«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы № 673 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 34 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы № 673 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Қаржыландыру көздері» деген жолда «25 млрд. 100 млн. 613 мың» деген сөздер «11 млрд. 466 млн. 309 мың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қылмыстық-атқару жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау» деген 3-бөлімде:
он жетінші абзацта «ҚАЖ өңірлік басқармасының болмауы,» деген сөздер алып тасталсын;
«Дамытудың негізгі бағыттары және Бағдарламаны іске асыру тетіктері» деген 5-бөлімде:
«ҚАЖ-ды басқарудың ұйымдастырылуын жетілдіру және ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың жағдайын жақсарту» деген кіші бөлімде:
екінші абзацта «мекемелердің саны мен олардың орналасуын есепке ала отырып ҚАЖ комитетінің облыстық аумақтық басқармаларының базасында өңірлік басқармалардың құрылуын (Орталық, Оңтүстік, Батыс, Солтүстік, Шығыс және Алматы), сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
«Қылмыстық жазаларды орындау тиімділігін арттыру, сотталғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту үшін жағдай жасау» деген кіші бөлімде:
жетінші абзацта «жаңарту мүмкіндігінің орындылығы туралы талдау жүргізу» деген сөздер «жаңарту» деген сөзбен ауыстырылсын;
сегізінші абзацта «барлық атқарушы органдарда (республикалық маңызы бар қалалар, астана) органдарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасы облыстарының (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандарының (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімде:
«25 млрд. 100 млн. 613 мың», «9 млрд. 316 млн. 778 мың» және «12 млрд. 629 млн. 594 мың» деген сөздер тиісінше «11 млрд. 466 млн. 309 мың», «4 млрд. 277 млн. 27 мың» және «4 млрд. 35 млн. 41 мың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 4-жолдың 6-бағанында «174,0», «332,0», «152,0», «300,0», «198,0», «352,0», «174,0», «322,0», «174,0» және «322,0» деген сандар тиісінше «24,250», «300,0», «21,340», «300,0», «25,122», «300,0», «23,280», «300,0», «23,280» және «300,0» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 6-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 7 және 8-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«7 | Мыналарды: Семей қаласында 1500 орындық толтыру лимиті бар ТИ салуды; | Орындалған жұмыстар актілері | Әділетмині | 2008 жыл | 100,0 | РБ |
Өскемен қаласында 1500 орындық толтыру лимиті бар ТИ салуды; | 2008 жыл | 100,0 | РБ |
Орал қаласында 1500 орындық толтыру лимиті бар ТИ салуды | 2008 жыл | 100,0 | РБ |
Павлодар қаласындағы «Химөнеркәсіп» ААҚ-тың № 822 және 823 өндірістік корпустарын 1500 орындық толтыру лимиті бар айрықша режимдегі түзеу колониясы етіп қайта жаңартуды; | 2007, 2008 жылдар | 1532,5 1532,5 | РБ -/- |
ҚАЖ комитеті ғимаратына күрделі жөндеу; | 2009 жыл | 15,829 | РБ |
ҚАЖ ғимараттары мен құрылыстарына күрделі жөндеу жүргізу | 2007, 2008, 2009 жылдар | 242,490 86,617 102,948 | РБ -/- -/- |
8 | Мыналарды: Орал қаласындағы РУ-170/3 түзеу қоныс колониясын 900 орындық толтыру лимиті бар қатаң режимдегі түзеу колониясы етіп; | Орындалған жұмыстар актілері | Әділетмині | 2007 жыл | 599,9 | РБ |
Атырау қаласындағы «Лейла» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік базасын 300 орындық толтыру лимиті бар сотталған әйелдерге арналған түзеу колониясы етіп; | | 2007, 2009 жылдар | 115,0 713,745 | РБ -/- |
Заречный кентіндегі ЛА-155/12 түзеу қоныс колониясын 1500 орындық толтыру лимиті бар қатаң режимдегі түзеу колониясы етіп; | | 2009 жыл | 904,7 | РБ |
Алматы қаласындағы 1500 орындық толтыру лимиті бар ТИ; | | 2007, 2008, 2009 жылдар | 200,0 1418,14 300,0 | РБ -/- -/- |
Шымкент қаласындағы 1000 орындық толтыру лимиті бар ТИ қайта жаңартуды аяқтау | | 2007, 2008 жылдар | 200,0 454,780 | РБ -/- »; |
реттік нөмірі 9-жолдың 6-бағанында «1683,288» және «1683,289» деген сандар тиісінше «161,531» және «157,339» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 10, 11 және 12-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«10 | Мемлекеттік ҚАЖ мекемелері үшін коммуналдық-тұрмыстық жабдықтар сатып алу | пайдалануға беру актісі | Әділетмині | 2008, 2009 жылдар | 68,882 62,507 | РБ -/- |
11 | Мемлекеттік ҚАЖ мекемелері үшін автокөлік сатып алу | пайдалануға беру актісі | Әділетмині | 2008, 2009 жылдар | 61,710 77,581 | РБ -/- |
12 | Мемлекеттік ҚАЖ мекемелері үшін медициналық жабдықтар сатып алу | пайдалануға беру актісі | Әділетмині | 2008, 2009 жылдар | 13,970 44,250 | РБ -/- »; |
реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«15 | ҚАЖ мекемелерін қазіргі заманғы бейне бақылау жүйесімен қамтамасыз ету | пайдалануға беру актісі | Әділетмині | 2007, 2009 жылдар | 141,288 156,142 | РБ -/- »; |
реттік нөмірі 18-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 20-жолдың 2-бағанында «талдау жасау және» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 22-1, 22-2 және 22-3-жолдармен толықтырылсын:
«22-1 | Аудандардың (облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті атқарушы органдарының жанынан қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөнінде, сондай-ақ қылмыстық жазаны өткеріп жатқан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру жөнінде консультативтік-кеңесші органдар құру | Аудандардың (облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті атқарушы органдарының қаулысы, мәслихаттардың шешімі Әділетминіне ақпарат | Облыс аудандарының және республикалық маңызы бар қаланың, астаның, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2009 жылғы мамыр 2009 жылғы маусым | - | - |
22-2 | Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөнінде, сондай-ақ қылмыстық жазаны өткеріп жатқан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру жөнінде консультативтік-кеңесші органдардың қызметін жандандыру | Семинарлар, кеңестер | Әділетмині, облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана) аудандардың (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органдары | 2009 жыл | - | - |
22-3 | Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөнінде, сондай-ақ қылмыстық жазаны өткеріп жатқан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру жөнінде консультативтік-кеңесші органдардың қызметін бағалау өлшемін әзірлеу және бекіту | Әділетминінің бұйрығы | Әділетмині облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2009 жылғы 1-тоқсан | - | - »; |
реттік нөмірлері 24 және 26-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«35 | ҚАЖ жоғары оқу орны объектілеріне жөндеу жүргізу | Орындалған жұмыстар актілері | Әділетмині | 2007, 2008 жылдар | 61,045 44,477 | РБ -/- »; |
реттік нөмірлері 36 және 37-жолдар алып тасталсын;
6-бағанда:
«Жиыны:» деген жолда «9316,778» және «12629,594» деген сандар тиісінше «4277,027» және «4035,041» деген сандармен ауыстырылсын;
«Барлығы:» деген жолда «25100,613» деген сандар «11466,309» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |