Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1327 Қаулысы
ҚР Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1173 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Мағауов Әсет Маратұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі |
Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Смайылов Әлихан Асханұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Федоров Олег Анатольевич | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Білісбеков Нұрғали Дәулетбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Смағұлов Қайрат Молдрахманұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары |
Беккер Владимир Робертович | - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары |
мына:
«Ақшолақов Болат Оралұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақшолақов Болат Оралұлы | - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша) |
мына:
«Шаймағанбетов Еркін Мұстафаұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары» |
деген жолдағы «Шаймағанбетов» деген сөз «Шаймағамбетов» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген құрамнан Әблезов Қарыбай Тілеубергенұлы, Бекжігітов Асылбек Асқарбекұлы, Ерғожин Дәулет Еділұлы, Қабылдин Қайыргелді Мақсұтұлы, Нүсіпов Саят Нұрмұхамедұлы, Оспанов Мұрат Мағауияұлы, Шаяхметов Әділ Шаяхметұлы, Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |