7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- 3 номинация бойынша деректемелік ескерткіштердің тізімін дайындау;
- 3180 беттік көлемдегі жазба, мұрағат құжаттарын қалпына келтіру және консервациялау;
- 9300 беттік көлемдегі жазба, мұрағат құжаттарына электронды сандық нөмірлеу жүргізу;
- 170 кітап көрмесін және 12 тұсаукесер өткізу;
- 25 түрлі шаралар өткізу (ақын, жазушылар мен мәдениет басқа да өкілдерінің қатысуымен оқыту конференциялары, дөңгелек үстелдер және шығармашылық кештер);
- халықаралық кітапханалық ұйымдардың мүшелігімен халықаралық кітапхана ынтымақтастығы бойынша 8 іс-шараға қатысу;
- 40 кітапханалық, ғылыми және ақпараттық басылымдар әзірлеу;
- 2 реабилитациялық байқау өткізу;
- қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттерді сөйлету - 400 сағат.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына сатып алатындар:
- тұтынушыларға толық ақпараттар жеткізу мен толықтыру үшін түрлі білім саласындағы әдебиеттер;
- оқырмандардың жұмыс орындарын жабдықтау үшін 500 дана орындық, 500 дана стол;
- әдебиеттерді экспонаттау үшін көрме шкафтары - 20 дана;
- сирек кездесетін басылымдарды сақтау үшін сейфтер - 5 дана;
- комфортабельды жұмыс орнын құру үшін кеңсе жиһаздары - 9 комплект;
- температура және ылғалдылығын реттейтін кондиционер - 3 дана;
- компьютер - 21 комплект, сканер - 17 дана, принтер - 9 дана, жүйелі қондырғыларды техникамен жабдықтау үшін қажетті бөлімшелер - 2 дана;
- басылымдық қызметке арналған қондырғылар (резак, термобиндер) - 2 дана;
- құжаттарды ғылыми консервациялау үшін қажетті қондырғылар.
Көздері нашар көретін және көрмейтін азаматтарға арналған республикалық кітапханаға:
- қорды толықтыруға арналған әдебиеттер, оның ішінде арнайы әдебиет;
- екі процессорлық серверлік компьютер - 2 дана техникамен жабдықтау үшін;
- оқырмандар мен жұмыс орындарын жабдықтайтын жиһаздар - 2 комплект;
- зағиптарға арналған графикалық-бедерлі комплекті материалдар мен қондырғыларды шығару үшін әдістеліктер;
- аудиокассеттерге арналған грампластинкаларды көшіру аппараты.
Қазақстан Республикасының Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасына:
- қазақстандық және шетелдік баспалардың білімнің түрлі саласы бойынша әдебиеттер;
- оқырмандар мен жұмыс орындарын жабдықтау үшін жиһаздар;
- компьютерлер - 53 дана, сканер (барабанды), жұмыс орындарын жабдықтау үшін оргтехникалар;
- сурдокомпьютерлер - 2 дана, көздері нашар көретін және көрмейтін азаматтар үшін, мүмкіндіктері шектелген адамдардың жағдайын жақсарту мақсатындағы жолда қолданылатын тифломагнитофондар, оқитын машиналар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына күрделі жөндеу жүргізудің 1 кезеңі.
Соңғы нәтиже: оқырмандар сұраныстарын орындау сапасын арттыру, өзекті, тақырыптық, нақты электрондық база деректемелер қатарын құру, кітапханалар ісін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір кітапты сақтаудың орташа құны - 2205 теңге.
Уақыттылығы: көрсетілген мерзімде жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алу, интеллектуалдық, рухани қажеттіліктерін жоғарылату.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470а қаулысына 27-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-27 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Баспа мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету»
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 26361 мың теңге (жиырма алты миллион үш жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңы, 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуірдегі № 270 «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағында шығатын, сондай-ақ тапсырыс құпия емес басылымдардың бақылау даналарының негізінде баспасөз мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасындағы барлық тілде шығатын жарияланымдардың негізгі түрлеріне библиографиялық өңдеуді жүзеге асыру; республика аумағында шығатын барлық баспасөз шығармаларын есепке алуды, бақылауды және оған ғылыми өңдеуді ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 015 | | Баспа мұраға- тының сақталуын қамтама- сыз ету | Баспа мұрағатының жасақтауын қамтамасыз ету, бақылау данала- рының сақталуы, ката- лог, картотекаларды жүргізу, Мемлекеттік ұлттық кітап палата- сында басып шығарушы ұйымдардың Мемлекет- тік негізгі стандарт- тар (МНС) талаптарын сақтауына бақылау және статистикалық анықтамалықтар шығару. Материалды емес активтерді сатып алу. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігінің Ақпарат және мұрағат комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: бақылау экземпляр баспаларын 72 079 экземплярда шығару, сонымен қатар:
кітаптар, брошюралар, автореферат - 4138 баспа бірлігі;
журналдар - 3 763 баспа бірлігі;
газеттер - 56 200 баспа бірлігі;
ноталар - 150 баспа бірлігі;
ұсақ баспа - 7828 баспа бірлігі;
жырлар шығару - 48 номер 11 атпен;
материалды емес активтердің 2 комплект санын сатып алу.
Соңғы нәтиже: барлық баспалардың баспасөздерін 5 103 451 дана бойынша бақылауды және оған ғылыми өңдеуді көтеру, Қазақстан Республикасындағы баспасөздің дамуы туралы статистикалық жинақтар дайындау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір баспасөзді сақтап қамтамасыз етудің орташа шығыны - 5 мың теңге.
Уақыттылығы: елдің баспа өнімдері туралы ақпаратпен көрсетілген мерзімде қамтамасыз ету, каталог, картотекалар жүйесін енгізу, анықтау және есепке алу, сондай-ақ барлық баспа жарияланымдарына статистикалық есеп жүргізу.
Сапасы: азаматтарды мұрағат құжаттарымен қамтамасыз ету арқылы олардың ақпараттық деңгейін көтеру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470а қаулысына 28-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-28 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10480419 мың теңге (он миллиард төрт жүз сексен миллион төрт жүз он тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы; 2001 жылғы 21 маусымдағы «Салық және басқа міндетті түрдегі бюджетке төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық Кодексі); 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 24 наурызындағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының қызметін тәуелсіз және кедергісіз жүргізудің халықаралық-құқықтық кепілдігі туралы Келісімінің ратификациясы туралы» 1995 жылғы 4 қыркүйектегі № 2452 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған Стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асырудың алдағы шаралары туралы» 2003 жылғы 15 тамыздағы № 1165 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени-мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясы институтын нығайту туралы» 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1561 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Телерадио хабарлары мен мәліметтерді таратудың ұлттық спутниктік жүйесі туралы» 1996 жылғы 4 қазандағы № 1234 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салааралық бағдарламасын бекіту туралы» 2001 жылғы 29 қазандағы № 1371 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2005-2007 жылдарға арналған іс-шараларды бекіту туралы» 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2005 жылғы 5 мамырдағы № 430 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Экономиканың басымды секторларында пилоттық кластерлерді қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жоспарды бекіту туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешенін қарқынды дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясын құру туралы» 1992 жылғы 9 қазандағы Тәуелсіз Мемлекет Достастығының мемлекет-қатысушы басшыларының шешімі; «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының сұрақтары туралы» 1993 жылғы 22 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекет Достастығының Үкімет мемлекет-қатысушы басшыларының шешімі; «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының қызметін тәуелсіз және кедергісіз жүргізудің халықаралық-құқықтық кепілдігі туралы» 1993 жылғы 24 желтоқсандағы мемлекет-қатысушы басшыларының келісімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдегі экономикалық, қоғамдық-саяси маңызды оқиғаларды және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыт бағдарларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жариялау және ақпараттық-насихаттауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мына бағыттарға бағытталған теледидар және радио бағдарламаларды, жарияланымдарды әзірлеу және тарату;
елдегі болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларға ақпараттық-насихаттық белсенді қолдау көрсету;
"Қазақстан-2030" даму Стратегиясын жүзеге асыруда халықты мемлекеттің қызметі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
конфессияаралық қатынастарда қоғамдық әріптестік принциптерді, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді насихаттау және қолдау;
қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
Мемлекет басшысының "2006 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы" және "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды тездетудің жолында" Жолдауын жүзеге асыру шараларына ақпараттық-насихаттық қолдауды қамтамасыз ету;
мемлекеттің ішкі және сыртқы негізгі оқиғалары жөнінде республиканың тұрғындарына нақты, шұғыл ақпараттар беру;
кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету;
білім, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатқа ақпараттық қолдау көрсету;
елдегі азық-түлік бөлігіндегі сұрақтарды жариялау;
тұрғын үй, "электронды үкімет" және басқа мемлекеттік бағдарламаларды жариялау;
мемлекеттік тілді дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Мемлекет- тік ақпа- раттық саясатты жүргізу | | | |
2 | | 100 | Газеттер мен журналдар арқылы мемлекет- тік ақпа- раттық саясатты жүргізу | Мына тақырыптық бағыттар бойынша материалдар дайындау мен жариялау: Қазақстан Республика- сының нормативтік құқықтық кесімдерін ресми жариялау; еліміздің әлеуметтік- экономикалық, қоғам- дық саяси өмірін жариялау; Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының іске асу барысын жариялау; Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жариялау; Елдің агроөнім сала- сындағы мәселелері бойынша материалдар жариялау; Қазақстанның жағымды инвестициялық бейне- сін қалыптастыруға бағытталған материал- дарды жариялау; мемлекеттік экономи- калық саясатты ақпа- раттық қолдау; қылмыспен және сыбай- лас жемқорлықпен күресудің негізгі мәселелерін жариялау, құқық қорғау орган- дарының жағымды бей- несін қалыптастыру; білім, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласында- ғы мемлекеттік саясатты жариялау; "Мәдени мұра" мемле- кеттік бағдарламасын, "Сирек және жоғалып бара жатқан жабайы тұяқты түрдегі аңдар мен ақбөкендер сақтау және қалпына келтіру- дің 2005-2007 жыл- дарға арналған сала- лық бағдарламасын, Қазақстан Республика- сындағы тұрғын үй құрылысының 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан "Желтоқсан оқиғасына»20 жыл толуы аясында қазақ мемлекеттігінің құрылу тарихы, атаулы және мерекелік даталы күндер туралы матери- алдар жариялау; мемлекеттік жастар саясаты мәселелерін жариялау; қазақстандық патрио- тизмге тәрбиелеуге бағытталған әдеби- көркем шығармаларды орналастыру; мемлекеттік тіл сая- сатын жүзеге асыру жөніндегі материал- дарды орналастыру; мемлекеттік ұлттық саясатты, Қазақстан халықтары Ассамблея- сының, ұлттық-мәдени орталықтардың қызме- тін жариялау; нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күресті, нашақорлыққа қарсы насихатты жариялау; мемлекеттің терроризм және экстремизмге қарсы күрес, қоғамда діни экстремизм және радикализм идеяларын қабылдамауды қалып- тастыру жөніндегі қызметін жариялау; АҚТҚ/ЖҚТБ-мен күрес, халықты індеттің алдын-алу мәселелері- мен таныстыру жұмыс- тарын жариялау; елдің көші-қон саяса- тын ақпараттық-наси- хаттық қолдау, шетел- дегі отандастар мен қазақ диаспоралары- ның өмірін жариялау; шетелдегі қазақ диас- пораларын Қазақстан- ның әлеуметтік-эконо- микалық, қоғамдық- саяси өмірі туралы хабардар ету; Қарулы Күштер және әскери қызметтің жағымды имиджін қалыптастыру мен нығайтуға бағытталған материалдарды жариялау; мемлекеттің қоғамдық- саяси және әлеумет- тік-экономикалық дамуы туралы әдеби- көркем материалдарды орналастыру; салауатты өмір салтын насихаттау; құқықтық насихаттың басты мәселелерін жариялау; кіші және орта кәсіп- керлікті ақпараттық- насихаттық қолдау; отандық кітап шығару- ды насихаттау аясында әдеби-керкем матери- алдарды орналастыру; қазіргі заманның басты мәселелерін, ТМД аумағындағы интеграциялық процес- терді, ынтымақтастық елдерінің мәдени және тарихи байланыстарын жариялау; балалар және жасөспі- рімдердің патриоттық, интернационалдық, адамгершілік және рухани тәрбиесі мен өсуі туралы материал- дар орналастыру; отандық телекоммуни- кацияларды дамытуды жариялау, жаңа ақпа- раттық технологиялар- ды насихаттау; мемлекеттік ақпарат- тық саясат және БАҚ дамуының басты мәсе- лелерін жариялау; әйел мәселесі, әйел- дің қоғамдағы рөлін көтеру, гендерлік теңдік мәселелерін жариялау; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жариялау; қоғам дамуының өзекті мәселелері жөнінде әлеуметтік сатиралық материалдарды жариялау; республикалық бұқара- лық ақпарат құралда- рында мемлекеттік қызметшілердің және судьялардың әкімшілік бос лауазым орындары- на орналасуға конкур- стар туралы хабарла- малар жариялау. Президент пен Үкіметтің қызметі мен мемлекеттік ресми шетел сапарларының барысын жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің елден тыс жерлерге қызметтік іссапарла- ры. Қазақстан Республика- сы Үкіметінің веб-сайтын (www.government.kz) ақпараттық жүргізу | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігінің Ақпарат және мұрағат комитеті |
3 | | 101 | Телерадио хабарла- рын тара- ту арқылы мемлекет- тік ақпа- раттық саясат жүргізу | Мынадай негізгі тақы- рыптық бағыттар бойынша телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу, теледидар және радио бағдарла- маларын шығару және трансляциялау: ақпараттық бағдарла- маларда мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары органдарының қызметін көрсету; талдау бағдарламала- рында Президенттің, Үкіметтің, Парламент- тің қызметтерін көрсету; "Қазақстан-2030" Стратегиясын іске асыру барысын және оң нәтижелерін көрсету; халықты еліміздің заңнама базасымен, Президенттің Жарлық- тары, Үкіметтің қау- лылары, өкімдері, өзге де нормативтік құқықтық кесімдер туралы хабардар ету; Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын жариялау; елдің агроөнімдер саласындағы мәселе- лерді көрсету; ҚР ішкі және сыртқы саясатын түсіндіру және насихаттау; мемлекеттік экономи- калық және әлеуметтік саясатты ақпараттық қолдау; "Жаңа экономикалық саясат" теледидар бағдарламаларының циклін шығару; мемлекеттік ұлттық саясатты, Қазақстан халықтары ассамблея- сының, ұлттық мәдени бірлестіктердің қыз- метін, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді ақпараттық қолдау; үкіметтік емес ұйым- дардың қызметін ақпа- раттық қолдау; қазақстандық патрио- тизмді тәрбиелеу; тілдер туралы Заңның іске асуын ақпараттық қолдау; мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қолдау; балалар мен жастарды мәдени-адамгершілікке тәрбиелеу; халықты қылмыстық және сыбайлас жемқор- лықпен күрес барысы туралы хабардар ету; құқық қорғау орган- дарының, сот корпусы- ның жағымды имиджін қалыптастыру; құқықтық насихат; сайлаушылар және сайлауды ұйымдастыру- шыларды құқықтық оқыту; мемлекеттің терроризм және экстремизммен күресі жөніндегі қызметін жариялау, қоғамда радикализм, діни экстремизм және терроризм идеяларын қабылдамауды қалып- тастыру; Қарулы Күштер және әскери кәсіптің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту; есірткі бизнесі және нашақорлықпен күрес барысын көрсету, есірткіге қарсы насихат; АҚТҚ/ЖҚТБ қаупі және індеттің алдын алу жолдары туралы халықты хабардар ету; шағын және орта бизнесті, отандық тауар өндірушілерді және тауарларды, импорт алмасу бағдар- ламасын ақпараттық қолдау; мемлекеттік көші-кон саясатын ақпараттық қамтамасыз ету, шетелдегі отандастар, қазақ диаспорасының өмірін көрсету; әдеби-публицистикалық бағдарламалар; білім беру-танымдық бағдарламалар; музыкалық-көңіл көтеру; отандық дене тәрбиесі мен спортты ақпарат- тық қолдау; білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласында- ғы мемлекеттік сая- сатты жариялау; "Мәдени мұра" мемле- кеттік бағдарламасын ақпараттық қолдау; "Сирек және жоғалып бара жатқан жабайы тұяқты түрдегі аңдар мен ақбөкендер сақтау және қалпына келтіру- дің 2005-2007 жылдарға арналған са- лалық бағдарламасын; Қазақстан Республика- сындағы тұрғын үй құрылысының 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын; атаулы және мерекелік даталы күндерге ақпа- раттық қолдау; халықты төтенше жағ- дайларда өзін өзі ұстауы мен қорғану тәсілдеріне үйрету; әйел мәселесін, қоғамдағы әйел рөлін арттыру, гендерлік теңдік мәселелерін жариялау; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жариялау; халыққа денсаулықты нығайту мәселелері және салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде жариялау; көркем, деректі фильмдер, сериалдар, мультипликациялық сериалдар; қазақстан театрлары- ның спектакльдері; әлеуметтік роликтер; шет елдердің саяси, экономикалық, мәдени өмірін жариялау; "KazSat" және "Intelsat" транспон- дерін жалдау; "Мир" халықаралық телерадиокомпаниясын- да Қазақстанның эко- номикалық, саяси, мәдени өмірі туралы бағдарламаларды шығару және орналас- тыру. Қазақстан Республика- сы мен ТМД елдерінде жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік-экономика- лық және саяси бағыт- тары туралы Қазақстан мен ТМД елдерінің халықтарын хабардар ету. ТМД қатысушы елдері- нің біртұтас экономи- калық және мәдени кеңістік құрудағы Қазақстанның интегра- циялық бастамасын жариялау. Электронды БАҚ мемлекеттік тілде мынадай тақырыптық және жанрлық бағыт- тарда теледидар және радио бағдарламала- рын, деректі фильм- дерді шығару: "Қазақстан-2030" Стратегиясын іске асыру барысы туралы; құқықтық тақырыпта; жеке адам, қоғам, мемлекет қауіпсіздігі қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күрес барысы, мемлекеттің терроризм және экстремизмге қарсы күресі тақырыбында; ақпараттық бағдарла- малар; экономикалық және қаржылық тақырыптар- дағы бағдарламалар; ҚР Қарулы Күштері туралы; қылмыстылық және сыбайлас жемқорлықпен күрес барысы туралы; қазақстандық патрио- тизмді тәрбиелеу; жастар; балалар; спорттық, соның ішін- де қазақстандық спортшылардың жоғары дәрежелерін; қоғамдық өмірдегі әйелдің рөлі, гендер- лік саясат туралы; білім беру; мемлекеттік тілді үйрету; музыкалық-көңіл көтеру; ауыл шаруашылығы, Ауыл жылын қолдау туралы; мемлекеттік ұлттық саясат және Қазақстан халықтары ассамблея- сы, ұлттық-мәдени орталықтар қызметі туралы; әдеби-көркем, мәде- ниеттану сипаттағы бағдарламалар; салауатты өмір салты туралы; шағын және орташа бизнес туралы; конфессияаралық келі- сім туралы; нашақорлық, темекі шегу және алкоголизм- нің зияны туралы; әзіл-ысқақ; АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу туралы; экологияның жағдайы және қоршаған ортаны қорғау туралы; ток-шоу жанрындағы бағдарламалар; кино, театр, әдебиет және өнер туралы мемлекеттік бағдарла- маның іске асуы туралы; Қазақстан Республика- сы Астанасының құрылуы мен құрылысы туралы жариялау; көші-кон саласында тақырыптық радио бағдарламаларды өткізу; ақпараттық бағдарла- малардың сурдоаудар- масын және субтитрла- рын мемлекеттік тілде және орыс тілінде ұйымдастыру; салық заңнамалары бойынша қазақ және орыс тілдерінде телебағдарламалар мен роликтерді шығару және орналастыру. Президент пен Үкімет- тің қызметі мен мемлекеттік ресми шетел сапарларының барысын жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің елден тыс жерлерге қызметтік іссапарла- ры. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігінің Ақпарат және мұрағат комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мынадай санда материалдарды дайындау және басып шығару:
- 11040 газет жолдары, жалпы таралымы 219 454 мың дана,
- 796 баспа-есеп журналдардың беттері, жалпы таралымы 2548 мың дана;
"Қазақстан" ұлттық телеканалының ортакүндік көлемі - 16 сағат, "Қазақ радиосы" - 24 сағат, "Облыстық теледидары" (13 облыс және 1 қалалық ТРК) - 42 сағат, "Астана" радиосы - 18 сағат, "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы арқылы "Шалқар" радиосы - 18 сағат; "Хабар" - 20 сағат, "Ел арна" - 16 сағат және "Хабар" агенттігі арқылы "Caspionet" - 24 сағат, "Еуразия - бірінші каналы" - 7 сағат.