Қазақстан Республикасы Үкіметінін кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 786 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 26 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 648-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
7 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
01 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
052 «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
101 «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-ды несиелендіру» кіші бағдарламасы алынып тасталсын;
053 «Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды институционалдық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
100 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» кіші бағдарламасында «жарғылық» деген сөзден кейін «және резервтік» деген сөздермен толықтырылсын;
101 «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» және 102 «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» кіші бағдарламалары алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 354-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
«Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2008-2010 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде:
2008-2010 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 82-жолда:
5-бағанда «62000000» деген сандар «57000000» деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағанда «21700000» деген сандар «18277000» деген сандармен ауыстырылсын;
9-бағанда «16740000» деген сандар «15163000» деген сандармен ауыстырылсын;
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестицияларда:
«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 3-жолдың 2-бағанында «жарғылық» деген сөзден кейін «және резервтік» деген сөздермен толықтырылсын;
3) «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
«Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо» деген V бөлімде:
07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
01 «Тұрғын үй шаруашылығы» ішкі функциясында:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» әкімшісі бойынша:
053 «Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын институционалдық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
100 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» деген кіші бағдарламаның 2-бағанында «жарғылық» деген сөзден кейін «және резервтік» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |