Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды орындау үшін жеке мемлекеттік эталон барлық шет елдерде, мысалы, Германияда, Францияда, АҚШ-та, Жапонияда, Кореяда және тағы да басқа елдерде бар, оларды қамтамасыз ету және дамыту мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Осылай РТВ (Германия) метрологиялық институты толығымен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындау үшін 130 мемлекеттік эталондар және 1540 адамнан тұратын қызметкерлер штаты бар.
3.2. Мемлекеттік эталондарды сүйемелдеу және оларға қызмет көрсету
Эталондар және эталондық жабдықтар өлшем құралдарының жоғары дәлдікті кешені болып табылады, оның дәлдігіне қоршаған ортаның көптеген факторлары әсер етеді (температура салыстырмалы ылғалдылық, атмосфералық қысым, діріл, электромагниттік өpic), сондай-ақ олардың уақыт өзгерісі. Көрсетілген факторлар әсерінің ерекшелігі немесе азаюы шама бірлігін сақтаудағы және мемлекеттік эталондардан көлемдерді берудегі басты міндеттердің бірі болып табылады. Бұл зертханаларға сай шарттарды құруды талап етеді (жылыту, желдету, жарықтандыру).
2006 жылдың аяғына мемлекеттік эталондар және эталондық жабдықтардың көлемі 74 бірлікке жетеді, сақтаушы-ғалымдар - 31 адам. 2004-2006 жылдар аралығында мемлекеттік эталондардың 40 бірлігінен көбіне салыстырулар (салыстырып тексеру) жүргізілді.
3.3. Шет елдердің жетекші метрологиялық институттарында
оқуды және сынақтан өтуді ұйымдастыру
Ұлттық эталондардың бар болуы, олардың жеткен өлшем дәлдік деңгейі елдегі өлшем жүйесінің реттелгені туралы куәландырады, ол өз кезегінде еліміздің халықаралық аренадағы мәртебесін, оның басқа елдердегі сауда жөніндегі серіктестер жағынан сенімін, мойындауын айқындайды.
Ұлттық эталондардың халықаралық талаптарға сай келуі, еліміздің түрлі халықаралық ұйымдарға, сондай-ақ Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (бұдан әрі - ДСҰ) кіру шартының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың алдыңғы Бағдарламаларына сәйкес жаңа эталондар алынған болатын, оларға қызмет көрсету үшін мемлекеттік эталондардың сақтаушы-ғалымдары қазіргі уақытта 1 айға жуық оқудан өтуде. Бұл оқуда негізінен теориялық курс өтеді және эталондарда практикалық жұмыс тәжірибесі бар мамандарға арналған.
Қазақстан Республикасының «Ұлттық метрологиялық институттармен берілетін ұлттық өлшеу эталондарын, калибрлеу және өлшеу сертификаттарын өзара мойындау туралы» Келісімге қол қоюына байланысты сапалы оқу және сынақтан өту міндеті анағұрлым маңызды, оның шарттарының бірі ұлттық эталондардың бірнеше түйінді салыстырулар нәтижелерінің бар болуы болып табылады, ол ұлттық өлшеу эталондарының баламалы дәрежесінің сандық қалыптасуын тудырады және нақты белгіленген әдістеме бойынша мемлекеттік эталондарды сақтаушы-ғалымдармен жүргізіледі.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын, эталон дәлдіктерін бағалау және оларды шет елдердің халықаралық және ұлттық эталондарымен салыстыру бойынша жұмыстарды жүргізу үшін осы процедураларды жүргізудің барлық міндеттерін игеру қажет.
Сынақтан өту аяқталғанда мемлекеттік эталондарды сақтаушы-ғалымдар эталондарға талдау жүргізеді, эталондар белгісіздігін есептейді, мемлекеттік эталондардың дәлдігін жоғарылату ұсыныстарымен ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебін құрайды, ол мемлекеттік эталондарды өлшеу дәлдігін жоғарылатуға мyмкіндік береді, халықаралық нарықта өлшем нәтижелерін мойындауды қамтамасыз етеді.
3.4. Өлшем құралдарын сынаудың мемлекеттік орталығын құру
Өлшем құралдарының көмегімен іске асырылатын анық емес өлшемдердің нәтижесінен азаматтар мен экономиканы қорғау мақсатында типті бекіту және мемлекеттік метрологиялық қызметпен метрологиялық аттестаттау мақсаттары үшін өлшем құралдарына сынақ жүргізу Заңда көзделген. Типтерді бекіту және метрологиялық аттестаттау мақсаты үшін сынақтар, сыналатын өлшем құралдарының функционалды міндеті және қауіпсіздік талаптарына сәйкес пайдаланудың қалыпты және төтенше жағдайындағы өлшем құралдарының анық сипаттамаларын анықтау үшін жүргізіледі.
Қазіргі уақытта физика-химиялық өлшемдер және сұйықтық пен газдар шығындары мен көлемін өлшеу саласындағы жұмыстар үшін Қазақстан Республикасына жабдықтардың көп мөлшері әкелінуде. Бұлар газ анализаторларының, спектрофотометрлердің, шығын өлшегіштердің, рН-метрлердің, хроматографтардың түрлері. Сондай-ақ соңғы уақытта кеңінен таралып келе жатқан ойын автоматтары да әкелінуде. Бұл жабдықтарды сынау, осындай жұмыстарды жүргізуге мамандандырылмаған зертханаларда, тапсырыс берушінің базасында (дайындаушы және шеттен әкелуші) іске асырылады. Халықаралық талаптарға сәйкес (ИСО/МЭК 17025:2001 басшылығы) сынақтар қажетті сынау, өлшеу және қосымша жабдықтармен жабдықталған мамандандырылған зертханаларда білікті мамандармен жүргізілуі тиіс.
Осындай жолмен, барлық керекті жабдықтармен жабдықталған өлшем құралдарын сынаудың жеке Орталығын құру қажеттілігі туындайды.
2006 жылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен климаттық, механикалық және электромагниттік үйлесімділікке сынақ жүргізу үшін жабдықтар сатып алынып, қойылған. Бірақ алынған жабдықтар әлемдегі барлық сынақтар тізімін толығымен қамтымайды. Сондықтан осы іс-шара бірнеше жылға есептелген, осы уақыт ішінде жетіспейтін жабдықтар алынып, мамандар оқытылады.
3.5. Салыстырып тексеру зертханаларын құру
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласында қолданылатын өлшем құралдары заңға сәйкес міндетті түрде салыстырып тексеруге жатады, онда салыстырылып тексерілетін өлшем құралдарының белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігі расталады және оның бұдан әрі қолдануға жарамдылығы анықталады.
Қазіргі уақытта қоршаған орта жағдайын бақылауда, сауда-коммерциялық операцияларда және сатып алушы (тұтынушы) мен сатушы (жеткізуші, өндіруші, дайындаушы) арасындағы есепте, оның ішінде тұрмыстық және коммуналдық қызмет көрсету саласында, байланыс қызметінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ медицина және қорғаныс саласындағы жұмыстарда қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеру бойынша аккредиттелген заңды тұлғалардың көрсететін қызметінің сапасы туралы күрделі мәселе тұр. Сондай-ақ қолданылып жүрген өлшем құралдарының барлығы республикада салыстырылып тексерілмеген.
Көрсетілген қызмет саласындағы өлшем нәтижелерінің дәлдігінің мемлекет үшін әлеуметтік, экономикалық және саяси маңызы бар.
Қазіргі заманғы салыстырып тексеруші және қосымша жабдықтары, жоғары білікті қызметкерлері бар салыстырып тексеру зертханаларын құруға көп қаржылық шығындар кетеді, ол коммерциялық кәсіпорындарға тиімді емес, көбіне мұндай шығындарға шамалары келмейді.
Осы іс-шара бойынша бюджеттік қаржыландыру 2005 жылдан бастап жүргізіледі. Медицина саласында салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізу үшін жабдықтың 5 бірлігі, сауда саласында - 11 бірлік, қоршаған ортаны қорғау саласында - 4 бірлік алынды. Оларды Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесі тізіліміне енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Бірақ, бұл жоғарыда көрсетілген іс-әрекет саласында қолданылатын барлық өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз.
3.6. Зертханааралық салыстыруларды ұйымдастыру және жүргізу
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді және калибрлеуді белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды және жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтері іске асырады.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу жүргізудің сапасын қамтамасыз ету үшін аккредиттелген салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларының (орталықтар) арасында зертханааралық салыстыру жүргізу қажет.
Салыстыру бақылаудың бір түрі болып табылады және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақсатында республикадағы өлшемнің тиісті дәлдігін және метрологиялық қызметтердің техникалық хабардарлығын растау үшін жүргізіледі.
Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық зертханалараралық салыстыруларды ұйымдастырады және жүргізеді, онда «Қазақстан метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы (ҚазМетрИн)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342 қаулысымен «Қазақстан метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - «ҚазМетрИн» РМК) белгіленген.
Салыстыруды ұйымдастырушы зертханалараралық салыстыруларды жүргізуге ғылыми-әдістемелік басшылық жүргізеді, оның ішінде салыстыру түрлерін анықтау, салыстыру құралдарын таңдау, салыстыру құралдары сипаттамаларын анықтау, салыстыруды жүргізу жоспарын әзірлеу, салыстыру нәтижелері кестесінің жинағын құру, салыстыру нәтижелерін талдау бар. Салыстыру нәтижелерін талдау, айырмашылықтар және зертханалар мәселелерін айқындауға және түзету іс-әрекеттерін жүргізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кері нәтижелер зертханалараралық салыстыруларға қатысушының аккредиттеу саласынан сәйкес өлшем түрлерін алып тастауға әкеп соқтырады. Ал оң нәтижелер зертхана тапсырыс берушілеріндегі сенімді қамтамасыз етеді.
Осы іс-шараны бюджеттік қаржыландыру 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Салыстыруларға 22 салыстырып тексеруші және калибрлеуші зертханалар қатысып, өзінің құзіреттілігін дәлелдеген. 2006 жылы 28 салыстырып тексеруші және калибрлеуші зертханалар үшін өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін зертханалараралық салыстырулар ұйымдастырылған.
3.7. Халықаралық талаптарға сәйкес өлшеу зертханаларын
аккредиттеу және білікті қызметкерлер даярлау
Әлемдік сауданы және экономиканы глобализациялаудың негізгі мақсаты саудадағы, өндірістегі, қаржыдағы, мамандардағы ұлттық және өңірлік кедергілерді шеттету бойынша шаралар қабылдау қажеттілігін айқындайды, бұл қазіргі кезеңдегі қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бұған 1995 жылы ДСҰ туындауы және ДСҰ шегіндегі саудадағы техникалық кедергілер (СТК) бойынша келісімнің жасалуы дәлел.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесін халықаралық жүйелермен үйлестіру және халықаралық талаптарға сәйкес өлшеу зертханаларын аккредиттеуді және қызметкерлерді дайындауды жүргізу қажет.
Бүгінгі таңда халықаралық ынтымақтастықтың негізгі мақсаты глобальды өлшем жүйесін құру болып табылады. Басқа елдердің салыстырып тексеруші және калибрлеуші зертханаларымен жүргізілетін өлшемдер нәтижесін өзара мойындау олардың жоғары құзіретінде және өзара сенімділігінде ғана мүмкін.
Осылай ғана зертханалардың тәуелділігін және құзіретін анықтау үшін сенімді қамтамасыз ету тетігі аккредиттеу болып табылады.
Халықаралық талаптар сәйкестігіне аккредиттеу өлшеу зертханаларына әлем нарығындағы техникалық кұзыреттілік пен өлшемдер нәтижелерін мойындауды көрсету мүмкіндігін туғызады.
3.8. Метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу
Қазақстан алдында тұрған ғаламдық мақсаттарға жетудің міндетті шарттары еліміздің тұрақты экономикалық өсуін, ғылымның дамуын және жаңа технологияларды енгізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Заңның 14-бабына сәйкес «ҚазМетрИн» РМК ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, осыған байланысты 2004 жылы ғылыми ұйым ретінде аттестатталған.
2004-2006 жылдар кезеңінде «ҚазМетрИн» PMК стандарттық анықтамалық деректер (бұдан әрі - САД) және ұсынылатын анықтамалық деректер (бұдан әрі - ҰАД) саласында ғылыми жұмыстар жүргізді. Отандық өнеркәсіптің және ғылымның САД қажеттілік мониторингі жүргізілген. Мұнай химиясы, тау істері, түрлі-түсті металлургия, еңбек қауіпсіздігі саласында САД және ҰАД әзірленген. Жүргізілген жұмыстар нәтижесі, 2005 жылы құрылған стандарттық анықтамалық деректердің мемлекеттік қызметі (САДМҚ) болып табылады. САД тұтынушылардың, әзірлеушілердің және САДМҚ мамандандырылған ұйымдарының тобы белгіленген.
Сондай-ақ, 2006 жылы эталон мүмкіндігін әр жақты оқуға, оның метрологиялық сипаттамасының тұрақтылығына түрлі факторлық әсерлердің әсерін зерттеуге мүмкіндік берген тегіс бұрыш бірлігінің мемлекеттік эталонына ғылыми зерттеулер жүргізілді.
Алынатын және қолданыстағы эталондардың өте жоғары дәлдігін қамтамасыз ету үшін оларды қолданысқа енгізіп қою ғана жеткіліксіз. Эталондар сипаттамаларының дәлдігіне түрлі сыртқы факторлардың әсерін зерттеу және ғылыми зерттеулер нәтижесі бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде өте жоғары дәлдікке жету мақсатында эталондарды жетілдіруді жүргізу қажет.
Алынған эталондық жабдықтарды қолдану мүмкіндігін зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу оны қолдану және пайдалану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары республикада кең орын алатын заттар мен материалдардың қасиеті мен құрамының стандарттық үлгілерінің жаңа типін құру үшін қажет. Отандық стандарттық үлгілерді пайдалану өлшем құралдарына метрологиялық бақылауды қамтамасыз етуге және шет елде шығарылатын стандарттық үлгілерді қолданысқа енгізу және алуға тұтынушылардың шығынын төмендетуге мүмкіндік береді.
3.9. Эталон орталығын ұстау
Елбасының тапсырмасын орындау үшін, Астана қаласында әкімшілік корпусы және эталондарды және эталондық жабдықтарды орналастыру үшін арнайы мамандандырылған зертханалар кешені бар Эталон орталығы тұрғызылды және қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін құру және дамыту Бағдарламаларын іске асыру барысында 1999-2006 жылдар кезеңінде республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етудің арнайы шартын талап ететін бірден-бір эталондар және эталондық жабдықтар дайындалды, олар Эталон орталығында қамтамасыз етілген.
Эталон орталығын бұдан әрі ұстау үшін оған техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету қажет.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін және экономикасын өлшемнің анық емес нәтижелерінен қорғау; сондай-ақ саудадағы техникалық кедергілерді халықаралық деңгейде өлшеу нәтижелерін мойындауды қамтамасыз ету жолымен шеттету болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері:
экономика салаларының болашақтағы мұқтаждықтарын метрологиялық аттестаттау үшін Қазақстан Республикасының шама бірлігінің ұлттық эталондық базасының қызметін дамыту және қамтамасыз ету;
республикаға әкелінетін және қолданылатын өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын анықтау тиімділігін арттыру;
республиканың өлшеу зертханаларының техникалық құзіреттілігін растау;
метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;
Эталон орталығын ұстау.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру тетігi
5.1. Мемлекеттік эталондық базаны дамыту және қамтамасыз ету
Мемлекеттік эталондық базаны дамыту үшін мемлекеттік эталондар және эталондық жабдықтар алу, қолданыстағы эталондар мен эталондық жабдықтарды жаңғырту және жете жабдықтау қажет.
Мемлекеттік эталондарды сүйемелдеу және қызмет көрсету үшін қажет:
мемлекетаралық және халықаралық, сондай-ақ шет елдік шама бірлігінің ұлттық эталондарымен салыстыру (салыстырып тексеру) жүргізу;
сатып алынатын жабдықтарды сақтау және пайдалану шарттарымен қамтамасыз ету;
мемлекеттік эталондар үшін шығын материалдарын және қосымша өлшем құралдарын алу;
мемлекеттік эталондарға жөндеу және сервистік қызмет көрсету;
мемлекеттік эталондарға қызмет көрсетуші қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Халықаралық деңгейде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік эталондарға қызмет көрсетуші қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін олардың шет елдердегі жетекші метрологиялық институттарда алты айдан кем емес оқуын және ұзақ сынақтан өтуін жүргізу қажет.
5.2. Республикаға әкелінетін және қолданылатын өлшем құралдарының
метрологиялық сипаттамасын анықтау тиімділігін арттыру
Өлшем құралдарын сынаудың мемлекеттік орталығын құру:
сынақтар және метрологиялық аттестаттау жүргізуге арналған жабдықтар алуды;
Эталон орталығының сынау зертханаларында алынған жабдықты қолданысқа енгізу және орналастыруды жоспарлайды.
Мемлекет үшін әлеуметтік, экономикалық және саяси мәні бар іс-әрекет саласында қолданылатын және номенклатуралық тізілімге енгізілген өлшеу техникасын салыстырып тексерумен қамтамасыз ету мақсатында салыстырып тексеру және қосымша жабдықтар алу жоспарлануда.
5.3. Республиканың өлшеу зертханаларының
техникалық құзіреттілігін растау
Өлшем құралдарын калибрлеу және салыстырып тексеру нәтижелеріне зертханалараралық салыстырулар жүргізу және ұйымдастыру заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері қызметкерлерін оқытуды, зертханалараралық салыстырмалы салыстырулар нәтижелерін өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және құруды, анықтамалық-ақпараттық қорды жинақтауды, байланыс және іссапар шығындарын талап етеді.
Халықаралық талаптарға сәйкес өлшеу зертханаларын аккредиттеу және білікті мамандарды дайындау үшін ИСО/МЭК 17025-2001 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» халықаралық стандарт талабына сәйкес аккредиттеуге және бұдан әрі аккредиттеуге дайындау бойынша қызмет көрсету қажет.
Зертханалардың сәйкес деңгейлерін қамтамасыз ету мақсатында білікті мамандар, сондай-ақ аккредиттеудің халықаралық жүйелер мәртебесін мойындаумен ішкі сарапшы-аудиторлар дайындау көзделеді. Оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды халықаралық үлгідегі сертификатты берумен қызметкерлерді дайындаудың жетекші халықаралық орталықтарын тартумен жүргізу керек.
5.4. Метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу
Метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу:
қолда бар эталондар мен эталондық жабдықтарды жетілдіруді, оларды қолдану саласын кеңейтуді;
стандарттық үлгілердің жаңа типтерін әзірлеуді;
жаңа стандарттық анықтамалық деректерді әзірлеуді жоспарлайды.
5.5. Эталон орталығын ұстау
Эталон орталығын ұстау:
Эталон орталығының технологиялық жабдықтарының қамтамасыз етуін және техникалық қызмет көрсетуін;
Эталон орталығының телекоммуникациялық қамтамасыз етілуін, күзетті, шаруашылық қызмет көрсетуін;
Эталон орталығын апат, өрт, жарылыс және басқа да қауіп-қатер жағдайларынан сақтандыруды жоспарлайды.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджетте қарастырылған Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін дамытуға арналған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
2007 жылға арналған қаржыландырудың қажетті көлемі 1056,108 млн. теңгені, 2008 жылға 1056,786 млн. теңгені, 2009 жылға 1057,505 млн. теңгені құрайды.
Республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес нақтыланады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Эталондық база мемлекет қауіпсіздігіне (метрологиялық тәуелсіздікке және жетістікке), шикізаттың, ресурстардың, материалдардың, өнімдердің сапасын және санын анық бағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалатын өлшемдердің дәлдігін дұрыс бағалауға кепілдік беруі қажет.
Бағдарламаны іске асыру:
халықаралық талаптардың және техникалық аса дамыған елдердің ұлттық эталондарының дәлдік деңгейіне сәйкес келетін эталондар және эталондық жабдықтардың 3 бірлігін жаңартуға және 9 бірлігін сатып алуға;
барлық мемлекеттік эталондарды сүйемелдеуге және оларға қызмет көрсетуге;
мамандарды шет елдердің жетекші метрологиялық институттарында оқытуға;
өлшем құралдарын және жабдықтарды сынау және метрологиялық аттестаттау жүргізу сапасын қамтамасыз етуге арналған өлшем құралдарын сынаудың мемлекеттік орталығын құруға және дамытуға;
салыстырып тексеру зертханаларын құруға және дамытуға және әлеуметтік, экономикалық және саясаттық мәні бар іс-әрекет саласында пайдаланылатын өлшем құралдары үшін салыстырып тексеру жұмыстарын ұйымдастыруға;
заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері арасындағы өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелеріне салыстырулар жүргізуге;
Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесін халықаралық талаптармен үйлестіруге;
нормативтік әдістемелік құжаттарды әзірлеуге (өлшеуді орындау әдістемесі, салыстырып тексеру, өлшем құралдарын калибрлеу, қателікті және өлшем белгісіздігін бағалау, САД және ҰАД растығы, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауіпсіздігі міндеттері бойынша, жаңа энергия жинақтаушы технологияларды әзірлеу, эталондарды және эталондық жабдықтарды жетілдіру бойынша ұсыныстар);
Эталон орталығындағы барлық технологиялық жабдықтардың үздіксіз және авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
8. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік
жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын icкe асыру
жөніндегі ic-шаралар жоспары
Р/с № № | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орындалуына жауаптылар | Орындалу мерзімі | Болжамды шығындар (млн. теңге) | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Мемлекеттік эталондық базаның қызметін дамыту және қамтамасыз ету |
1 | Қазақстан Республикасының эталондық базасын дамытуды қамтамасыз ету: электрлік қарсыласу бірлігінің мемлекеттік эталонын алу; платиноиридийлік ерітіндіден салмақтың мемлекеттік бастапқы эталонын алу; жарық күші бірлігінің мемлекеттік бастапқы эталонын алу; түс координаты және түстілік координатының мемлекеттік бастапқы эталонын алу; 1000 мм дейінгі ұзындықты мемлекеттік бастапқы эталонды алу; тура сызықтан және жазықтықтан ауытқуларды өлшеу саласында ұзындық бірлігінің мемлекеттік эталонын алу; жылу өткізгіштік бірлігінің мемлекеттік бастапқы талонын алу; Шор шкаласы бойынша қаттылықтың мемлекеттік эталонын алу; аэродисперстік ортадағы бөлшектердің салмақтық концентрациясының бірлігін және ұнтақ тәрізді материалдар, аэрозольдердің дисперстік параметрлер бірлігінің мемлекеттік бастапқы эталонын алу; ұзындықтың, салмақтың, абсолюттік қысымның мемлекеттік эталондарын жаңғырту және жабдықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын 10 қаңтар және 10 шілде | 2007 ж. - 410; 2008 ж. - 410; 2009 ж. - 410 | Республикалық бюджет |
2 | Мемлекеттік эталондарға сүйемелдеуді және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету: мемлекетаралық және халықаралық эталондарымен, сондай-ақ шет елдердің шама бірлігінің ұлттық эталондарымен салыстырулар (салыстырып тексерулер) жүргізу; сатып алынатын жабдықтарды сақтау және пайдалану шарттарымен қамтамасыз ету; мемлекеттік эталондар үшін шығын материалдарын және қосымша өлшем құралдарын алу; мемлекеттік эталондарды жөндеу және сервистік қызмет көрсету; мемлекеттік эталондарға қызмет көрсететін қызметкерлерді ұстау және олардың біліктілігін арттыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын 10 қаңтар және 10 шілде | 2007 ж. - 198,193; 2008 ж. - 198,193; 2009 ж. - 198,193 | Республикалық бюджет |
3 | Мамандарды шет елдердің жетекші метрологиялық институттарында оқытуды және сынақтан өтуді қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын 10 қаңтар және 10 шілде | 2007 ж. - 33,504; 2008 ж. -33,504; 2009 ж. -33,504 | Республикалық бюджет |
2. Республикаға әкелінетін және қолданылатын өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамасын анықтау тиімділігін арттыру |
4 | Өлшем құралдарын сынаудың мемлекеттік орталығын дамытуды қамтамасыз ету: сынақтар және метрологиялық аттестаттау жүргізу үшін жабдық сатып алу; Эталон орталығының сынау зертханаларынан алынған жабдықтарды қолданысқа енгізу және орналастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын 10 қаңтар және 10 шілде | 2007 ж. - 71,694 2008 ж. - 71,694 2009 ж. - 71,694 | Республикалық бюджет |
5 | Салыстырып тексеру зертханаларын дамытуды қамтамасыз ету және әлеуметтік, экономикалық және саяси мәні бар салаларда қолданылатын өлшем құралдары үшін салыстырып тексеру жұмыстарын ұйымдастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ (жинақтау); ДСМ; Қоршағанортамині | жыл сайын 10 қаңтар және 10 шілде | 2007 ж. - 68,531 2008 ж. -68,531; 2009 ж. -68,531 | Республикалық бюджет |
3. Республиканың өлшеу зертханаларының техникалық құзыреттілігін растау |
6 | Салыстырып тексеру нәтижелеріне зертханалараралық салыстырулар және өлшем құралдарына калибрлеу жүргізуді ұйымдастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын 10 қаңтар және 10 шілде | 2007 ж. - 7,183; 2008 ж. -7,183; 2009 ж. - 7,183 | Республикалық бюджет |
7 | Халықаралық талаптарға сәйкес өлшеу зертханаларын аккредиттеуді және білікті қызметкерлер даярлауды ұйымдастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын 10 қаңтар және 10 шілде | 2007 ж. -60; 2008 ж. - 60; 2009 ж. - 60 | Республикалық бюджет |
4. Метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу |
8 | Метрология саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын 10 қаңтар және 10 шілде | 2007 ж. -11,3; 2008 ж.- 11,978; 2009 ж. -12,697 | Республикалық бюджет |
5. Эталон орталығын ұстау |
9 | Эталон орталығын ұстау: Эталон орталығының технологиялық жабдықтарын қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету; Эталон орталығын телекоммуникациялық қамтамасыз ету, күзету, шаруашылық қызмет көрсету; Эталон орталығын апат, өрт, жарылыс және басқа да қауіп-қатер жағдайларынан сақтандыру жүргізу. | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | жыл сайын 10 қаңтар және 10 шілде | 2007 ж. -195,703; 2008 ж. - 195,703; 2009 ж. - 195,703 | Республикалық бюджет |
| Жиыны: | | | | 2007 ж. - 1056,108; 2008 ж. - 1056,786; 2009 ж. - 1057,505 | Республикалық бюджет |