Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 914 және 2007 жылғы 16 қазандағы № 958 қаулыларына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 84 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010.10.09. № 924 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 914 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 37, 422-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламада:
«Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру тетігі» деген 5-бөлімде:
«Қазір жұмыс істеп тұрған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту» деген 5.3.1-кіші бөлімде:
бірінші абзацта «Алматы облысындағы» деген сөздер «Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта «Ақмола облысындағы «Көкшетау» МҰТП кеңейту жөнінде» деген сөздер «Ақмола облысындағы «Бурабай» МҰТП алқаптарын кеңейту жөнінде, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы «Көкшетау» МҰТП алқабын түзету жөнінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру» деген 5.3.2-кіші бөлімде:
бірінші абзацта «Алматы облысында Жоңғар Алатауы (Жетісу) МҰТП,» деген сөздерден кейін «Жамбыл облысында «Мерке» МҰТП және «Жайсан» мемлекеттік табиғи қаумалын (кешенді),» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Далалық, сулы-батпақты және су маңындағы экожүйелерді сақтау мақсатында 2010 жылға дейін Атырау облысында «Ақжайық» МТР-ын құру, Қостанай облысында «Алтын дала» МТР-ын құрудың ЖҒ және ТЭН әзірлеу ұсынылып отыр.»;
«Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламаның іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
мемлекеттік тілдегі мәтінінде «ҚОҚМ» деген аббревиатура «Қоршағанортамині» деген қысқарған сөзбен ауыстырылсын;
«Қазір жұмыс істеп тұрған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту» деген 9-кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9.7-жолмен толықтырылсын:
«
9.7 | «Бурабай» МҰТП аумағын кеңейту жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ЖРБА, ПІБ (келісім бойынша) | 2009 жылдың 4-тоқсаны | Қажет емес |
»;
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру» деген 10-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 10.6-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 10.12, 10.13 және 10.14-жолдармен толықтырылсын:
«
10.12 | Астана қаласында республикалық маңызы бар мемлекеттік ботаникалық бақ құру жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | БҒМ (жинақтау), АШМ, Астана қ. әкімдігі | 2010 жылдың 4-тоқсаны | Қажет емес |
10.13 | «Мерке» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құру жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ЖРБА | 2010 жылдың 4-тоқсаны | Қажет емес |
10.14 | «Жайсан» мемлекеттік табиғи қаумалын (кешенді) құру жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ЖРБА | 2010 жылдың 4-тоқсаны | Қажет емес |
»;
ескерту: мынадай мазмұндағы аббревиатурамен толықтырылсын:
«ПІБ - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы»;
2) «2008 - 2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 қазандағы № 958 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 39, 450-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «2008 - 2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасында:
«Бағдарламаны іске асыру тетіктері және негізгі бағыттары» деген 5-бөлімнің «Елді мекендердің жасыл аймақтарын құру және оларды көгалдандыру» деген 5.2.4-кіші бөлімде:
он екінші абзацта «басталды» деген сөз «жоспарланып отыр» деген сөздермен аустырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |