Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 қарашадағы
№ 1149 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді
қалыптастырудың және оны жүргізудің
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді әрі олар Заңның 11-бабының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
3. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы республикалық веб-сайтта орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшін мүдделі тұлғаларға қол жетімді болуы тиіс.
2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыру
және оны жүргізу тәртібі
4. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) тапсырыс берушілердің тізілімі;
2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізілімі (жіктеуіш);
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі;
4) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі.
§1. Тапсырыс берушілердің тізілімі
5. Тапсырыс берушілердің тізілімі тапсырыс беруші туралы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) тапсырыс берушінің атауы;
2) тапсырыс берушінің орналасқан орны - мекен-жайы, почталық индексі;
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
4) тапсырыс берушінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелгені туралы құжаттың нөмірі және күні.
6. Тапсырыс беруші әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді электрондық түрде және қағаз жеткізгіште уәкілетті органға жібереді. Қайта ұйымдастырылған (таратылған) не бұрын табыс етілген мәліметтерге өзгерістер енгізілген жағдайда, тапсырыс беруші әділет органдарында мұндай жағдайлар тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерген мәліметтерді табыс етеді.
7. Табыс етілген құжаттарда қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, сондай-ақ олардан сәйкессіздік табылған кезде уәкілетті орган қайтару себептерін көрсете отырып, оларды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оларды тапсырыс берушіге қайтарады. Бұл ретте, мәліметтерді орналастыру (өзгерту) мерзімі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді тапсырыс беруші табыс еткен (өзгерткен) күннен басталады.
8. Тізілімді жүргізу осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
9. Тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілген тапсырыс беруші туралы мәліметтер заңнамада белгіленген тәртіппен электрондық және қағаз түрінде сақталады.
§2. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің тізілімі (жіктеуіш)
10. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізілімі жіктеуші (бұдан әрі - жіктеуіш) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) өлшем бірлігі - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тиісті өлшем бірлігі;
2) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;
3) белгісі - тауар (G), жұмыс (R), көрсетілетін қызмет (S).
11. Тапсырыс беруші осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіктеуішке енгізу үшін қажетті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді жіктеуіште олардың болмағанын тапсырыс беруші анықтаған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық түрде және қағаз жеткізгіште уәкілетті органға жібереді.
12. Жіктеуішті жүргізуді осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.
§ 3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі
13. Шарттардың тізілімінде шарт (оның өзгеруі) туралы мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:
1) тапсырыс берушінің атауы;
2) қаржыландыру көзі - республикалық бюджет, жергілікті бюджет, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен қаражаты, мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен қаражат (бұдан әрі - бюджеттен тыс қаражат), меншікті қаражат;
3) Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілі;
4) конкурстың қорытындылары, баға ұсыныстарын сұратуды жүргізудің қорытындылары шығарылған күн, сондай-ақ шарттың жасалу негізін растайтын құжаттың деректемелері;
5) шартты жасасқан күн - шарттың жасалған жылы, күні, айы;
6) аумақтық қазынашылық бөлімшелерде мемлекеттік мекемелердің шартты тіркегені туралы мәліметтер - өтінім нөмірі мен тіркеу күнін қоса алғанда, тіркеу туралы хабарламалардың деректемелері;
7) шарттың мәні, бағасы және оның орындалу мерзімі - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық атауы, олардың құны, сондай-ақ шарттың орындалатын айы және жылы;
8) заңды тұлғалар үшін - атауы, орналасқан орны және салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) және өнім беруші (орындаушы, мердігер) болып табылатын жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
9) шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер - тауарларды беруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттың орындалуы туралы не оның бұзылуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша шарттың қолданылуын тоқтату туралы ақпарат.
Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жеке тізіліміне енгізіледі, оны жүргізудің тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді. Мұндай мәліметтерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заннамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізуге болмайды.
14. Тапсырыс беруші шартты жасасқан (оны өзгерткен) күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтерді электрондық түрде және қағаз жеткізгіште уәкілетті органға жібереді.
15. Тапсырыс беруші шарт қолданылуын тоқтатқан (орындалған немесе орындалмаған) күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді электрондық түрде және қағаз жеткізгіште уәкілетті органға жібереді.
16. Уәкілетті орган тапсырыс беруші табыс еткен шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтерде осы Ережеге 5 және 6-қосымшаларда көзделген көрсеткіштердің болуын, сондай-ақ олардың бір-біріне сәйкестігін тексереді. Осы мәліметтерде қажетті көрсеткіштер болмаған жағдайда, сондай-ақ олардан сәйкессіздік табылған кезде уәкілетті орган қайтару себептерін көрсете отырып, алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оларды тапсырыс берушіге қайтарады. Бұл ретте, шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер шарттардың тізіліміне енгізілмейді. Шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтерді орналастыру мерзімі көрсетілген талаптарға сәйкес келетін шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтерді тапсырыс беруші табыс еткен күннен басталады.
17. Уәкілетті орган тексерген мәліметтер осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарттардың тізіліміне енгізіледі.
18. Тапсырыс беруші уәкілетті органға шарттың өзгеруі туралы мәліметтерді немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді табыс еткен жағдайда, уәкілетті орган шарттардың тізіліміндегі жазба нөміріне қосылатын әріптік кодты (а, b, с, d және тағы басқа) өзгертеді және тізілімдегі жазбаны жаңартуды жүзеге асырады.
19. Шарттардың тізіліміне шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтерді енгізген күннен кейінгі күннен кешіктірмей уәкілетті орган тапсырыс берушіні тиісті мәліметтердің шарттардың тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді және тізілімдегі жазбаға берілген нөмірді және өзгерістің реттік нөмірін көрсетеді.
20. Шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтерді немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді уәкілетті орган тапсырыс берушіден тиісті мәліметтер түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу туралы республикалық веб-сайтта орналастырады.
21. Шарттардың тізіліміне енгізілген шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер және (немесе) шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді оған енгізген күннен бастап үш жыл бойы шарттардың тізілімінде сақталады.
22. Көрсетілген мерзім өткен соң шарттардың тізілімінен шығарылған шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер заңнамада белгіленген тәртіппен электрондық және қағаз түрінде сақталады.
§ 4. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың
тізілімі
23. Тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес мұндай өнім беруші туралы мәліметтерді уәкілетті органға береді.
24. Тізілімді жүргізу осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
25. Тізілімге мәліметтерді енгізген кезде:
1) жазбаның нөмірі және жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді уәкілетті органның тізілімге енгізген күні;
2) заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты;
3) заңды тұлғаның орналасқан орны немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жері туралы мәліметтер:
заңды тұлға үшін - елі, почталық индексі, елдің, елді мекеннің әкімшілік-аумақтық бөліну бірлігінің және көшесінің атауы, үйінің (иелігінің), корпусының (құрылысының) және офисінің нөмірі;
жеке тұлға үшін - елі, почталық индексі, елдің, елді мекеннің әкімшілік-аумақтық бөліну бірлігінің және көшесінің атауы, үйінің (иелігінің), корпусының (құрылысының) және жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша тіркелген пәтерінің нөмірі;
4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);
5) конкурстың өткізілген, конкурстың қорытындылары шығарылған, өнім берушіні жосықсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күні;
6) растаушы құжаттың деректемелері: өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сот шешімі;
7) мемлекеттік сатып алу шарты туралы мәліметтер: мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімдегі жазбаның нөмірі (егер шарт жасалса), тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің жіктеуіш бойынша коды, шарттың валютасы, жасалған шарттың бағасы, шарттың орындалған мерзімі;
8) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылуы тоқтатылатын шартты бұзу туралы соттың шешімі шығарылған күні көрсетіледі.
26. Жосықсыз өнім беруші туралы мәліметтер қамтылған тізілімдегі жазбаны уәкілетті орган Заңда белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір күннен кешіктірмей тізілімнен шығарады.
Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
1-қосымша
Тапсырыс беруші (оның өзгеруі) туралы мәліметтер
Р/с № | Тапсырыс берушінің атауы | Тапсырыс берушінің орналасқан жері | СТН/ БСН | Тапсырыс берушінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелгені туралы құжаттың нөмірі мен күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | | |
Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
2-қосымша
Тапсырыс берушілердің тізілімі
Р/с № | Тізілімдегі жазбаның нөмірі | Өзгерістің нөмірі | Тапсырыс берушінің атауы | Тапсырыс берушінің орналасқан жері | СТН / БСН | Тапсырыс берушінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелгені туралы құжаттың нөмірі мен күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | | | | | |
Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
3-қосымша
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тізілімге
(жіктеуішке) енгізу үшін тапсырыс берушілер ұсынатын
мәліметтер
Өлшем бірлігі | Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы |
| |
Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
4-қосымша
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізілімі
(жіктеуіші)
Р/с № | Код жолы | Өлшем бірлігі | Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы | Тауар (G), жұмыс (R), көрсетілетін қызмет (S) |
| | | | |
Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың
және оны жүргізудің ережесіне
5-қосымша
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт (оның өзгеруі) туралы
мәліметтер
20__ жылғы «__» _____
Тапсырыс берушінің атауы ______________________________________ ____________________________________________________________ | СТН (БСН) | |
Мәліметтің түрі ________________________________
(бастапқы, өзгертілген)
Шартты қаржыландыру көзі: __________________________________________
(керегін көрсетіңіз)
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Мемсатып алудың орындалу тәсіл_____________________________ Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы шығарылған күн | |
Шартты жасасудың негіздемесін растайтын құжаттың деректемелері
_________________________________________________
(күні, құжаттың нөмірі, атауы)
Аумақтық қазынашылық бөлімшелерде шартты тіркеу туралы мәліметтер (мемлекеттік мекемелер үшін)
___________________________________________________________________________________
(өтінім нөмірі мен тіркеу күнін қоса алғанда, тіркеу туралы хабарламаның деректемелері)
Шартты жасасқан күн | | Шарттың нөмірі | |
Шарттың бағасы, теңгемен Шарттың орындалу мерзімі | ВЖС бойынша шарт валютасының коды (ҚР АК 07 ISO 4217-2001) |
Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі | |
| | | | |
І бөлім. Бюджет қаражаты есебінен
Қазақстан Республикасы бюджеттік жіктеуішінің коды | Шарттың сомасы (теңгемен) |
20_ жылға | 20_ жылға | 20_ жылға | 20_ жылға | 20_ жылға | 20_ жылға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | | | | | |
Жиыны | | | | | | |
II бөлім. Бюджеттен тыс қаражат есебінен
Шығыстардың экономикалық жіктеуішінің коды/ерекшелік коды | Шарттың сомасы, теңге |
20_ жылға | 20_ жылға | 20_ жылға | 20_ жылға | 20_ жылға | 20_ жылға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | | | | | |
Жиыны | | | | | | |
III бөлім. Шарттың мәні
Р/с № | Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы | Жіктеуіш бойынша өнімнің коды | Бір бірлік бағасы, теңге | Саны | Сомасы, теңге | Жиыны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | | | | | |
| | | | | | |
IV бөлім. Шарт бойынша өнім берушілер
(орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат
Р/с № | Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның Т.А.Ә.) | Орналасқан жері (тұрғылықты жері) | СТН (БСН, ЖСН) | Мәртебесі | Телефоны (факс) |
Елінің атауы | Елінің коды (ҚР АК 06 ISO 3166. 12001) | мекен-жайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
| | | | | | | |
Басшы _________________ _______________________
(қолы) (қолдың толық жазылуы)
20__ жылғы «__» _________
Мәліметтерді қабылдау туралы шарттардың тізілімін жүргізуге уәкілетті органның белгісі Жауапты орындаушы _____________ ____________ ________________________ (лауазымы) (қолы) (қолдың толық жазылуы) 20__ жылғы «__» _________ |
«Тапсырыс берушімен жасалған мемлекеттік шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер»
құжатының нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулар
«Тапсырыс берушімен жасалған мемлекеттік сатып алу шарты (оның өзгеруі) туралы мәліметтер» (бұдан әрі - мәліметтер) құжатының нысанын толтыру былайша жүзеге асырылады.
Атаудан кейін мәтін форматында құжатты толтырған күні көрсетіледі. Бұл ретте, код жазылатын аймақта сол күн «күні, айы, жылы» (00.00.0000, мысалы, 28.10.2007) форматында көрсетіледі.
«Тапсырыс берушінің атауы» деген жолда тапсырыс берушінің, сондай-ақ тапсырыстарды орналастыруға көрсетілген мемлекеттік билік органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары уәкілеттік берген бюджет қаражатын алушылардың толық атауы көрсетіледі.
«СТН (БСН)» деген жолдың код жазылатын аймағында салық төлеушінің тіркеу нөмірі - немесе тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
«Мәліметтердің түрі» деген жолда, егер шарт туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға табыс ету бірінші рет жүзеге асырылса, «бастапқы» деген жазба көрсетіледі. Шарт өзгерген кезде «Мәліметтердің түрі» деген жолда «өзгертілген» деген жазба көрсетіледі. Бұл ретте нысанның барлық жолы толтырылады.
«Шартты қаржыландырудың көзі» деген жолы 3 кіші жолдан тұрады.
Кіші жолдың код жазылатын аймағы мәтін бөлігінің мына сәйкестігі және код аймағының мәні ескеріле отырып, толтырылады:
Республикалық бюджет - 01;
жергілікті бюджет - 02;
бюджеттен тыс қаражат - 03;
меншікті қаражат - 04.
«Мемлекеттік сатып алудың орындалу тәсілі» деген жол мәтін бөлігінің мына сәйкестігі және код аймағының мәні ескеріле отырып толтырылады:
ашық конкурс - 1;
баға ұсыныстарын сұрату - 2;
бір көзден алу - 3;
ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта - 4;
ашық тауар биржалары арқылы - 5;
айрықша тәртіп - 6;
арнайы тәртіп - 7;
шарттың өзгеруі - 8.
«Конкурстың қорытындысы, баға ұсыныстарын сұрату қорытындылары немесе тауар биржасындағы сауда-саттықтың қорытындылары шығарылған күн» деген жолдың код жазылатын аймағында «күні, айы, жылы» (00.00.0000) форматында күні көрсетіледі.
«Шартты жасасу негіздемесін растайтын құжаттың деректемелері» деген жолда «күні, айы, жылы» (00.00.0000) форматында күні, құжаттың нөмірі мен атауы (мысалы, № 54, конкурс қорытындылары хаттамасы) көрсетіледі.
«Аумақтық қазынашылық бөлімшелерде шарттарды тіркеу туралы мәліметтер (мемлекеттік мекемелер үшін)» деген жолда өтінім нөмірі мен тіркеу күнін қоса алғанда, тіркеу туралы хабарламалардың деректемелері көрсетіледі.
«Шартты жасасқан күн» деген жолдың код жазылатын аймағында «күні, айы, жылы» (00.00.0000) форматында күні көрсетіледі.
«Шарттың нөмірі» деген жолдың код жазылатын аймағында тапсырыс беруші қолданатын шарттардың нөмірлерін беру рәсіміне сәйкес шартқа берілген нөмір көрсетіледі.
«Шарттың бағасы теңгемен» деген жолдың код жазылатын аймағында бөлшек сан болған жағдайда, бұл бөлік нүктемен бөлінеді.
«ВЖС бойынша шарт валютасының коды» деген жолдың код жазылатын аймағында валюта жіктеуішке сәйкес шарт валютасының коды көрсетіледі.
«Шарттың орындалу мерзімі» деген жолдың код жазылатын аймағында «айы, жылы» (00.0000) форматында шарттың талаптарына сәйкес шарттың қолданылуын аяқтаудың жоспарлы күні көрсетіледі.
«Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі» деген жолдың код жазылатын аймағында ресми баспа басылымында және тапсырыс берушінің веб-сайтында конкурсты өткізу туралы хабарламаға берілген нөмір, тапсырыс берушінің веб-сайтында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаға берілген нөмір көрсетіледі.
Негізгі бөлік
І бөлім. Бюджет қаражаты есебінен
1-бағанда Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы бюджеттік жіктеуішінің 12 мәнді коды көрсетіледі.
2-7-бағандарда Қазақстан Республикасы бюджеттік жіктеуішінің әрбір коды бойынша шарттың талаптарын ескере отырып, тиісті жылдарға тапсырыс беруші жоспарлаған төлемдердің сомасы теңгемен көрсетіледі.
«Жиыны» деген жолда Қазақстан Республикасы бюджеттік жіктеуішінің барлық кодтары бойынша тиісті жылдарға жоспарланған төлемдердің жиынтық сомасы көрсетіледі.
II бөлім. Бюджеттен тыс қаражат, меншікті қаражат есебінен
1-бағанда мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен қаражат үшін - бюджет шығыстарының экономикалық жіктеуішінің коды, демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен қаражат үшін (тек мемлекеттік мекемелер үшін) - ерекшелік коды көрсетіледі.
2-7-бағандарда бюджет шығыстарының экономикалық жіктеуішінің әрбір коды бойынша шарттың талаптарын ескере отырып, тиісті жылдарға жоспарланған төлемдердің сомасы теңгемен (бұл ретте бөлшек сан нүктемен бөлінеді) көрсетіледі.
«Жиыны» деген жолда бюджет шығыстарының экономикалық жіктеуішінің барлық кодтары бойынша тиісті жылдарға жоспарланған төлемдердің жиынтық сомасы теңгемен көрсетіледі.
III бөлім. Шарттың мәні
1-бағанда шартқа сәйкес тапсырыс беруші сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірі көрсетіледі.
2-бағанда шартқа сәйкес тапсырыс беруші сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі.
3-бағанда Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жалпы жіктеуішіне сәйкес 2-бағанда аталған тауарлардың коды көрсетіледі.
4-бағанда тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірлігіне теңгемен (нүктеден кейін екінші ондық белгіге дейінгі дәлдікпен) бағасы көрсетіледі.
5-бағанда 4-бағанда аталған тауарлардың өлшеу бірлігіне сәйкес тауарлардың саны көрсетіледі.
6-бағанда шарттың талаптарына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір атауы бойынша (нүктеден кейін екінші ондық белгіге дейінгі дәлдікпен) сомасы теңгемен көрсетіледі.
7-бағанда «Жиыны» деген жолда шарттың талаптарына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің барлық атауы бойынша (нүктеден кейін екінші ондық белгіге дейінгі дәлдікпен) жиынтық сомасы теңгемен көрсетіледі.
IV бөлім. Шарт бойынша өнім берушілер туралы ақпарат
1-бағанда шартқа сәйкес өнім берушінің реттік нөмірі қойылады.
2-бағанда шартқа сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
3-бағанда заңды тұлғалар үшін - өнім берушінің елінің атауы және орналасқан жері және жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты жері бойынша жеке тұлға тіркелген тұрғылықты жері көрсетіледі.
4-бағанда әлем елдерінің жіктеуішіне (ҚР АК 06 ISO 3166.12001) сәйкес 3-бағанда көрсетілген елдің коды көрсетіледі.
5-бағанда заңды тұлғалар үшін - почталық индексі, Қазақстан Республикасы субъектісінің, қаланың (елді мекеннің), көшенің атауы, үйдің, офистің (егер болса) нөмірі және жеке тұлғалар үшін - почталық индексі, Қазақстан Республикасы субъектісінің, жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша тіркелген қаланың (елді мекеннің), көшенің атауы, үйдің, пәтерінің нөмірі көрсетіледі.
6-бағанда заңды тұлғалар үшін - салық төлеушінің - өнім берушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі БСН), жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіледі.
7-бағанда мәтін бөлігімен мына сәйкестікті және код аймағының мәнін ескере отырып, заңнамада көзделген мемлекеттік қолдауға құқық беретін (болған кезде) өнім беруші мәртебесінің коды көрсетіледі: