Дала жағдайында геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің далалық жабдықталым ақшасының салық салынуға жатпайтын мөлшерлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1328 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 1079 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 155-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Дала жағдайында геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің далалық жабдықталым ақшасының салық салынуға жатпайтын мөлшері тәулігіне 2 айлық есептік көрсеткіш болып бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Дала жағдайында геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің далалық жабдықталым ақшасының салық салынуға жатпайтын мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 сәуірдегі № 443 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 12, 117-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 қыркүйектегі № 1384 және 2002 жылғы 17 сәуірдегі № 443 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы № 935 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 12, 117-құжат).
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |