
2. Жерді гидромелиорациялау түрлеріне жерді суару, құрғату және сортаңданған топырақты шаю жатады.» ;
27) 103-баптың 3-тармағында:
« жер асты сулары» деген сөздерден кейін « , сондай-ақ басқа да пайдалы қазбалармен ілеспе өндірілген сулар (шахта, карьер, кеніш сулары)» деген сөздермен толықтырылсын;
« жер асты суларын ұтымды пайдалану мен қорғау талаптарын сақтай» деген сөздер « экологиялық талаптар сақтала» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 108-баптың 2-тармағы « құрылыстарын» деген сөзден кейін « , сондай-ақ су объектілерінің акваториясында орналасқан құрылыстарды» деген сөздермен толықтырылсын;
« кезінде» деген сөзден кейін « сулы-батпақты алқаптардың қажетті гидрологиялық режимінің сақталуы және» деген сөздермен толықтырылсын;
29) 116-баптың 2-тармағында:
« су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша,» деген сөздер алып тасталсын;
« халықтың санитарлық-эпидемиологиялық» деген сөздердің алдынан « уәкілетті органмен,» деген сөздермен толықтырылсын;
« жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен» деген сөздер « облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 124-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
« 1. Су шаруашылығы ұйымдары, су пайдаланушылар, жеке және заңды тұлғалар елді мекендерді, өнеркәсіп объектілерін, ауыл шаруашылығы жерлерін, қорғалатын аумақтарды судың зиянды әсерінен қорғау жөніндегі алдын алу іс-шаралары мен ағымдағы іс-шараларды жоспарлауға және жүргізуге міндетті. Судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі алдын алу іс-шаралары мен ағымдағы іс-шараларды қаржыландыру су пайдаланушылардың қаражаты мен бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Жеке және заңды тұлғалар судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі су шаруашылығы іс-шараларын өткізу кезінде:
1) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын салуда, пайдалануға беруде, пайдалануда, жөндеуде, реконструкциялауда, консервациялауда, пайдаланудан шығаруда және жоюда қауіпсіздік нормалары мен ережелерін сақтауға;
2) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің нашарлап кетуінің жай-күйін жүйелі түрде талдауға;
3) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына ұдайы тексеру жүргізуге;
4) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарындағы аварияларды жоюға арналған қаржылық және материалдық резервтерді құруға;
5) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарындағы төтенше жағдайлар туралы хабарлайтын оқшау жүйелерді үнемі дайындықта ұстауға міндетті.» ;
31) 131-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы « аймақтық және салалық» деген сөздер « салалық (секторлық) және өңірлік» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 132-бапта:
2) тармақшада:
« қорғаудың бекітілген» деген сөздер « қорғау» деген сөзбен ауыстырылсын;
« бағдарламаларын» деген сөздің алдынан « , елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада:
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
« ұтымды пайдалану» деген сөздерден кейін « , сумен жабдықтау және су бұру» деген сөздермен толықтырылсын;
33) 134-бапта:
тақырыптағы « Су беру» деген сөздер « Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
« Суды алуға, суларды тасымалдауға, бөлуге, тазартуға» деген сөздер « Су пайдаланушыларға су беруге, сумен жабдықтауға, су бұруға,» деген сөздермен ауыстырылсын;
« су пайдаланушыларға су беру кезіндегі» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы « Су шаруашылығы жүйелерінің қызметтері» деген сөздер « Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру бойынша көрсетілген қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 135-бапта:
1-тармақта:
5) тармақшада:
« су жеткізіп беру және» деген сөздерден кейін « Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
« сумен жабдықтау топтық жүйесінен» деген сөздер « топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы « артықшылықтар беру болып табылады.» деген сөздер « артықшылықтар беру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
« 7) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру;
8) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі және оны бағалау жөніндегі шығындарды қаржыландыру болып табылады.» ;
2-тармақтың бірінші абзацы « пайдалану мен қорғау» деген сөздерден кейін « , суармалы жерлерді мелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігі» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ « қорғау жөніндегі» деген сөздерден кейін « , сондай-ақ пайдаланылмайтын және қайта қалпына келтіруге жатпайтын мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын жою жөніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
35) 139-бап алып тасталсын;
36) 140-бап мынадай редакцияда жазылсын:
« 140-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.» ;
37) мазмұнында:
3-бөлімнің, 5-тараудың, 33-баптың, 34-баптың, 35-баптың тақырыптары « қорғау» деген сөзден кейін « , сумен жабдықтау және су бұру» деген сөздермен, 6-тараудың тақырыбы « қорғауды» деген сөзден кейін « , сумен жабдықтауды және су бұруды» деген сөздермен, 36-баптың, 38-баптың, 39-баптың, 8-тараудың, 44-баптың тақырыптары « қорғау» деген сөзден кейін « , сумен жабдықтау және су бұру» деген сөздермен, 11-тараудың, 61-баптың тақырыптары « қорғауды» деген сөзден кейін « , сумен жабдықтауды және су бұруды» деген сөздермен, 15-тараудың, 81-баптың, 85-баптың тақырыптары « қорғау» деген сөзден кейін « , сумен жабдықтау және су бұру» деген сөздермен, 9-бөлімнің тақырыбы « қорғауды» деген сөзден кейін « , сумен жабдықтауды және су бұруды» деген сөздермен, 132-баптың тақырыбы « қорғау» деген сөзден кейін « , сумен жабдықтау және су бұру» деген сөздермен толықтырылсын;
10-баптың тақырыбындағы « Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау» деген сөздер « су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
55-баптың тақырыбындағы « табиғат қорғау талаптары» деген сөздер « экологиялық талаптар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жүз жиырма екінші абзацпен толықтырылсын:
« 95-1-бап. Жерді гидромелиорациялау» ;
134-баптың тақырыбындағы « Су беру» деген сөздер « Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру» деген сөздермен ауыстырылсын;
139-баптың тақырыбы алып тасталсын;
140-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
« 140-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық» .
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2009 жылғы ақпанның 12-сі
№ 132-ІV ҚРЗ