Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 63 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 410-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесінде:
14-тармақта:
1) тармақша алынып тасталсын;
2) тармақшада:
«2 - 5» деген сандар «1, 2, 3, 4, 5» деген сандармен ауыстырылсын;
«ғимараттың төбесінде» деген сөздерден кейін «немесе фронтонында немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) 6, 7, 8, 9 қабатты (30 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ғимараттың төбесінде немесе фронтонында (1,5 х 3 метрден 2x4 метрге дейін өлшеммен) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (1x2 метр өлшеммен) орналастырылады;»;
4) тармақшада «(2 х 4 метр немесе одан жоғары өлшеммен) ғимараттың төбесі деңгейінде немесе» деген сөздер «ғимараттың төбесінде немесе фронтонында (2x4 метр және одан жоғары өлшеммен) немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақта:
1) тармақша «ғимараттың жабу деңгейінде» деген сөздерден кейін «немесе фронтонында немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада» деген сөздермен толықтырылсын;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2, 3, 4, 5 қабатты (20 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе фронтонында (диаметрі 1-ден 1,5 метрге дейін) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (диаметрі 500 миллиметр) орналастырылады;
3) 6, 7, 8, 9 қабатты (30 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе фронтонында (диаметрі 2 метр) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (диаметрі 500 миллиметр) орналастырылады;»;
4) тармақшада «(диаметрі 3 метр немесе одан жоғары) соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе ғимараттың кіреберіс маңдайшасында немесе фронтонында» деген сөздер «соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе фронтонында (диаметрі 3 метр және одан жоғары) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |